Жуырда әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың ісі бойынша күдіктілер бір камерада туған күн тойлағаны жайлы видео тарап кетті. Жәбірленуші тараптың адвокаттары күдіктілер неге бір камерада отыр деген сауалға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қоғамда дау туғызған осы видеодан кейін Шерзат Болаттың отбасының адвокаттары баспасөз мәслихатын өткізді. «Заңға сәйкес бір қылмыс бойынша күдіктілер бір камерада отыра алмайды. Шерзаттың өліміне күдіктілер қалайша бір камерада отыр?»- деп сұрады журналистер адвокаттардан. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Адаевтың сөзінше, бұл жайт, шынымен де, заң бұзу болып саналады. «Алматы облысының Полиция департаментіне сауал жолдадық, онда күдіктілер қайда ұсталатыны, қандай мекемелерде, қандай уақытша ұстау изоляторларында отырғаны туралы мәлімет…
Автор: editor
16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот қашан басталуы мүмкін екені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Адвокаттың мәлімдемесі Жәбірленуші тараптың адвокаты Саида Тәукелеваның айтуынша, қорғаушы тарап іс материалдарын зерттеп үлгерген. «Үлкен көлемде болғанына қарамастан, қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтадық. Қазір екінші тарап қылмыстық іс материалдарын зерттеуге кірісті. Олар зерттеуді аяқтаған кезде тергеу органы бізге хабарлайды. Кейін сот отырысы қашан басталатыны түсінікті болады. Бірақ болжам бойынша наурызда іс сотқа берілуі мүмкін. Наурызда Шерзат Болаттың өлімі бойынша тыңдаулар басталуы мүмкін», — деді ол. Оқиға хронологиясы 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдікпен…
Шерзат Болаттың ісі бойынша күдіктілерден ұялы телефон, Алиса құрылғысы тәркіленген. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia Ulysmedia-ға сілтеп. Адвокаттар құқық қорғау органдарына сұрау жіберген. Желіде тараған оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы уақытша ұстау изоляторында болған. Адвокат Ерлан Адаевтың сөзінше, бұл жағдай бойынша құзырлы органдардан толық ақпарат сұратқан. «Еңбекші қазақ ауданындағы лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс аяқталды. Қорытынды Алматы облысысың полиция департаментіне жіберілді. Іске қатысты лауазымды тұлғалардың бәрі де анықталды. Олар тәртіптік комиссия шешімімен жазаға тартылады. Тергеу изоляторында қолданылған заңсыз заттардың бәрі – мобильді телефон, Яндекс-колонка тәркіленіп, қызметтік тергеу матерталдарына тіркелді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді», – деді ол. Бұған дейінгі оқиға Айта кетейік, Шерзаттың…
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекетаралық іздеуде жүрген Тимур Сәдуақасов соттан жасырынбақ болған кезде ұсталған. Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Тимур Сәдуақасов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталған. Оған Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Сәдуақасов тергеу изоляторына қамауға алынған. Қазір оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалып жатыр», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Сәдуақасовқа алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған болатын. 2023 жылы шілдеде Сәдуақасов және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат Құрманбаев…
Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. «Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ВЖТТ Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады», — деп жазылған хабарламада. 10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданған. Шахтадағы төтенше жағдай туралы 2023 жылғы 28 қазанда Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада барлығы 252 адам болған, 205 адамды жер бетіне шығарып үлгерген. Қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза тапты.
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында концертке мұғалімдерден мәжбүрлі түрде ақша жиналып жатқаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Хат мәтінін танымал журналист жариялады. «Айбек Қайбулла деген әнші Қордайға келеді екен. Билет өтпей жатыр екен, соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауға тиіс? Қордай аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы, неге мектептерге бөліп тастайды, билеті өтпесе де біз кінәліміз бе? Қайырымдылық концерт болса бір жөн», — деп жазылған хатта. Мәселеге Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы жауап берді. Оның сөзінше, Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті баяндалған жағдай бойынша тексеріс жүргізеді. «Заңбұзушылықтар расталған жағдайда заңнама шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік…
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалының жұмысымен таныстырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді»,– деді Н.Нәлібаев. Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «AirAstana»,…
Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Ол 1989 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған. 2011-2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор; 2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер; 2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы; 2019-2020…
Алматы әкімдігі мен Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air China арасында рейстерді ашуға жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Құжатқа Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында және China National Aviation Holding Company президенті Ма Чонсянь мырзамен кездесу кезінде қол қойды. «Алматы — Бейжің» және «Алматы — Чэнду» жаңа әуе рейстері ашылады деп күтіліп отыр. Биыл Қытайдан туристік ағынның өсуі күтілуде, бұл Алматының мәдени және іскерлік орталық ретінде дамуы үшін маңызды. Жаңа бағыттарды іске қосу маусым айына жоспарланған. Алматы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастырып отыр. Биыл қалаға 2,3 миллион турист, оның ішінде 700 мың шетелдік қонақ келеді деп болжанған. Өткен жылы…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар баяндалып, қыс мезгілінде жолдардағы қауіпсіздік пен жолдардың сапасы, жылыту маусымының өту барысы сараланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Аймақ басшысы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. «Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың іске асуы қатаң бақылауда тұр. Әрбір істі аса жауапкершілікпен орындау керек. Өткен аптада 6 ауданды аралап шығып, тазалығын да зерделедік. Алдағы уақытта да тұрақты түрде қадағалап тұрамыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы үйлестіре алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралады. Тәртіп пен жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық сауаттылықты көтеру қажет», – деді Нұралхан Көшеров.…