Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тамыз айында барлық деңгейдегі әкімдердің басын қосып, педагогтерді қызметтік міндетінен тыс жұмыстарға тартудың заңсыздығын түсіндірмек деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, әкімдер заң талаптарын жиі елемейді, сондықтан оларға заңды тағы бір мәрте түсіндіріп, ескерту қажет. «Біз педагогтерді міндетіне кірмейтін жұмысқа тартуға заң жүзінде тыйым салынғанын талай рет ескерттік. Бұл мәселені министрлік өкілдері бірнеше рет көтерсе де, аудан, қала деңгейіндегі әкімдер заң нормасына бағынбай отыр. Сондықтан тамыз айында барлық деңгейдегі әкімдерді жинап, педагог мәртебесі туралы заң бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отырмын. Қажет болса, заң мәтінінен үзінділерді де қолдарына ұстатамыз», – деді министр Мәжіліс кулуарында. Еске сала кетейік,…
Автор: editor
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» автоматтандырылған «Жария сектор» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Күнделікті баспасөз беттерінен және ресми ақпарат көздерінен оқып танысып жүргендей бүгінгі таңда барлық қылмыстық процестер цифрлану кезеңін басынан өткеріп жатыр. Бұл дегеніміз ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі-Комитет) маңызды басымдықтарының бірі — ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту, жетілдіру және Мемлекет басшысының, Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттарды уақтылы және сапалы орындау басты міндеттердің бірі болып табылады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді цифрландыру Қазақстанның қылмыстық саясатының маңызды бағытын білдіреді және ыңғайлы…
1 шілдеден бастап қазақстандық банктер, банктердің шетелдік филиалдары, Қазақстан даму банкі мен «Қазпошта» Ұлттық банкке азаматтардың шоттары мен салымдары бойынша жаңа тәртіппен есеп бере бастайды деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа ереже бойынша қаржы ұйымдары Ұлттық банкке төмендегі мәліметтерді тұрақты түрде ұсынуға міндетті: Шот немесе депозит иесі туралы ақпарат Бұл есеп әрбір жеке және заңды тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, халықаралық қаржы ұйымдары мен заңды тұлға құрмаған компанияларға қатысты толтырылады. Мәліметтерді 10 жұмыс күн ішінде беру талап етіледі. Шот немесе депозит келісімшарты туралы есеп Қаржы ұйымдары мен клиент арасындағы барлық келісімдер, соның ішінде жаңадан ашылған, мерзімі аяқталған немесе өзгеріске ұшыраған депозиттер мен…
Сауран ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аталып өтті. Бастама аясында Оранғай ауылдық округінде экологиялық тазалық шарасы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia. Аталған шараны аудан әкімдігі мен аудандық полиция бөлімі бірлесе ұйымдастырып, жергілікті тұрғындар мен жастар, еңбек ұжымдары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер атсалысты. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 7 бірлік арнайы техника тартылды. Қарашық өзенінің 7 шақырымдық жағалауы тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Сихымбай арнайы қатысып, жиналған тұрғындарға өзінің алғысын білдірді. Ол өз сөзінде табиғатты сақтау – ел болашағына деген қамқорлық екенін атап өтіп, барлық қатысушыларды осындай игі бастамаларға белсене…
Батыс Қазақстан облысы делегациясының жетекшісі, облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің төрағасы, партия комитеті хатшысының орынбасары Сюй Куньлиньмен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia. Нариман Төреғалиев өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында өткен 2-ші «Қытай – Орталық Азия» саммитінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында ҚХР Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі деп айтқанын және елдер арасындағы қарым-қатынас әрқашан достық пен ынтымақтастыққа құрылғанын атап өтті. «Қазақстан үшін Қытай маңызды қызмет салаларындағы стратегиялық серіктес. Бізді қос мемлекеттің тәуелсіз даму жолын сақтай отырып, тату көршілік пен өзара сыйластық…
Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы ҚР Бас прокурорының бастамасымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күнін» өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia. Іс-шара «Заң және Тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді жедел шешу және халықпен ашық диалог орнату мақсатын көздеді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар жергілікті атқарушы органдар да қатысты. Ашық есік күні аясында азаматтар тұрғын үй, еңбек, әлеуметтік және қылмыстық құқық салаларына қатысты сұрақтар қойып, білікті кеңес алды. Шараның ашық әрі тиімді форматта өтуіне жергілікті билік те атсалысты. Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев бұл бастаманың халыққа қажетті әрі пайдалы екенін атап өтті. «Бұл…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды Ertenmedia. Құжатқа сәйкес қаражат Риддер қаласы мен Қ. Қайсенов кентінің жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталады. Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддер қаласының жылу желілерінің ең қатты тозған 5,9 км учаскесін күрделі жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр. Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде ұзындығы 9 км жылу желілерін реконструкциялаудың екінші кезегін аяқтауға 113 млн теңге бағыттау жоспарланған. «Жалпы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жылу желілері 30 жылдан астам уақыт…
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясының ірі өндірістік және сауда конгломераттарының бірі — Jiangsu SOHO Holding Group мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өтті. Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңызды құралы ретінде өңірлердің тікелей ынтымақтастығын дамыту қажеттігін үнемі атап өтеді. Jiangsu SOHO Holding Group 380-нен астам кәсіпорынды біріктіріп, халықаралық сауда, логистика, тоқыма өнеркәсібі, «ақылды» өндіріс және қаржыландыру саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Компанияның сыртқы экономикалық операцияларының жылдық көлемі 11 миллиард АҚШ долларынан…
Арал ауданында Көкарал бөгеті қайта қалпына келтіріліп жатыр. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бөгеттің қалпына келтіру жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 14 мамырдағы аймаққа жұмыс сапарында Үкімет пен облыс әкімдігіне «Көкарал» бөгетін қалпына келтіруде шұғыл шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Осы тапсырма бойынша «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Жобаның жалпы құны – 4,5 млрд теңге. Тапсырыс беруші – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жобаның мердігері – «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы. Жобаны іске…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл жобалар аясында 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады,- деп хабарлайды Ertenmedia. Қапшағай жағалауында қонақүйі, аквапаркі, СПА-аймақтары мен жағажайы бар курорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба отбасылық демалысқа бағытталған және өңірдің туристік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналмақ. Сондай-ақ, жағалауда пайдалануға берілген жобалардың қатарында жағажай ойындарына арналған жаңа спорт кешенін атап өтуге болады. Мұнда құм төселген футбол және волейбол алаңдары, үстел ойындарына арналған аймақтар мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл – жағалау аймағын абаттандыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі әрі…
