Кәрім Мәсімовтің бұғалтыры Айгүл Нұриеваның Дубайда элиталық пентхаусы және Тынық мұхиттың төріндегі аралда ықтиярхаты бар екені белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia. “Выход к морю” мәлім еткеніндей, Нұриева бұған дейін Кипр паспортын, Ұлыбритания мен Гонконгтың ықтиярхатын алған болса, енді Әмерикалық Самоа аралының ықтиярхатымен өзінің құжат коллекциясын толықтырған екен. Мұндай ықтиярхат оның алдағы уақытта АҚШ азаматтығын алып, Қазақстан билігіне экстрадицияланбауына мүмкіндік бермек. Арнаның атап өткеніндей Нұриева Дубайдағы қазақ элитасының сүйікті локациясына айналған Palm Jumeirah аралындағы Al Dabas кешенінен жалпы ауданы 490 шаршы метр екі деңгейлі пентхаус сатып алған. Ауданды «ескі Қазақстанның» өкілдері ерекше жақсы көреді. Бұл жерді шарлап шықсаңыз, экс-премьер Серік Ахметовтің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан халықаралық әуежайы Fly Meta әуе компаниясы арқылы Венгрияның Hungary Airlines Cargo жүк тасымалдаушы авиакомпаниясымен келісімшартқа қол қойды. Бұл келісім аясында Airbus A330 үлгісіндегі ірі жүк ұшақтары аптасына бес рет «Синьцзян – Түркістан – Будапешт» бағыты бойынша ұшады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзірге басты мақсат – техникалық аялдама жасау, жанармай құю, экипаж ауыстыру сияқты логистикалық қызметтер. Бірақ бұл кестенің астарында аймақ үшін әлдеқайда терең геоэкономикалық және геосаяси мән жатқанын аңғаруға болады. Түркістан – Орта Азияның рухани жүрегі, қазақ мемлекеттілігі мен түркі мұрасының символы. Бірақ соңғы жылдары бұл қала тек өткеннің естелігімен шектелмей, жаңа өңірлік хабқа айналу жолында нақты қадамдар жасап…
Украина Қарулы күштерінің барлау бөлімінің «Призраки» арнайы жасағы Қырым түбегінде Ресей армиясының екі бірдей Ан-26 әскери-транспорт ұшағын өртеп жіберді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл ақпаратты Украина Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасы растады. Украин сарбаздары Ан-26 ұшақтарымен қатар, жағалаулық радиолокациялық станцияны және теңіз кеңістігін бақылауға арналған МР-10М1 «Мыс М1» кешенін де істен шығарған. Ұшақтардың күлге айналған сәті видео арқылы да жария етілді. Украина армиясы бұл шабуылды 24 қыркүйек күні жасаған. Ертеңіне, 25 қыркүйек таңғы төрт шамасында Запорожье бағытында тағы бір маңызды оқиға тіркелді – украин әуе қорғанысы Ресейдің Су-34 бомбалаушы ұшағын атып түсірді. Мәскеу сол сәтте Запорожьеге бағытталған басқарылатын авиабомбаларды…
Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дара тұлғаның ғасырлық мерейтойы – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін де маңызды оқиға. Бұл дата ЮНЕСКО-ның халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енген. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. – Бүгін Париж төрінде, ЮНЕСКО-ның мәртебелі штаб-пәтерінде қазақ халқының ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы жоғары деңгейде тойлануда. Қазақ музыкасы мен өнерінің ЮНЕСКО аясында…
Ғылым ордасында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы мен Мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Иран кино және өнері түні» мәдени іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов, Иранның Алматыдағы Бас консулы Суна Ахмади, Иран мәдени орталығының басшысы Хоссейн Ағазаде, сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының, Ұлттық кітапхананың, Орталық музейдің, «Қазақфильм» киностудиясының, Дипломатиялық клубтың, Философия институтының өкілдері, студенттер мен ұстаздар қатысты. Кеш барысында ирандық режиссердің «Ағаш құшағында» фильмі көрсетіліп, қонақтар иран қолөнерінің бірегей туындыларымен танысты. Сондай-ақ Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Ағаш құшағында» (Dar Aghooshe Derakht) отбасы, махаббат пен адам рухының төзімділігін шынайы бейнелейтін драма.…
Ресейлік олигарх Шалва Чигиринскийдің даулы сұхбаты Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты жаңа әңгімелердің бетін ашты. Ол кезінде «Газпромнефтьтің» үлесін иеленген бизнесмен Юрий Дудьке берген сұхбатында Лазурный Берегіндегі аса қымбат виллаға қатысты тосын деректерді жария етті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Чигиринскийдің айтуынша, Назарбаевтың айналасы дәл осы қымбат мүлікті сатып алуға талпынып, жарты миллиард доллар ұсынған. Құны аспандаған бұл вилла 3,2 гектар аумақта орналасып, басты үйінде 15, қонақ үйінде тағы алты жатын бөлме болған. Екі бассейні, тікұшақ қонатын алаңы және бұрынғы бомбадан қорғанатын жертөледен жасалған шарап қоймасы бар сән-салтанатты ғимарат бір кездері француз басылымдарының да назарын аударған еді. Чигиринский бұл вилланы 2001 жылы…
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап «Әлеуметтік әмиян» жаңа стартап бастамасы еліміздің барлық аумағында жүзеге асырылуда. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының бөлім басшысы Майра Байбекқызы мәлімдеді. – Әлеуметтік әмиян» жүйесі – «QazaqGaz Aimaq» АҚ әзірлеген мобильді қосымша. Бұл “EGOV Mobile” қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға электрондық ваучерлер түрінде тауарлық газға жеңілдік алуға мүмкіндік береді. «Әлеуметтік әмиян» сервисі – жеңілдік алу процесін оңайлатып, оны жылдам, қолжетімді әрі ыңғайлы етеді. Қазіргі таңда 157 мыңнан астам адам қосымшаны жүктеп алып, жеке шоттарын енгізген. Бүгінде “Forte Bank” пен “QazaqGaz Aimaq” мекемелері арасында келіссөздер жүргізілуде. “Forte Bank” арқылы…
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Жетісу облысында түрлі мамандық иесіне құрмет көрсетілді. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында аймақтың экономикалық дамуына үлес қосқан 11 сала мамандары мен еңбек әулеттері, үздік ұжым қызметкерлері. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері қатысты, , – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтау сөз сөйлеп, өңірді дамыту бағытында зор үлес қосқан жұмысшы мамандық иелері атқарған жұмыстар мен алдағы жоспар жайлы кеңінен баяндады. – Өңірде жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және білікті кадр даярлау үшін барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, облыс басшысының тікелей…
Ел азаматтарының зейнетақы жинағын басқаруға берілген жеке компаниялардың жұмысы биылғы жылы ерекше назар аудартып отыр. Соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша бес басқарушы компанияның бәрі де оң табыстылық көрсетіп, тіпті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) жоғары нәтиже берген. Бұл – қарапайым салымшылар үшін маңызды жайт, себебі олардың жинағы қай жерде көбірек өсім әкелетіні тікелей болашақтағы қаржылық қауіпсіздікке әсер етеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресми деректерге сүйенсек, «Сентрас Секьюритиз» компаниясы көш бастап, табыстылығы 9,88 пайызға жеткен. Одан кейінгі орында BCC Invest – 7,1 пайыздық өсім көрсетсе, Halyk Global Markets – 5,76, Alatau City Invest – 5,69, ал Halyk Finance – 5,64 пайыз…
Түркістан қаласында тұрғындарды заманауи орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту ісі қарқынды жүріп жатыр. Бұрын тұрмыс жағдайында елеусіз саналатын бұл мәселе бүгінде қала инфрақұрылымының ең негізгі басымдықтарының біріне айналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазірдің өзінде 17 580 абонент немесе қала тұрғындарының 36,5 пайызы орталық кәріз жүйесіне қосылған. Бұл – тек техникалық көрсеткіш қана емес, халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Ertenmedia.kz порталына жеткен ақпарат бойынша қалада 27 кәріздік насос станциясы тұрақты жұмыс істеп тұр. Олар қаланың әрбір бөлігіндегі сарқынды суды жинап, тиісті жүйеге бағыттап отырады. Бұған қосымша биылдың өзінде 13 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 8 жоба…
