Автор: editor

ҚР Қаржы министрлігі «Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Құжат жаңа Салық кодексінің (173-баптың 5-тармағы) ережелерін іске асыру мақсатында әзірленді және салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған. Жоба салық салу объектілерін айқындаудың жанама әдісін қолдану тетігін көздейді. Ол салық төлеуші есеп жүргізу тәртібін бұзған жағдайларда, сондай-ақ есеп құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде мемлекеттік кірістер органдарымен қолданылатын болады. Бұдан бөлек, бұл әдіс жеке тұлғалардың кірісін неғұрлым объективті айқындауға мүмкіндік береді. Жанама әдістің мәні – бастапқы құжаттар болмаған немесе бұрмаланған жағдайда салық органдары баламалы ақпарат көздерін пайдаланатынында. Салық салу…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. – Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда, бүгінгі Съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен Бейбітшілік елшілері деп айтуға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолында жұмылдыруға ниет…

Толық оқу

Жамбыл облысында оқушылардың өлімінен кейін Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мектептерде смартфон қолдануды шектеп, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia. Жыл басынан бері елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс күрт артқан. Биылғы оқу жылының алғашқы екі аптасында Жамбыл облысында үш бірдей оқушы қатарластарымен болған жанжал салдарынан қайтыс болған. Депутаттың айтуынша, былтыр жасөспірімдер екі мыңға жуық қылмыс жасаған, оның 130-ы аса ауыр санатта. Биыл жағдай бұдан да күрделі болуы ықтимал. «Білім ордаларында тек оқу үлгеріміне мән беріледі де, тәрбие ісі шет қалады. Балалар жанжалдың алдын алуды, эмоциясын басуды білмейді. Ал психолог мамандар жеткіліксіз», – дейді Бейсенбаев. Депутат бұл мәселені шешу үшін мектептерге буллингке…

Толық оқу

Carlsberg Kazakhstan Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауыттың құрылысын қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia. Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаға қатысты инвестициялық келісімге қол қойылып, зауыттың іргетасы қаланды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 млрд литрге жуық сусын шығаруға жетеді. «Жобаның жалпы инвестиция көлемі 344 млн долларды құрайды. Мұнда PepsiCo лицензиясымен өндірілген сусындар Қазақстан мен Қырғызстан нарығына жеткізіледі», – деп хабарлады Kazakh Invest өкілдері. Жаңа зауыт Іле ауданында 17 гектар аумақта орналасады. Құрылысты 2026 жылы аяқтау көзделген. Кәсіпорында 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Еске сала кетсек, 2024 жылдың қыркүйегінде Carlsberg Group және PepsiCo компаниялары Қазақстан мен Қырғызстан нарығында алкогольсіз…

Толық оқу

Қазақ мұнайы қайтадан Әзербайжан арқылы Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбырымен экспорттала бастады деп хабарлайды Ertenmedia. «ҚазМұнайГаз» компаниясының ақпараты бойынша, 13 қыркүйек күні Ақтау портынан Кашаган кенішінің 8,8 мың тонна мұнайы аталған бағытқа жөнелтілген. Келесі партияны тиеу 20 қыркүйекке жоспарланып отыр. «2025 жылдың сегіз айында БТЖ арқылы тасымалданған қазақстандық мұнайдың жалпы көлемі 0,9 млн тоннаға жетті», – деп мәлімдеді ҚМГ өкілдері. Еске сала кетейік, тамыз айында Әзербайжанның Azeri Light маркалы мұнайынан хлоридтер табылып, БТЖ құбырымен экспорт уақытша тоқтаған болатын. Мұнайдың ластануы өнімнің сапасына кері әсер етіп, Әзербайжан тарапы тасымал көлемін шектеуге мәжбүр болды. Қазақстан бұл бағытты Ресейден тыс балама экспорттық жол ретінде қарастырып…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазақстандықтардың зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге пайдалануға тыйым салу бастамасына қарсы шықты деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың зейнетақы жинағын тіс емдеуге жұмсауына толықтай тыйым салуды ұсынған болатын. Депутаттың айтуынша, мұндай ұсыныс алаяқтардың әрекетіне байланысты туындаған. Олар емдеу қызметін сылтауратып, миллиардтаған қаржыны заңсыз шешіп алған. «Отбасы банкінен алынған мәлімет бойынша, бұл салада миллиардтаған теңге қаржы заңсыз шығарылғаны анықталып отыр. Енді сол үшін халықтың құқығын шектеу ақылға сыймайды. Алаяқтық жасағандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Осындай әрекеттерге барған клиникалар мен стоматологияларға қатысты тергеу жүргізіп, лицензияларын кері қайтарып, есіктеріне құлып салу қажет. Бірақ қарапайым азаматтардың құқығын бұлайша…

Толық оқу

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановқа тиесілі болған «Алтын-Саф» мейрамханасы ақыры сатылды. Бұл ғимараттың тағдыры біраз жылдан бері қоғам назарында болған еді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жемқорлық дерегі бойынша сотталған экс-шенеуніктің мүлкі мемлекет меншігіне өтіп, бірнеше рет аукционға шығарылғанымен, сатып алушылар табылмай келген. Алайда биыл тамызда өткен саудада мейрамхана кешені небәрі 91,3 миллион теңгеге сатып алушы табылған. Негізгі бағалау құны 256,5 миллион теңге болса, бастапқы сауда 64 миллионнан басталған еді. Осы арқылы ғимарат бастапқы есеппен салыстырғанда әлдеқайда арзанға сатылып отыр. Бұл ғимараттың тарихы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нақты мысалы ретінде қарастырылуы мүмкін. Себебі Ахметжановтың ісі 2016 жылы бүкіл елге жария…

Толық оқу

АҚШ-тың Қазақстандағы экс-елшісі Дениел Розенблум Йель университетінде дәріс оқып, Америка дипломатиясының Орта Азиядағы осалдығын ашық мойындады деп жазады Ertenmedia. Өңірдегі ақпараттық ықпалын жоғалтқан Уашингтонның қателігін жіпке тізген ол, осы майданда Мәскеу мен Бейжіңнің оқ бойы озып озып кеткенін айтып, қынжылды. Дипломат осы тұста 2023 жылы Қазақстанда орын алған тосын жайтты еске алған екен. Сол жылдың көктемінде Кремльдің пропаганда құралдары «Алматыда НАТО базасы құрылды» деп, қарапайым конференц-залдың ашылуын саяси скандалға ұластырып жіберген-тұғын. «Өтірікті шындай етіп ұсынатын мұндай тәсілдің тиімділігі сонда, жалған сөз жүз мәрте қайталанса, көптің санасына орнығып, ақиқатқа айналып шыға келеді», — дейді Розенблум. Айтуынша, АҚШ билігі Мәскеудің ақпарат диверсиясына…

Толық оқу

Канадалық Laramide Resources компаниясы Түркістан облысы Созақ ауданындағы Шу-Сарысу аумағында геологиялық барлау жұмысын бастайды. Инвестор қазақ жерінен уранмен қатар мыс пен сирек кездесетін металл кен орындарын табуды көздеп отыр деп хабарлайды Ertenmedia. Investing News Network басылымының дерегінше, канадалық мамандар бұрғылау жұмысын бастайтын ең перспективалы аумақтарды анықтап қойған. Жұмыстың басым бөлігі уран кеніштерін анықтауға арналады. Дегенмен Laramide Resources басқа да құнды минералдарға назар аударатынын хабарлады. «Қазақстандағы алғашқы барлау бағдарламамыз экономикалық тиімді, әрі экологиялық талапқа сай өндіруге болатын, жоғары сапалы уранның ірі кенішін іздеуге бағытталған. Аймақта қажетті инфрақұрылымдар мен жұмыс істеп тұрған өндірістердің болуы экономикалық тұрғыда қосымша басымдық береді», – деді Laramide…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, діни конфессиялар қай заманда да адамдарға түрлі қиындықтар мен тауқыметтерді еңсеруге көмектескен. Сондықтан адамның рухани қажеттілігі туралы сөз қозғалғанда, оның дүниелік мұқтаждықтарын да қаперден шығаруға болмайды. – Елеулі жетістіктерге қарамастан, адамзат көптеген гуманитарлық сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Миллиондаған адамдар аштықтан, індеттен, қоршаған ортаның азып-тозуынан және климат өзгерісінен зардап шегуде. Қазақстан кедейлікті азайтуға, экологиялық проблемаларды шешуге және гуманитарлық көмек көрсетуге айтарлықтай күш-жігер жұмылдырады. Бұл мәселелерді келесі жылы сәуір айында Астанада өтетін Экология және орнықты даму өңірлік саммитінде талқылау жоспарланған. Еліміз – мұсылман әлемінің қиыр солтүстіктегі ең үлкен аймағы. Отыз жыл бұрын біз Ислам ынтымақтастығы ұйымының мүшесі атандық. Осы беделді…

Толық оқу