Автор: editor

Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданының  тұрғындарын алдап соққан алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғынынан шағым түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, 35 жастағы әйел сенімге кіріп, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деген сылтаумен олардың ірі көлемдегі қаражатын иемденіп кеткен. Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асады. – Қазір 40-тан астам алаяқтық дерегі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады полицияда. Қазір күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Облыстық полиция басқармасы азаматтарды зейнетақы жинақтарын шешіп беру, несие рәсімдеп беру немесе…

Толық оқу

Қонаев қаласында құрылыс нысандары, сауда павильондары мен абаттандыру ахуалына бірлескен мониторинг жүргізілді. Тексеру ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 25-бабына сәйкес ұйымдастырылды. Шара Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және қалалық прокуратура өкілдерінің қатысуымен өтті. Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз орнатылған нысандар анықталды. Аталған нысан иелеріне заң бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы ресми хабарламалар берілді. Сонымен қатар, заңның 68-бабына сәйкес келмейтін құрылыс жұмыстары да тіркелді. Бұл жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға хат жолданды. Айта кетейік, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары Қонаев қаласында тұрақты түрде жүргізіледі.

Толық оқу

Алматыда жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушыларының басым көпшілігі – шамамен 96 пайызы сауықтыру шараларымен және түрлі үйірмелермен қамтылды. Биылғы жазда бұл көрсеткіш 281 мың баланы құрады. Жалпы 1-10 сынып аралығындағы оқушылар саны – 293 мыңнан асады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қамтылған оқушылар саны айтарлықтай артқан. Мектеп жанындағы лагерьлер биылғы маусымда бұрынғыдан өзгеше форматта жұмыс істеуде. Балалар дәстүрлі қазақ тағамдарын жасауды, мысалы, жент дайындап, құрт жайып үйреніп жатыр. Қолөнер бағытында кесте тігіп, тоқыма тоқу мен қол сөмке тігуді меңгеруде. Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі ойындары – ханталапай, асық ату, қазақ күресінің элементтері оқытылуда. Заманауи бағытта робототехника, бағдарламалау, ұлттық аспаптарда – домбыра, жетіген,…

Толық оқу

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қаладағы 36 емханада арнайы контейнерлер орнатылды. Оларға қала тұрғындары мерзімі өткен, қолданылмаған немесе жартылай пайдаланылған дәрі-дәрмектерді қауіпсіз өңдеуге өткізе алады,- деп хабарлайды Ertenmedia Жоба Алматы қаласы әкімдігі, EcoNetwork экологиялық ұйымы және серіктес — STADA фармацевтикалық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. «Қазақстанда алғаш рет дәрі-дәрмектерді қауіпсіз түрде жою жүйесі құрылуда. Алматы қаласының тұрғындарына пайдаланылмаған дәрілерді тапсыруды ұсынып, біз әрбір азаматқа қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік бергіміз келеді. Қазіргі таңда дәрілер әлі де қоқысқа тасталады немесе кәріз жүйесіне төгіледі — бұл экожүйелерге де, адамдардың денсаулығына да қауіп төндіреді. Жоба туралы…

Толық оқу

Бүгін Түркістанда Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Түркі өркениетінің ескерткіштері: зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері» тақырыбындағы II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы басталды,- деп хабарлайды Ertenmedia Халықаралық симпозиумның салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Мароккодан келген ISESCO жоба менеджері Осама Элнахас, сонымен қатар, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Мажарстан және Қазақстан Түркі әлемі мемлекеттерінің жетекші ғалымдары және де халықаралық ұйымдардан сарапшылар қатысты. – Түркі әлемінің ортақ құндылықтарын арқау еткен халықаралық жиынның Түркістан қаласында өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Бұл түркі халықтарының тарихи-мәдени…

Толық оқу

2025 жылғы 2–7 маусым аралығында Сәтбаев университеті Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ИРН № AP19679041 гранттық жобасының жетекші ғылыми қызметкері Айнұр Құттыбаева Санкт-Петербург политехникалық университетіне (Ресей) жұмыс сапарымен барды. Аталған жоба «Металл және бетон конструкцияларының кернеу күйін бақылауға арналған талшықты-оптикалық датчиктерді зерттеу және қолдану» (2023–2025 жж.) тақырыбында жүзеге асырылуда. Сапар барысында Айнұр Құттыбаева Санкт-Петербург политехникалық университетінің Халықаралық білім беру бағдарламалары жоғары мектебінің директоры Виктор Белькомен, доцент Виктор Малюгинмен, профессор Дмитрий Кизеветтермен және университеттің ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің өкілдерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ ол Перспективалық электр оқшаулау жүйелерінің ғылыми-инженерлік орталығында және суасты мұнай-газ өндіру саласына арналған…

Толық оқу

«Ertenmedia» парақшасында жарияланған «Шымкентте бір топ компания миллиардтық тендерді кезекпен ұтып жүр…» атты материалға «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС ресми түрде жауап қайтарды. Компания бас директоры Б.Калибековтің мәлімдеуінше, мақаладағы келтірілген деректер шындыққа жанаспайды әрі компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді. Біріншіден, компания тендерлік конкурстардың жабық емес, ашық әрі нақты ережелер бойынша өтетінін атап өтті. Мемлекеттік сатып алулар порталының ережесіне сәйкес, тендерге қатысушы компаниялар 10 жылдық тәжірибесі бар екенін растайтын құжаттарды өткізу арқылы тиісті балл жинайды. Байқаудың жеңімпазы осы балл жүйесі бойынша автоматты түрде анықталады, ешқандай сыртқы әсер ету мүмкін емес. Екіншіден, мақалада айтылғандай, «бірдей компаниялардың қатысуы» кездейсоқ болуы мүмкін. Компания өкілдері конкурстардың…

Толық оқу

Түркістан облысында алғаш рет модульдік лагерь жобасы жүзеге асырылды. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашылу жоспарлануда,- деп хабарлайды Ertenmedia Модульді лагерьдің алғашқы корпусы “Балауса” жазғы сауықтыру лагерінде ашылды. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары қарастырылған. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген. Лагерьдің алғашқы ауысымына 350 бала қабылданды. Оның ішінде, 250 бала – Түркістан қаласының, 100 бала – Сауран…

Толық оқу

Қазақстан мен Ұлыбританияның қорғаныс саласындағы ынтымақ туралы құжатқа қол қоюы Кремльдің қытығына тиді деп жазады Ertenmedia Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қорғаныс министрлігі Бас штабының бастығы Ербол Құмарбекұлы бастаған ресми делегация Британ жеріне барып, 2025–2026 жылдарға арналған әскери әріптестік жоспарын бекіткен. Келісімнің негізгі бағыты бітімгерлік миссияны дамыту, офицерлерді ағылшынның беделді әскери оқу орнында даярлау, тіл үйрену және НАТО стандартына көшу. Әлгі жаңалықты кешігіп естіген Ресей пропагандистері төсегінен тұра сала Ақордаға тап беріпті. Солардың бірі — Қазақстанға кіруге тыйым салынған Тина Кәнделаки. «Қазақстан мен Британия арасындағы әскери ынтымақтастық барып тұрған сатқындық. Жаңалықты жексенбі күні жариялаған қазақ билігі келісім Кремльдің назарынан тыс қалады деп…

Толық оқу

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай тағы 3 әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, Алакөл ауданында өңірдегі үшінші Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Қаратал ауданында мәдениет үйі мен теннис орталығы ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Еске салсақ, алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өткен жылы Талдықорған қаласында, кейін Сарқан ауданында пайдалануға берілген еді. Енді осындай маңызды әлеуметтік жоба Алакөл ауданы Үшарал қаласында ашылып отыр. Бұл аудандағы 2200 зейнеткер үшін қуанышты жаңалық болды. — Орталық қарт адамдарды мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру, олардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсарту мақсатында іске асырылып отыр. Екі қабатты ғимараттың 1-қабатында мәжіліс залы, ас…

Толық оқу