Автор: Асылхан Бөрібай

2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады,- деп хабарлайды  Ertenmedia Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн дана тауық жұмыртқасы (+1,2%) өндірілді. Мал басы: ірі қара – 8,6 млн (+0,2%), жылқы – 4,5 млн (+6,3%), түйе – 299,8 мың (+4%), құс – 46,9 млн (+2,8%). Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде де айтарлықтай өсім тіркелді:…

Толық оқу

Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топ ұзақ жылдар бойы алкоголь саудасындағы табысты компанияларды рейдерлік жолмен басып алып, заңсыз жолмен байлыққа кенелген деп хабарлайды Ertenmedia. Атышулы топтың нысанасына ең алдымен Алматыдағы ірі кәсіпорынның бірі Profit Trade Group іліккен. Компания қожайыны, кәсіпкер Видади Ахмедовтың тұрақты табысына көзі түскен Қоспаев, кәсіпті иемденудің жоспарын алдын ала құрады. Арнайы адамын ішке енгізіп, бизнестің ішкі есебін, табыстың нақты ауқымын мұқият зерттеп, барлау жұмыстарын жүргізген. Артынша Ахмедовпен кездескен Қоспаевтың адамдары «іскерлік әріптестік» ұсынған. Алайда ұсыныстың астарында қорқытып-үркітіп, күш көрсетумен компанияны түгел тартып алу ниеті жатты. Өміріне қауіп төнгенін сезген Ахмедов ақыры өз кәсібін еріксіз беруге мәжбүр болады. Бұған…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады. Жиынға қала әкімдігі, аумақтық органдар, сарапшылар, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, Ассамблея мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Дархан Сатыбалды Алматының елдегі ең ірі мегаполис екенін айтып, оның ғылым мен білімді дамытудағы рөліне тоқталды. – Алматы Президент белгілеген цифрлық трансформация мен жасанды интеллектке көшу бағытында ерекше рөл атқарады, – деді әкім. Қалада IT нарығы қарқынды дамып жатыр. Еліміздің бұл саладағы қызметінің жартысынан көбі Алматыға тиесілі. Нарық көлемі бүгінде 4 трлн теңгеге жеткен.…

Толық оқу

Түркістан облысында еңбек адамының абыройын көтеру мен нақты кәсіби маман даярлауға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» қағаздағы ұран емес, өңірдің еңбек нарығындағы нақты өзгерістердің бастауы болды. Түркістанда осы бағыттағы жұмыс көзге көрінерлік нәтиже беріп, мыңдаған жас өз болашағын техникалық және өндірістік мамандықтармен байланыстыра бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында атқарылған істер мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды. Әкім әр аудан мен қала басшылығына жұмысты тек есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін ұйымдастыруды тапсырды. Оның айтуынша, жұмысшы мамандығы – бүгінгі…

Толық оқу

Түркістан облысында еңбек нарығын тұрақтандыру мен халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Өңірде жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, мыңдаған азамат нақты жұмыс табуға мүмкіндік алды. Бұл шаралар тек есеп үшін емес, әрбір адамның өз әлеуетін ашып, табыс табуына жол ашатын нақты қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жыл басынан бері ұйымдастырылған жәрмеңкелерге 1 257 жұмыс беруші қатысып, барлығы 6 841 бос жұмыс орнын ұсынған. Нәтижесінде 6 761 азамат осы жәрмеңкелерге қатысып, 2 344 адам нақты жұмысқа жолданды. Оның ішінде 878 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 735 азамат…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, жастар, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қатысты,- деп хабарлайды  Ertenmedia Аймақ басшысы Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша тапсырмалар жүктеді. «Мемлекет басшымыз экономиканың салаларын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданып, елімізді одан әрі өркендетудің, әлеуметтік-экономикалық, инновациялық дамытудың жаңа бағдары айқындалды. Жаппай цифрландыру арқылы отандық экономиканы әртараптандыру, кешенді түрде жаңғырту көзделген. Алдағы үш…

Толық оқу

Президент Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдап, елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы есебін тыңдады деп жазады Ertenmedia. Кездесу барысында Асылов қоғамда үлкен резонанс тудырған, мемлекеттік мүддеге қатысты және азаптауға байланысты қылмыстық істерді тергеу барысын баяндады. Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық істі жолдап, нәтижесінде 112 адам сотталған. Қазіргі таңда 80 істі тергеу жалғасуда. Арнайы прокурорлар тергеген істер бойынша мемлекетке келтірілген 14,4 млрд теңге шығын өтелген. Сондай-ақ Бас прокурор қылмыстық жолмен табылған қаражат пен мүлікті анықтап, оларды ел экономикасына қайтарудың жаңа тәсілі туралы баяндады. Жалпы, биыл прокурорлар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құны 105 млрд теңге болатын мүлікті бұғаттаған. Оның ішінде есірткі қылмысы…

Толық оқу

Талдықорғанда жекеменшік балабақшада балаларға жәндік араласқан тамақ бергені белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia КТК телеарнасына сілтеме жасап. Балаларының жейтін асына алаңдаған ата-аналар балабақша асханасынан тарақан араласқан тоқаш, ботқадағы құрт пен нан бетіндегі ұсақ шыбын-шіркейлерді видеоға түсірген. Сондай-ақ ас бөлмесіндегі қабырғалар көгеріп, еден лас, азық-түліктің бетімен жәндіктер жүретінін дәлелдеп көрсеткен. Оның үстіне, ата-аналар балалардың тамағы өте аз мөлшерде берілетінін де айтып шағымданған. Осыдан кейін санитарлық қызмет өкілдері жоспардан тыс тексеру жүргізді. Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Нұрмұхамбет балабақшада санитарлық талаптардың өрескел бұзылғанын растады. Тексеру аяқталып, жауаптыларға шара қолданылатынын жеткізді.

Толық оқу

Қазақстанда Baqylauda арнайы цифрлы сервисін енгізуге байланысты жұмыс жалғасып келеді. Аталған платформа онлайн режімде мемлекеттік қолдау түрлерін толық көруге мүмкіндік береді. Ведомство мемлекеттік қолдау түрлерін жедел қадағалау үшін олардың барлығын (бүгінде олардың жүзден астам түрі бара) біріктірді: мемлекеттік қаражат нақты қайда жұмсалып жатыр және оның нәтижесі қандай? Бұл тәсіл мемлекеттен бөлінетін қаражаттың тиімділігін арттыруы тиіс. ҚР Қаржы министрлігі Baqylauda сервисін Qoldau.kz цифрлы платформасында орналастырды. Бүгінде жүйеге кейінгі 10 жылдағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жүктеліп жатыр. Осы жұмыс аяқталған бойда арнайы талдау мемлекеттік қолдау құралдарының тиімді немесе тиімсіз екенін көрсетеді. Аталған жүйенің көмегімен жеңілдіктердің, субсидиялардың немесе басқа да құралдардың тиімділігін, оларды…

Толық оқу

Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті,- деп хабарлайды  Ertenmedia Редакция алқасы жалпы дауыс беру арқылы одан әрі баспаға дайындау үшін басылымның екінші томының қолжазбасын бекіту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жеті томдық еңбектің үшінші томының мазмұнын талқылады. Авторлар ұжымының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Аймақтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев басылымның тұжырымдамасы, мазмұны және құрылымы жөнінде баяндама жасап, «Алтын орда» деп аталатын үшінші томның ерекшеліктері мен жаңалығын атап өтті. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас…

Толық оқу