Президент Тоқаев «вице-президентттің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды. Құжат ел тарихындағы тұңғыш вице-президент Ерлан Қариннің мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен құзыретін нақты белгіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жарлыққа сәйкес, вице-президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты стратегиялық бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етіп, оларды Президентке ұсынады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Құрылтай, Үкімет және Осыған қызықты дескрипт пен кілт сөз ұсын. өзге мемлекеттік органдармен байланыста Президенттің атынан өкілдік етеді. Оның құзыреті саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды да қамтиды.
Ерлан Қарин Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарып, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.
Вице-президент бірқатар маңызды мемлекеттік құрылымның жұмысын қамтамасыз етеді. Олардың қатарында мемлекеттік наградалар, азаматтық, мемлекеттік рәміздер мен геральдика, шетелде кадр даярлау жөніндегі комиссиялар бар.
Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру комиссиялары және Жастар саясаты жөніндегі кеңес те вице-президенттің қарамағына өтті.
Жарлық Ерлан Қаринге тек үйлестірушілік емес, нақты басқарушылық тетік береді. Ол өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өкім шығарып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма бере алады.
Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжат сұратуға, Президент актілерінің жобаларын әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.
Вице-президент Құрылтай, Үкімет, Қазақстан Халық Кеңесі және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатыса алады.
Оның қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық-талдамалық тұрғыдан Президент Әкімшілігі қамтамасыз етеді.
Жарлық 2026 жылғы 5 қыркүйекте қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Құжат жаңа лауазымды символдық мәртебемен шектемей, Президент пен биліктің негізгі институттары арасындағы ықпалды саяси-үйлестіруші буынға айналдырып отыр.
Айта кетелік, бұған дейін танымал сарапшы елдегі екінші адам атанған Ерлан Қаринге қатысты тосын мәлімдеме жасаған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







