Автор: Асылхан Бөрібай

Орталық Азия әйелдерінің бірлігі мен даму жолына бағытталған BE WOMAN ASIA форумы айналасында туған пікірталасқа байланысты ұйымдастырушылар ресми мәлімдеме жасады. Форум комитеті әлеуметтік желіде қызу талқыланған жеке пікірге байланысты нақты ұстанымын білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді. «BE WOMAN ASIA — саясаттан тыс алаң. Достар, әлеуметтік желіде форум барысында айтылған жекелеген пікірлер қызу талқыланып жатыр. Соған байланысты нақты бір спикердің пікірі форумның, ұйымдастырушылардың һәм қатысушылардың ұстанымын білдірмейтінін атап өткіміз келіп отыр. BE WOMAN ASIA форумы саясатқа араласпайды. Біздің міндетіміз — Орталық Азия әйелдеріне дамитын, өзара ынтымақтасатын орта құру. Биыл форумда 100 спикер, 50 ментор және 30 серіктес болды, 2700 адам қатысты. Іс-шараға…

Толық оқу

Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан сарбаздың туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қызылордадан Алматы облысындағы Қарасай ауданының шекара қызметіне (ҰҚК) шақырылған 18 жастағы Нұрасыл Әнуардың ажалы әскердегі әлімжеттік мәселесін кезекті рет күн тәртібіне шығарды. Ресми диагноз менингококцемия. Менингококк бактериясы денеге тарап, сепсис тудырған. Дәрігерлердің алдын ала мәліметінше, сарбаз осы қауіпті инфекцияның асқынуынан қайтыс болған. Алайда марқұмның туыстары бұған күмән келтіріп отыр. Айтуларынша, әскерге шақырылмас бұрын Нұрасылдың денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған. «Егер оның денсаулығында ақау болса, медициналық комиссия анықтар еді. Мұндай қауіпті инфекция кемі бір тәулік ішінде белгісін беретін еді ғой. 4 қазан күні кешке аға-әпкесімен телефон арқылы тілдескенде денсаулығына…

Толық оқу

Арыс қаласында «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шара экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала мамандары, белсенді жастар, түрлі ұйымдардың өкілдері және еріктілер атсалысты. Бұл жолғы сенбілік аудандағы Теміржолшы елді мекеніндегі өзен жағасында өткізілді. Қатысушылар табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жағалау бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, өзен маңындағы арамшөптер оталып, айнала барынша тазартылды. Акция өзен-көлдер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстан арылтып, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында қолға алынған. Сонымен бірге, бұл бастама қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аударып, табиғатқа жанашырлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Түркістан…

Толық оқу

«Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында «AMANAT» партиясы «AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» панельдік сессиясын өткізді. Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды деп жазады Ertenmedia «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеп. Заманауи ақпараттық технологиялардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, жасанды интеллектті заңнамалық тұрғыда реттеу, сондай-ақ техноұлт қалыптастыру перспективалары басты назарда болды. Сессияда сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек цифрлық күн тәртібі жекелеген салалар шеңберінен шығып, еліміздің тұрақты дамуына қажет жағдайға айналатынын атап өтті. «Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы…

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдейді. Бұл Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған ғимаратқа да қатысты. Ғимарат әлі де «Қазақфильмнің» меншігінде. Оны сату туралы ресми дерек жоқ. Әр азамат пікір білдіруге құқылы. Бірақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, оның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда. Бұл қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз.

Толық оқу

Қызылжардың «Құлагер» клубында шатақ шықты. Клуб менеджері Сергей Филь ресейлік хоккейшілерге Қазақстан паспортын алып беремін деп, ақша жинап алған, деп хабарлайды Ertenmedia. Команданың төрт бірдей ойыншысы басшылықтағы Фильдің үстінен арыз түсіріп, полицияға жүгінген. Оның ішінде қыркүйек соңында клубтан кеткен ресейлік хоккейші Алексей Дерзаев та бар. Спортшылар күдіктінің қолына 500 мыңнан бір миллион теңгеге дейін ақша ұстатқан. Айтуларынша, Филь «Қазақстан паспортын әп-сәтте рәсімдеп беремін» деп уәде еткен. Алданғанын түсінген ойыншылар ақша да жоқ, азаматтық та жоқ деп шу шығарып жатыр. Қазір команда менеджерінің үстінен «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Филь бірнеше адамды алдап, олардың ақшасын қалтаға басқан.…

Толық оқу

Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллект саласындағы жаңа бастамалары туралы айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 форумында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұсынылған цифрлық әзірлемелер көрмесімен танысты. Қатысушылар арасында Sәlem Entertainment компаниясы да өзінің жасанды интеллект саласындағы жобаларын көрсетті. Бас директор және продюсер Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған генеративті контентті таныстырып, Sәlem AI бағытының дамуы туралы баяндап берді. «Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз,…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ұстаздардың мәртебесін арттыруға, кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге, білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударды. Бұл – ұстаздар қауымының қоғамдағы айрықша рөліне берілген зор баға әрі келешекке артылған үлкен сенім», – деді өңір басшысы. Салтанатты жиында білім саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрметті наградалары, облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Нариман Төреғалиев соңғы жылдары өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.…

Толық оқу

«Самұрық-Энергоның» балансында болған Бұқтырма ГЭС-і жаңа құрылымның қолына өтті. Әуелде жұрт алып кәсіпорынның кімге бұйырғанын білмей дал болған еді, кейін анықталғандай, стратегиялық актив холдинг ішіндегі Qazaq Green Power PLC-ға берілген, деп хабарлайды Ertenmedia. Kapital-ға пікір білдірген холдинг өкілдері мұны елдегі «жасыл» энергетиканы бір арнаға тоғыстыру деп түсіндіріп отыр. Бұқтырма ГЭС-інің 96,3 пайыз акциясы Qazaq Green Power PLC-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы берілген. Qazaq Green Power «Самұрық-Энергоның» 100 пайыздық еншілес ұйымы. Энергетика нарығына жаңадан қосылған Qazaq Green Power PLC осыдан үш жыл бұрын құрылып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрамына кірген еді. Осы жылдың ақпанында Өскемен және Шүлбі гидростанциялары да осы құрылымға өткен.…

Толық оқу

Қазақстандағы сауда орындарында тауарды бөліп төлеуге (рассрочка) сатса, міндетті түрде екі түрлі баға көрсетіледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Сауда министрлігі ішкі сауда ережесіне осындай маңызды өзгерістер енгізді. Енді сатушы тауардың толық төлем жасағандағы және бөліп төлеуге сатып алғандағы бағасын анық әрі ашық көрсетуге міндетті. Мұндай талап интернет-дүкендерге де қатысты. Министрлік осы арқылы жасырын үстеме ақы мен тұтынушының қалтасына салмақ түсіретін түрлі қитұрқы әрекеттердің жолын кесуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қосымша жасырын комиссия, үстеме ақы қосуға тыйым салынады. Сонымен қатар дүкендер өз сөрелерінің кем дегенде 30%-ын міндетті түрде қазақстандық тауарларға бөлуі тиіс. Жаңа ереже базарларда сауда…

Толық оқу