Бүгін облыс орталығы саналатын киелі Түркістанда халықаралық World CleanUp Day аясында ауқымды сенбілік өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тазалық шарасына қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен секторлар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары, түрлі серіктестіктер мен еріктілер қатысты. Ортақ іске жұрт болып жұмылу шаһардың тазалығына деген жауапкершілікті тағы бір көрсетті. Сенбілік барысында 1000-нан астам адам және 22 арнайы техника тартылды. Бекзат Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің аралығындағы аумақта шөп шабылып, жаяу жүргінші жолдары тазартылды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындарды тазалық жұмысына белсене қатысуға және өздері тұратын аумақты таза ұстауға…
Автор: Асылхан Бөрібай
Кунгурская көшесінде Оспенко көшесінен Тынышбаев көшесіне дейінгі аралықтағы жаяу жүргіншілерге арналған серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба аясында аумақ толық жаңартылып, кешенді жұмыс жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолына кеспе тас төселді, жиектастар орнатылды, асфальт жабыны салынды. Онымен қатар шағын сәулет нысандары қойылып, сыртқы жарықтандыру желісі тартылды, қоршаулар орнатылды. Аумақты көркейту барысында жасыл желек санитарлық мақсатта ретке келтірілді. Суару жүйесі жүргізіліп, көгалдандыру аймақтары белгіленді, бұталар отырғызылды. Қазір жаңарған кеңістік шағынаудан тұрғындарының күнделікті серуендеп, тынығатын сүйікті орнына айналып отыр.
Шығыс Қазақстандағы Маралды ауылының тұрғындары ірі қараның белгісіз себеппен қырылып жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды Ertenmedia. Ауыл халқының айтуынша, ірі қара жергілікті өзен суын ішкен соң өле бастаған. Өзеннің жоғарғы тұсында алтын өндіретін кәсіпорын орналасқан. Бағалы металл өңдейтін зауыттың құрылысы төрт жыл бұрын басталған. «ВСАМ Продакшн» ЖШС кәсіпорынды ауылдың дәл үстіндегі тау басына тұрғызған. Ашық дереккөздерге сәйкес, компанияны Айбек Әлібекұлы басқарады. Әуел баста жергілікті тұрғындар зауыттан шығатын улы зат суды бүлдіріп, ауаны ластайды және тас көшкіні болады деп қауіптенген. Кәсіпорын басшылығы өз кезегінде жоба барлық экологиялық талапқа сай, ешқандай зиян келмейді деп сендірген-тұғын. Зауытта алтынды кеннен бөліп алу үшін цианид секілді…
Алматыда Justking31 лақап атымен танымал блогер Нұрбек Нұртаза заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін айыппұл арқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, оның парақшасында күн сайын екі қабатты үй, смартфон және ақшалай жүлде ойнатылып отырған. Қатысу үшін азаматтар «Oilan Lab» ЖШС ұсынған «оқыту курсына» 29 990 теңге төлеуге міндеттелген. Ал жеңімпаздар кездейсоқ тәсілмен, нақтырақ айтқанда «Ғажайып алаң» құрылғысы арқылы анықталған. Тергеу материалдары Сауда және спорт министрлігінің лотерея қызметін реттеу комитетіне жолданған. Нәтижесінде блогер әрекеті Әкімшілік кодекстің 445-1-бабына, яғни лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу талабына қайшы деп танылған. Сот шешімімен Нұрбек Нұртазаға 300 АЕК көлемінде, яғни 1 179 600 теңге…
Киевте Қазақстан мен Украина полициясының бірлескен операциясы нәтижесінде deepfake технологиясын қолданған ірі алаяқтық call-орталығы әшкереленді деп хабарлайды Ertenmedia. Қылмыстық топ өкілдері өздерін адвокат немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, Қазақстан, Еуроодақ пен ТМД елдерінің тұрғындарына хабарласқан. Олар жалған инвестициялық платформаларға алданып қалған азаматтарға қаржысын қайтарып береміз деген желеумен хабарласып, «сот алымдары», «комиссиялар» секілді түрлі төлемдер жасауды талап еткен, кейде тіпті жәбірленушілердің несие алуына итермелеген. Сенімді болу үшін алаяқтар deepfake технологиясын пайдаланып, жалған бейнеқоңыраулар мен жалған құжаттарды көрсеткен. Қазірдің өзінде олардың әрекетінен Қазақстан азаматтары да бар, 4,5 мыңнан астам адам зардап шеккені белгілі болды. Шығынның жалпы сомасы төрт миллион доллардан асады.…
Президент Тоқаев әлемдік саясаттың ең күрделі кезеңінде Нью-Йоркке, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына аттанып барады деп хабарлайды Ertenmedia. Халықаралық қатынастар тығырыққа тірелген тұста, әлемдік қауымдастық ірі державалардың текетіресі мен ядролық соғыс қатерінің өсуіне алаңдаулы. Оның үстіне, бүгінгі дәстүрлі институттар жаһандық мәселелерді шешуде дәрменсіздік танытуда. Осыдан бірнеше күн бұрын халыққа жолдауында президент БҰҰ-ны түбегейлі реформалау қажеттігін атап айтқан еді. Orda порталымен ой бөліскен депутат Ерлан Саировтың пайымдауынша, Тоқаев әлемдік тәртіпті жаңаша құруға қатысты тың әрі батыл ұсыныс айтады. Пікірінше, дәл осы мәселеде Қазақстан басшысының беделі ерекге. Ол бұған дейін халықаралық дипломатияның ең жоғарғы сатыларының бірінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. Халықаралық…
Алматы қаласы күні қарсаңында шаһардағы №5 қалалық клиникалық аурухана базасында жаңа медициналық орталықтар ашылып, заманауи диагностикалық емдеу әдістері енгізілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталықтар мыңдаған алматылыққа медициналық көмекті жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауруханада Профилактикалық скрининг орталығы жұмысын бастады. Енді тұрғындар бір сағат ішінде «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді тексеруден өтіп, мамандардың кеңесін ала алады. Мұндай тәсіл ауруларды ерте анықтау мен денсаулықты сақтауға айтарлықтай мүмкіндік береді. Диспансерлік науқастарға ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда созылмалы ауруларды басқару орталығы ашылды. Онда телемедицина технологиялары қолданылып, пациенттердің денсаулығын қашықтан бақылауға және үйден шықпай тексеруден өтуге жағдай…
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының апорт алмасын жандандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Аталған жоспар Талғар ауданында өткен дәстүрлі «Бақ күні» шарасында жария етілді. Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен форумда бағбандар мен ғалымдар жеміс ағаштарын көбейту, жаңа сұрыптарды енгізу, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды пайдалану бағытында пікір алмасты. Шара ғылым, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды. Тыныбай Шынтасов, шаруа қожалығының жетекшісі:«Қазақстандағы селекцияның жағдайы, инновацияның жағдайы сәл де болса өзгеріс бар. Оған шүкіршілік айтамыз. Бірақ мына подвой деген дүниеде біз өңкей ескі подвойларды пайдаланып жатырмыз».…
Түркістан өңірінде биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» нақты мазмұнға ие болып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып келеді. Бұрыннан қалыптасқан түсінік бойынша қол еңбегі – екінші кезектегі кәсіп секілді көрінетін. Ал қазір заман өзгеріп, еңбек адамының мәртебесі қайта жаңғырып жатыр. Өйткені елдің экономикасын алға сүйреп отырған да, жаңа өндірістерді іске қосып жатқан да осы мамандар. Түркістан облысында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мұның айқын дәлелі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмысшы мамандықтарының қадірін арттыру үшін оқу орындары мен өндіріс ошақтары тығыз байланыс орнатып отыр. Мәселен, Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы ұйымдастырған шара аясында Түркістандағы көпсалалы колледждердің…
Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды. Дубайда өткен 28-ші Конгресс аясындағы сайлауда еліміз 110 дауыс жинап, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азия өңірінен кеңеске енген алты мемлекеттің қатарына кірді. Бұл қатарда Польша, Сербия, Украина, Болгария және Әзербайжан бар. Мұндай шешім Қазақстанның халықаралық беделіне деген сенімнің айқын көрінісі болып отыр. Пошталық операциялар кеңесі – жаһандық пошта жүйесінің жүрегі. Ол электронды сауданың трансшекаралық ағымын дамытуға, пошта логистикасын цифрландыруға, жаңа стандарттар енгізуге және қызмет сапасын арттыруға жауапты. Қазақстанның осы алаңға қосылуы еліміздің тек қана аймақтық деңгейде емес, жаһандық деңгейдегі ойыншыға айналып келе жатқанын аңғартады. Бүгінгі таңда электронды сауда шекарасыз жүріп…









