Соңғы күндері әлемжеліні дүрліктірген Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны туралы» қауесетке шенеуніктің өзі жауап берді. Министр бүгін Парламент ғимаратында көпшілік алдына шығып, журналистермен ашық тілдесті деп хабарлайды Ertenmedia. Тілшілер Нұртілеуден не себепті қауесет тараған бойда видеоүндеу жазып, ақпаратты жоққа шығармағанын сұрады. Бұған министр қысқа әрі нақты жауап қатты: «Маған (кеңсеме) кім келді? Менен мән-жайды кім сұрады? Күндегіше жұмыс орнымда болдым. Әдеттегідей қызметімді атқардым. Жұмыс бабымен кездесу өткіздім, шетелдік әріптестермен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі бұрынғыдай. Біз құқықтық мемлекетпіз. Қазақстан зайырлы ел. Арнайы органдар бар, қажет болса солар айналыссын. Өз басым бұл мәселені көңіліме алған жоқпын. Тіпті, Жолдаудан кейін шетелге…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қарағанды облысындағы Күйректікөл кенішінде сирек кездесетін металдардың қоры бұрын болжанғаннан әлдеқайда көп екені белгілі болды. Геологиялық барлау жұмыстарының жаңа дерегі бойынша, кеніштің коммерциялық тұрғыдан тиімді қоры бастапқыда айтылған 20 млн тоннадан асып, 28,2 млн тоннаға жеткен деп хабарлайды Ertenmedia. 2022 жылы басталған барлау жұмыстары барысында геологтар тереңдігі 300 метрге жететін төрт негізгі учаскеден церий және өзге де сирек кездесетін металдардың жоғары концентрациясын тапқан. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің айтуынша, зерттеу кезінде аймақтың басқа бөліктерінен алтын, мыс пен вольфрамның жаңа кен орындары да анықталған. «Қазірдің өзінде шетелдік компаниялар осы бағытта зерттеулер жүргізіп жатыр. Мұның арқасында өңірдің минералды шикізат базасы кеңейіп,…
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл шешім тек бір ойынның нәтижесі емес, тұтас футбол жүйесіндегі кемшіліктер мен сәтсіздіктерді, дайындық пен жоспардың әлсіздігін көрсетіп берді. Әлиевтің өзі жауапкершілікті мойнына алып: «Бұл жеңіліс – менің кінәм. Президентке барып, дереу отставкаға кететінімді айтамын» деді ол. Жанкүйерлердің жүрегін жаралаған Бельгиядағы ойында Қазақстан құрамасы алаңда әлсіздік танытты. Тек есеп қана емес, ойынның өзі де үмітсіз болды. Бес матчтың қорытындысында небәрі үш ұпай жинап, Лихтенштейннен жеңіс алғаннан басқа жетістік жоқ. Ал Уэльс пен Солтүстік Македонияға екі реттен ұтылып, әлемдік…
Түркияның ең ірі қаласы Стамбулда халық наразылығы қайтадан өршіді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған себеп сот шешімімен оппозициялық Халық-республикалық партиясының қалалық бөлімшесінің жетекшілігі қызметінен шеттетіліп, партия лидері, бұрынғы қала әкімі Экрем Имамоглуның қамауда қалуы. Наурыз айынан бері үйқамақта отырған Имамоглуға шілде айында 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Бұл шешім оппозициялық электорат үшін ғана емес, жалпы демократия мен саяси әділеттілікті талап ететін қарапайым халық үшін де ауыр соққы болып тиді. Стамбул көшелерінде халықтың сабыры таусылғанын айқын көрсеткен көрініс – кастрөл акциялары. Жүздеген адам өз үйінің терезесінен, балконнан ыдыс-аяқпен тарсылдатып, билікке деген қарсылығын білдірді. Мұндай қарапайым әрі символдық…
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады деп хабарлайды Ertenmedia Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президенттер бірінші кезекте сауда-экономикалық байланысты арттыру мәселесіне ерекше мән берген. Былтыр қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 15%-ға өскен. Тараптар сауда мен инвестиция саласындағы оң динамиканы жалғастыруға мүдделі. Бұл ретте азаматтық авиация, минералдық ресурстар, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар мен білім беру салаларында бірлескен жобаларды дамыту жоспарда бар. Ай соңында өзбек делегациясының ірі америкалық компаниялармен кездесуі күтілуде. Телефон әңгімесі барысында қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмады. Президенттер терроризм, экстремизм және заңсыз көші-қонмен күрестегі…
Шолпан-Атада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында су ресурстарын пайдалану мен электр энергиясын жеткізуге қатысты маңызды келісімдерге қол қойылды деп хабарлайды Ertenmedia ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. Құжаттарға сәйкес, Токтоғұл су қоймасынан қажетті мөлшерде су жіберу үшін Қазақстан мен Өзбекстан Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізіп отырады. Сондай-ақ тараптар Ресейден Қырғызстанға Қазақстан аумағы арқылы электр энергиясын транзиттеу шарттарын бекітті. Мұның бәрі Токтоғұл су қоймасындағы судың деңгейін тұрақты ұстап, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін вегетациялық кезеңде үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралар. Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан арасында жеке келіссөздер өтіп, тараптар 2026 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі энергетикалық…
АҚШ президенті Дональд Трамп әзірде ғана Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сауда мәселесіне қатысты жемісті әңгіме өрбіткенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. Ақ үйден шығып бара жатқан сәтте журналистерге қысқаша жауап берген Трамп әңгіменің жай-жапсарын толық ашпағанымен, пікір алмасудың «өте жақсы өткенін» жеткізді. Екі ел арасындағы бүгінгі диалогтың маңызы зор. Себебі өткен айдан бастап АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын. Осыған орай, Президент Тоқаев бұған дейін Трампқа жолдаған хатында екі тарап арасындағы сауда мәселелерін талқылауға дайын екенін айтқан еді. Жалпы, АҚШ пен Қазақстанның өзара тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда аздап өскен.…
Осы аптаның басты кино жаңалығы сөзсіз, Qaitadan фильмі. Қазақ киносының көкжиегін кеңейткен, техногенді апат тақырыбын фантастикамен ұштастырған туынды көпшіліктің назарын аударып отыр деп хабарлайды Ertenmedia. Фильм авторлары режиссер Думан Еркімбек пен сценарийші інісі Асылбек Еркімбек. Осыған дейін сериал түсіріп келген ағайынды Еркімбектер үшін бұл үлкен экрандағы дебюттік жұмыс. Киноның түсіріліміне мемлекеттік бюджеттен Ұлттық киноны қолдау орталығы арқылы 190 миллион теңге бөлінген. Көптеген бюджет қаржысына түсірілген фильмдерден айырмашылығы Qaitadan коммерциялық табысқа жетуге де қауқарлы екендігін дәлелдеп үлгерді. Тағы бір ерекше тұсы фильм авторлары шетелдік картиналарға сілтемені жасырмаған. Керісінше, әйгілі Groundhog Day (День сурка) фильмінің сюжетіне құрметпен қарайтынын ресми түрде ашық айтып…
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Индустриялық аймаққа барып, бірнеше маңызды жобаның қалай іске асып жатқанын көріп қайтты. Қаладағы өндіріс орындары көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуы үшін атқарылып жатқан жұмыстар әкімдік тарапынан жіті бақылауда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар кезінде Олжас Смағұлов ең алдымен «Qazaq Prom Stroy» зауытына барды. Мұндағы құрылыс жоспардағы мерзімнен кешігіп қалған. Әкімнің орынбасары жұмыстың баяу жүріп жатқанын ескертіп, құрылысшыларға нақты тапсырма берді. – Кестеден қалуға жол жоқ, жұмысты жеделдету қажет, – деді ол нысан басында. Осындай тапсырма «TMT Group» компаниясы салып жатқан балық өңдеу зауыты бойынша да берілді. Бұл…
Тимур Құлыбаев мұнай саласынан түбегейлі кетуге бел буған сыңайлы. «Күйеубаланың» қолындағы ең табысты актив «Каспий мұнай» компаниясы батыстық инвесторға өтетін болды деп хабарлайды Ertenmedia Energy Monitor басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хабарлама жіберген. Ақпарат бойынша, мәміле жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Сатып алушы Қазақстанда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан батыстық инвестор. Бұдан бөлек, «Алмэкс Плюс» компаниясына тиесілі «Аңсаған» кенішінің игеру құқығын сату мәселесі де күн тәртібінде тұр. Жылына 1 млн тонна мұнай өндіріп келген «Каспий мұнай» бюджетке төлеген салығы бойынша ең тиімді кәсіпорындардың бірі еді. Оның алдында тек Теңізшевройл (ТШО) мен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг…
