Автор: Асылхан Бөрібай

Әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот тағы шегерілді, алайда себебі әзірге белгісіз, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Сот өтті, бірақ іс қаралмады, басқа уақытқа кейінге қалдырылды. Процесс жабық болғандықтан, отырыс неге кейінге қалдырылғаны белгісіз», — деп мәлімдеген соттың баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке. Бұған дейін танымал әншіге қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен болатын. Алмас Кішкенбаев не үшін айыпталып отыр? Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу және айналасындағыларды сыйламау, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу” ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 78 640 теңге) көлемінде…

Толық оқу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі — Нұржан Нұржігітов «Jibek Joly» телеарнасындағы «УӘДЕ» бағдарламасына сұхбат берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Министрдің айтуынша, ол 2023 жылдың желтоқсан айында блогер Алтай Айнабекпен кездесіп, оның ұсынған технологиясымен танысқан. «Біріншіден, айтылған 2 млрд 600 млн текше метр су — арнайы гидропосттардан өткен су. Суды өлшейтін арнайы құралдар бар. Бірақ сол судың Аралға жетуі үшін оны реттеу қажет, дұрыс бөлу керек. Сондықтан бұл — нақты дерекке негізделген көрсеткіш» — деді министр. Министр кез келген жаңа технология немесе әдістеме ғылыми негізде дәлелденуі тиіс екенін атап өтті. «Екіншіден, мен ол жігітпен таныспын (Алтай Айнабек). 2023 жылдың желтоқсан…

Толық оқу

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Ertenmedia. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеуді аяқтады. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді. «Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден аса ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды», — деп жазылған хабарламада. Тергеу шеңберінде…

Толық оқу

Тимур Құлыбаев Испанияның Таррагона провинциясында тағы бір қомақты жер учаскесіне иелік ететіні белгілі болды. Осы туралы ақпарат таратқан бірқатар телеграм арналардың мәліметіне сәйкес, поместьенің ауданы – 4,5 гектар, ал құны шамамен 10 миллион еуро (5,5 миллиард теңге), — деп хабарлайды Ertenmedia. Нысанның басты ерекшелігі – теңіз жағалауына тікелей шығатын жеке жолы бар негізгі вилла, оның аумағы 800 шаршы метрден асады. Жоғары бетон қоршаумен және тікенекті сыммен қоршалған резиденцияны бақылау үшін бірнеше бейнекамера орнатылған, ал күзет пен қызметкерлерге арналған бөлек коттедж қарастырылған. Жағажай жергілікті заңнамаға сай қоғамдық пайдалануға жататындықтан, демалушылар мұнда еркін келе алады. Поместьені басқару Diada Investment & Real Estate…

Толық оқу

Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері ҚҚС бойынша шекті межені 15 миллион теңгеге дейін төмендетуге қарсы шығып отыр, — деп жазады Ertenmedia. Бұл бастаманы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің кеңейтілген отырысында ұсынған еді. Алайда заңгер Жангелді Сүлейменовтің пікірінше, бұл өзгеріс кәсіпкерлердің жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Осыған орай ол әріптесі Ануарбек Сқақовпен бірге тиісті петиция әзірлеп, қол жинап жатыр. Неліктен 15 миллион теңге бас ауруға айналды? Бұған дейін ҚҚС бойынша шекті табыс мөлшері 20 мың АЕК-ке (78,64 миллион теңге шамасында) тең болатын. Министрлік енді бұл деңгейді 15 миллион теңгеге дейін түсіруді ұсынып отыр. Шектеудің төмендеуі кәсіпкерлерді табысы аз болса…

Толық оқу

Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы деректі жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамға жеткен. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 774 743, ауыл тұрғындары – 7 511 341. «Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға өсті», — деп жазылған хабарламада. Республикадағы үш қала мен төрт облыста миллионнан аса адам тұрады. Халқы тығыз орналасқан өңірлер — Алматы мен Түркістан облысы, онда 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады. Халық санының ең жоғары өсу…

Толық оқу

Жуырда Алматы қаласы әкімдігі Н.Сац атындағы театрды реконструкциялау барысында қолданыстағы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа ғимарат салынатынын мәлімдеді. Желіде осы ақпаратқа қатысты сын пікір пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мән-жайы Жуырда Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары басталады. Қала әкімдігі мәліметінше, реконструкциялау жобасы мемлекеттік сараптамадан өткен, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды анықтау үшін байқау да жарияланған. ​Жобаны жүзеге асыруға 21,7 млрд теңге бөлінген. Жұмыстардың барлығы 14,6 мың шаршы метр болатын қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау жұмыстары аясында жүргізілмек. Сонымен қатар, ескі ғимараттың жанында 10 мың шаршы метрлік үш қабатты жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды Жаңа…

Толық оқу

Қазақстанда 4 мыңнан астам шетелдік заңсыз таксист болып жұмыс істегені анықталған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден аса таксопаркті анықтады, онда 4237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз, заңсыз жұмыс істеген. Қазір Көші-қон қызметі елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де тиісті шаралар қабылдау туралы мәселені қарастырып жатыр. «Бүгінде еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік таксист (Алматы да 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматыда 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауапқа тартылды, 112-сі қабылдау-тарату орнына (Алматы — 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы — 79). Бұл жұмыс жалғасып жатыр және ерекше бақылауда»,…

Толық оқу
Алмас Кішкенбаев сот

Алматы соты Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік істі қарауға кірісті, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengrinews.kz-ке сілтеп. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты істі өндіріске қабылдады. Сот материалдарына сүйенсек, өнер иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысы неге кейінге шегерілді? Алғашында істі 31 қаңтарда қарау жоспарланған еді. Алайда жәбірленуші тараптың, яғни кәмелетке толмаған баланың әкесі мен заңды өкілінің уақыт сұрауына байланысты сот басқа күнге қалдырды. Сот өкілдерінің айтуынша, жәбірленуші материалдармен танысып үлгермегенін мәлімдеген. Жаңа отырыс бүгін, 3 ақпанға белгіленді. Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу…

Толық оқу

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин «ҚМК Мұнай» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялаған құжатта көрсетілген, — деп хабарлайды ErtenMedia. Құжатқа сәйкес, компания акционерлерінің жалпы жиналысында директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Нәтижесінде Е.А. Құрманғазин кеңестен шығарылып, оның орнына О.С. Оразалин енгізілді. Жаңартылған директорлар кеңесі енді тоғыз адамнан тұрады, оның ішінде үш тәуелсіз директор бар. Кеңес төрағасы – Ли Шуфэн. «ҚМК Мұнай» АҚ-ның негізгі акционерлері – Yukon Energy Holding S.A. және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, әрқайсысы 50% үлеске ие. Айта кетейік, Оңдасын Оразалин 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың тамызына дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды. Бұған дейін,…

Толық оқу