Түркістан облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыруға арналған кеңес өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиынға аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері қатысты. Кеңесте Жолдауда көрсетілген басым міндеттерді өңірде нақты орындау жолдары талқыланды. Аймақ басшысы Түркістан облысы жаңа экономикалық серпінге дайын болуы керек екенін айтып, даму жоспарына жасанды интеллект, цифрлық технология, өңдеу өнеркәсібі, инвестиция және әлеуметтік инфрақұрылым сапасына қатысты өзгерістер енгізілетінін жеткізді. Өңірде цифрландыру бағыты күшейіп келеді. Әкімдік «Қазақтелеком» және «Транстелекоммен» бірге шалғай ауылдарды сапалы интернетпен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкім орынбасарының қабылдауына келген азаматтар түрлі саладағы мәселелерін ашық айтып, жауапты басшылармен бірге шешу жолдарын талқылады. Әсіресе, ауылдағы инфрақұрылым, спорт және мәдениет нысандарын жөндеу, жұмысқа орналасу мен жастар тәрбиесі сынды тақырыптар жиі қозғалды. Халықтың пікірі мен өтінішін тікелей тыңдау өңірдегі басқару мәдениетінің басты бағытына айналып келеді. Кездесуге Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан және Кентау қалаларының тұрғындары келді. Олар өздерінің тұрмысқа, әлеуметтік жағдайға және қоғамдық өмірге қатысты ойларын ашық жеткізді. Бірі ауылдағы спорт кешенін жөндеу қажеттігін айтса, енді бірі мәдениет үйін қалпына келтіру мен жергілікті тұрғындарды жұмыспен…
Құлыбаевтың «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жаңа холдингтік компанияны тіркеуі нені білдіреді? Саясаттанушы Ғазиз Әбішев әлгі шешімді ірі бизнес өкілдерінің президент Тоқаевтың жаңа экономикалық бағытын қолдау ретінде бағалайды деп жазады Ertenmedia. Әбішевтің айтуынша Құлыбаевтың АХҚО-да Almex Holding Limited компаниясын тіркеуі елдегі активтерді қайтару науқанының ресми түрде саябырсыған кезеңімен сәйкес келіп тұр. Президент жуырда ғана активтерді қайтару жөніндегі комитетті қайта атауды тапсырған еді. Жаңа атауда бұрынғыдай «активтер» сөзі жоқ, есесіне «инвестицияларды қорғау» түсінігі пайда болды. Бұл биліктің ірі бизнес өкілдерін үркітіп-қорқыту саясатының орнына, олармен өзара сенім мен серіктестік қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін аңғартады. «Соңғы кезде ауқатты азаматтар активтерді қайтару үрдісіне қарсылық…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев президент Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған міндеттерді талқылап, нақты тапсырмалар берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды. Оған облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ қала мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері онлайн форматта қатысты. Облыс әкімі Президенттің Жолдауында айтылған жеті негізгі міндетке жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, көлік-логистика саласын цифрландыру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық даму бағытындағы кәсіпкерлердің рөлін күшейту және адами капитал арқылы экономиканы жан-жақты жаңарту мәселелері ерекше аталды. Өңірде инвестициялық ахуал…
Ақорда баспасөз қызметі президент Тоқаевтың Жолдауда қоғамдық тәртіп бұзушылық контексінде әйелдерге қатысты айтқан сөзінің мәнін түсіндірді деп хабарлайды Ertenmedia. Ақорданың мәлімдеуінше, Президенттің халыққа Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық саладан бастап, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, су ресурстары, білім беру мен спортқа дейінгі барлық маңызды мәселе қамтылған. Соның ішінде Мемлекет басшысы елдің дамуындағы басты қағиданың бірі ретінде «Заң мен тәртіпке» ерекше екпін түсірді. «Президент заң бұзушылықтарға қатысты «нөлдік төзімділік» танытуға шақырды. Осы тұста ол «қоғамдық тәртіпті бұзушылардың арасында, өкінішке қарай, әйел адамдар да бар» екенін айтты. Мұны кейбір адамдар сын немесе кінәрат ретінде қабылдады. Алайда, Президент сөзінің мәні мүлде басқа. Әйел заты ежелден нәзіктіктің, әдептілік…
Абай облысы әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірде жүзеге асыру бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, партия филиалдарының, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық мәслихат өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынды ашқан аймақ басшысы Жолдауда айтылған жасанды интеллект, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын дамыту бағытында өңірдің әлеуеті зор екенін атап өтті. – Бұл – еліміздің жаңа даму кезеңіндегі стратегиялық бағыттарды айқындайтын аса маңызды құжат. Президент…
Бүгінгі таңда экология мәселесі – жаһандық деңгейдегі өзекті тақырыптардың бірі. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жасыл аймақтарды сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы республика көлемінде кеңінен қолдау тауып келеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шәкәрім университеті де аталған бастаманы жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асырып, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері туған өлкеміздің табиғатын қорғау жолында белсенділік танытуда. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бүгінгі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Әсіресе тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару мен оларды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру – экологиялық тұрақтылықтың маңызды бөлігі. Осыған байланысты Химия және экология кафедрасының PhD,…
Мәжіліс депутаттары аты даудан арылмай келе жатқан RAMS құрылыс компаниясының мәселесін тағы көтерді деп хабарлайды Ertenmedia. Сергей Пономарёв депутаттық сауалында елдегі құрылыс компанияларының заң бұзуларын жіпке тізді. Соның ішінде көпшіліктің наразылығын тудырған RAMS компаниясы да бар. «Телефоным осы компания салған тұрғын үй кешендерінің тұрғындарынан түскен шағымға толып қалған. Компания елдегі ең ірі құрылыс салушылардың сегізінші орнында тұр. Тұрғындар RAMS тұрғызған кешендердің сапасыздығын жиі сынайды. Құрылыс нормасының сақталмауы өз алдына, кейбір нысанда құрылыс жұмысы аяқталмаған күйі қалған. Соған қарамастан, компания жаңадан алып кешендердің құрылысын бастап жатыр», – деді депутат. Айтуынша, RAMS компаниясы бастапқыда тұрғындарға ірі жобаны іске асырып, жолды кеңейтіп, трансформаторлық…
Қазақстан мен Катар арасында еңбек көші-қоны туралы келісім бекітілді. Енді қазақтар бұл елде заңды түрде жұмыс істеп, қауіпсіздік кепілдіктеріне ие болады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжат еңбек мигранттарының келісімшарт жасасуы, виза алуы және елге оралуына дейінгі барлық кезеңдерді реттейді. «Бұл Парсы шығанағы елдерімен жасалған алғашқы келісім. Оның негізгі мақсаты еңбек мигранттарының құқықтарының бұзылу қаупін және олардың мәртебесінің белгісіздігін болдырмау. Бүгінде көптеген қазақстандықтар шетелде табыс табуға ұмтылады. Алайда олар құқық бұзушылықтармен, құқықтық мәртебенің белгісіздігімен, сондай-ақ елге қайтар кездегі қиындықтармен жиі бетпе-бет келеді. Бұл келісім осындай қатерлерді болдырмайды», – деді Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин пленарлық отырыста. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана…
Қазақстандағы мыс-никель өндіретін жалғыз кәсіпорын «БАСТ» акционерлік қоғамы биыл дивиденд төлемейтін болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания акционерлері 2024 жыл үшін дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдап, оның себебін былтырғы жылдың қорытындысы бойынша табыстың болмауымен түсіндірген. Бұл туралы 9 қыркүйекте Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланды. «БАСТ» АҚ Абай облысындағы Мақсұт кенішінде мыс және никель кенін өндірумен айналысады. Бұл кен орны 1992 жылы ашылғанымен, барлау жұмыстары тек 2006 жылы басталды. 2018 жылы компания осы жерде мыс пен никель концентратын шығаратын байыту фабрикасын іске қосқан еді. Компанияның негізгі акционері елдегі ең дәулетті кәсіпкерлердің бірі Тимур Турлов. Ол кәсіпорын акцияларының 74,18%-ына иелік етеді. Сондай-ақ, акциялардың…










