Қытайдың беделді басылымы China Daily газетінде президент Тоқаевтың мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысы мақаласында екі ел байланысының тарихи тамыры терең, көршілік пен өзара сенімге негізделгенін айта келе, бүгінгі таңда бұл қарым-қатынас сауда-экономикалық, көлік-логистика, энергетика, мәдениет пен туризм салаларын қамтыған стратегиялық әріптестікке ұласқанын атап өтті. Президент Қазақстан мен Қытайдың былтырғы тауар айналымы 44 млрд доллардан асқанын, ал 2005 жылдан бері қытайлық компаниялардың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 27 млрд долларды құрағанын еске салды. «Қазақ-қытай қатынасының негізінде ғасырларға жалғасқан достық, сенім мен өзара түсіністік жатыр. Бүгінде осы байланыс мемлекетаралық әріптестік пен стратегиялық серіктестіктің үлгісіне айналды. Екі елді 1700 шақырымнан астам…
Автор: editor
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Ата Заңның мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуындағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент жиынды еліміздің тарихындағы маңызды белес деп атап, Конституция егемендігіміздің айнымас темірқазығы екенін айтты. «Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл – егемен еліміз үшін тарихи сәт болды. Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ежелден заңға бағынған, ар-ұятқа жүгінген ұлт екенін атап өтті. Ол Қасым…
Жаңа оқу жылында оқушыларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету трендке айналды. Биыл Алматыда тағы 200 оқушы тегін оқу құралына ие болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кәсіпкерлердің қолдауымен өтетін акция аясында 15 жыл бойы отыз мыңнан аса оқушы қажетті оқу құралдарымен жабдықталған екен. Яғни, бұл жоба 2010 жылдан бері үздіксіз жалғасып келеді. Биылғы қайырымдылық шарасына мұхиттың арғы бетінде тұратын Аманжол Рысмендиев те атсалысты. – Өзім шетелде жүрсем де елімді ұмытпай, Алматы қаласында 200-дей оқушыны қуантуға тырыстым. Оларға сыйлық ретінде мектепке керекті құрал-жабдықтарын алып бердік. Енді оқушыларымыз оқуда озат болса деген тілек бар, – дейді ол. Қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында, сондай-ақ,…
Президент Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында тарихи шегініс жасап, бұрынғы мен бүгінгінің арасында нәзік тепе-теңдік сақтап сөйледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Президенттің бұл жолғы сөзінен Назарбаев дәуірінен алыстап, жаңа саяси бағытты айқын сезіндіру мақсаты байқалды. Тоқаев «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғыдан» бастау алған қазақ заң дәстүрін бүгінгі Конституция жалғастырып отырғанын айтып, тарихи сабақтастыққа меңзеді. 1993 жылғы Конституцияның уақытша сипатта болғанын еске салған ол, 1995 жылғы құжаттың қабылдануына Назарбаевтың үлесін атап өтуді де ұмытпады. Десе де, негізгі екпінді бір адамның емес, бүкіл қоғамның үлесіне аударды. Президент сөзіндегі басты месседж соңғы үш жылдағы саяси трансформация. 2022 жылғы референдумды мысалға келтірген ол,…
KazService мұнай сервисі компанияларының одағы Қазақстан мұнай-газ саласындағы ең ықпалды тұлғалардың жаңа рейтингін жариялады. Тізімге ірі бизнесмендер, мемлекеттік қызметкерлер мен сала басшылары кірген, деп хабарлайды Ertenmedia. Рейтинг көшін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бастады. Оның салада жүргеніне 20 жылдан асқан: Chevron Texaco-дан бастап, KMG International, «ҚазМұнайГаз» компанияларында басшылық қызметтер атқарған. 2025 жылы наурызда министр болып тағайындалғалы Ақкенженов энергетиканы цифрландыру мен экспорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін қолға алған. «Ол Қазақстанның мұнай өндіру көлемін ОПЕК+ квотасына емес, ішкі мүддеге сай анықтайтынын ашық мәлімдеп, ұлттық мүдде стратегиясын алға шығарды», – деп атап өтті KazService сарапшылары. Рейтингтегі екінші орынға Қазақстанның ең бай адамдарының бірі, Назарбаевтың күйеубаласы…
Алматы облысына Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясынан ресми делегация келді. Сапар аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Цинхай провинциясы ҚКП-ның бірінші хатшысы У Сяоцзюньмен кездесті. Тараптар «Бір белдеу – бір жол» бастамасының мақсаттарын қолдайтынын білдіріп, шекаралық сауда, жасыл энергетика және ғылыми зерттеулерді дамытуға дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда өңірде қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, ал өзара тауар айналымы жыл сайын 1 млрд доллардан асып отыр. Сапар бағдарламасы аясында Цинхай делегациясының өкілдері мен Алматы облысының жеті басқармасының басшылары арасында екіжақты келіссөздер өтті. Негізгі назар практикалық ынтымақтастық тетіктеріне және бірлескен жобаларды іске қосуға аударылды. Кездесу қорытындысында тараптар экономика, энергетика,…
Алматыда ауаның ластануын азайту үшін қала орталығына ескі көліктердің кіруін шектейтін арнайы LEZ-аймақ енгізілуі мүмкін. Қалалық мәслихат заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл ретте Almaty Air Initiative қоры тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізіп, LEZ-аймаққа халықтың қалай қарайтынын анықтады, деп хабарлайды Ertenmedia. Сауалнамаға 500 алматылық қатысқан. Оның ішінде 200-і жаяу жүргінші және қоғамдық көлік жолаушылары, 200-і көлік иелері, 100-і такси жүргізушілері. Сауалнама қорытындысына сай, қала тұрғындарының жартысынан астамы (51%) LEZ-аймақтардың енгізілуін қолдаған. Қарсы шыққандардың үлесі небәрі 18% болса да, олар негізінен ескі көлік иелерінің арасынан табылған. Көлік иелері арасынан жаңа көлік мінетіндер бұл бастаманы қолдап отыр 65%. Сондай-ақ, такси жүргізушілерінің 59%-ы, жаяу…
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова «Конституция және мемлекеттілік: құқық және болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті атынан еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан адамдарға «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерейтойлық медаль еліміздің Ата заңының 30 жылдығына орай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына беріледі. «Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі, тәуелсіздік…
Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда,- деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы толық ақпаратты Primeminister.kz сайтында жарияланған шолудан оқыңыздар. Құқықтық тәртіпті және патрульдік қызметті күшейту ҚР…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласының әкімі Чан Чан Сон Қонаевта кездесіп, іскерлік әріптестікті талқылады. Кездесудің басында аймақ басшысы бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. – Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз көптеген салада сенімге негізделген шынайы әріптестік орнатты. Өткен жылдың маусым айында Корея Республикасының Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Сондай-ақ, елдеріміздің көшбасшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікке бейілділігін растады, – деді Марат Сұлтанғазиев. Әкім облыстың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырды. Оның айтуынша, Алматы облысы-Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен туризмнің…
