Автор: Асылхан Бөрібай

Қазақстанда балаларды жан-жақты қолдау мақсатында «Сәтті бастау» бағдарламасы іске қосылады. Астанада өткен «Қазақстандағы әрбір бала үшін – жарқын бастау» халықаралық конференциясы аясында үкіметтің үш бірдей министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia. Конференция жұмысына ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы басшысы доктор Рашед Мустафа Сарвар, сондай-ақ 8 мемлекеттен келген халықаралық ұйым өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. «Сәтті бастау» жоспарының негізгі мақсаты бала дүниеге келген сәттен бастап оны жан-жақты қолдап, дамытудың толық жүйесін қалыптастыру. Жоспар алты негізгі бағытты қамтиды. Олар заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, мамандардың кәсіби деңгейін көтеру, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру, тұрақты қаржыландыруды…

Толық оқу

Қазақстан мен Финляндияның энергетика саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілмек. ҚР Энергетика министрлігінде вице-министр Санжар Жаркешов Финляндия экономика және еңбек министрлігінің тұрақты хатшысы Тимо Яатиненмен және бірқатар фин компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесуде екі елдің энергетика саласындағы серіктестігі мен бірлескен инвестициялық жобалар талқыланды. Финляндия тарапынан келіссөзге EastCham Finland, Wärtsilä, Finnvera және Nurminen Logistics компанияларының өкілдері қатысты. Вице-министр Санжар Жаркешов Қазақстанның энергетика саласындағы фин әріптестерімен байланысты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, еліміз энергия үнемдеу, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, сондай-ақ энергия инфрақұрылымын жаңғыртуда Финляндияның тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытады. «Министрлік финдік Wärtsilä компаниясымен бұрыннан жақсы байланыста. Біз осы әріптестікті…

Толық оқу
Бектенов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов министрлер мен әкімдердің шаңын қағып алды. Премьер-министр шетелдік инвесторлармен жұмыстың бәсеңдігін сынап, экономикаға тартылған инвестиция көлемінің жоспарға сай орындалмай жатқанын ашық айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» жолдауында инвестиция тарту мәселесіне ерекше мән берілген еді. Тоқаев 2029 жылға дейін ел экономикасына 150 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартуды міндеттеді. Тапсырманың орындалу барысы Бектеновтың төрағалығымен өткен арнайы жиында талқыланды. Жиын барысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, облыс әкімдері және бас прокуратура өкілі баяндама жасады. Министрлік мәліметіне сәйкес, биылғы 9 айда негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 13,8 трлн…

Толық оқу

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда министрліктер мен әкімдіктердің өңірлердегі инвестиция көлемін және инвестициялық жобаларды іске қосу қарқынын үдете түсу жұмыстарының тиімділігін арттыруға назар аударылды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың, облыс әкімдерінің, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиевтің баяндамалары тыңдалды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін ел экономикасына $150 млрд шетелдік инвестиция тарту туралы қойған міндетіне назар аударды.…

Толық оқу
Роснефть

Неміс билігі ресейлік «Роснефтің» ел аумағындағы активін, соның ішінде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытын өз меншігіне алуды жоспарлап отыр. Кейбір болжам бойынша, зауыт кейіннен Қазақстанға сатылуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters дерегінше, неміс үкіметі «Роснефтьтің» жергілікті активін мемлекет меншігіне өткізіп, артынан жаңа инвесторға сату мәселесін қарастыруда. Әңгіме Әміриканың «Роснефтьке» салған санкциясынан кейін қызу талқылана бастаған. АҚШ Қаржы мин-і орыстардың неміс жеріндегі бөлімшесін 2026 жылдың сәуіріне дейін санкция құрсауынан босатқанымен, Берлин компанияны шектеуден біржола шығарып алуды қалайды. Ресей компаниясына тиесілі активті үшінші тарапқа сатудың бірнеше варианты қарастырылуда. Ықтимал инвестордың қатарында қазақстандық компанияның аты аталыпты. Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты «Роснефтьтің» Германиядағы…

Толық оқу

Қазір жаңа технологиялар өмірдің барлық саласына еніп жатыр. Соның ішінде қылмыстың алдын алу жүйесіне де жаңа технологиялар мен жасанды зерденің ықпалы күшейіп келеді. Бұрын қылмысқа қарсы профилактикалық жұмыстарды патруль, учаскелік инспектор түсіндіруші еді. Қазір олардың қатарына жасанды интелект қосылып отыр.  Осы ретте ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде технологияның рөлін атап өтті. Сала басшысы техника полицияны алмастырмаса да олардың жұмысын жылдам, нақты, жүйелі етуге көмектесетінін алға тартты. Жасанды интеллект ең алдымен үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ірі қалалардағы мыңдаған камера түсірген бейнені бір-бірлеп қарап шығу адам күшімен мүмкін емес. Ал арнайы жүйе нөмірді танып,…

Толық оқу

Алматы облысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен аймақтық бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Кездесудің басты мақсаты бизнес пен билік арасында тікелей диалог орнату. Мұндай формат Президенттің бизнес құқығын қорғауды күшейту және іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмаларына сай жүзеге асырылуда. Талқылау барысында жер телімдерін беру, инвестициялық жобаларды іске асыру, жекеменшік білім беру саласын реттеу, экологиялық талаптарды сақтау және құқық қорғау органдарының кәсіпорын қызметіне араласуы сынды өзекті мәселелер көтерілді. Әр бағыт бойынша тиісті мемлекеттік органдар түсініктеме беріп, нақты шешу жолдарын…

Толық оқу

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асып келеді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Бағлан Базарбекұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.   – 2020 жылдан бастап облыста медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2,9 есеге өсіп, 239,8 млрд теңгеге жетті. Қор филиалы 2025 жылдың 9 айында тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін 126,1 млрд теңге төледі. Оның ішінде 1 723 кардиохирургиялық, 640 нейрохирургиялық және 9 бүйрек алмастыру отасы жасалды. Облыстағы 185 медициналық ұйымның бәрі…

Толық оқу
Стубб

Орта Азия жөніндегі сарапшы Әркадий Дубнов Финляндия президенті Александр Стуббтың Астана сапарына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia. Айтуынша, осынау сапар аймақтағы жаңа саяси бағыт-бағдарды айқындауға түрткі болады. Саясаттанушы Стуббтың 2024 жылы президент бола сала, Украинаға басып кірген Кремль көсемімен кездеспейтінін ашық мәлімдегенін еске салыпты. «Путиннің агрессиясы Финляндияның НАТО-ға мүше болуын жеделдетті», — дейді сарапшы. Дубновтың пікірінше, Тоқаев пен Стуббтың бірлескен мәлімдемесінде Мәскеудің қытығына дейтін аспектілер бар. «Әлгі мәлімдемеде «Украинада жан-жақты, әділ әрі берік бейбітшілікке тезірек қол жеткізу маңызды» деген тармақ бөле-жара көрсетілген. Ресейдің Еуразиялық одақ аясындағы серіктерінің арасында басқыншылыққа қатысты Батыс елдерімен ұқсас позицияны ұстанып отырған жалғыз мемлекет Қазақстан…

Толық оқу

Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды түрде жалғасуда. Жұмысқа барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Бүгінде комбайндар піскен егіс алқаптарымен жүйелі түрде жүріп өтіп, орақ науқанының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуде. Шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов науқан барысын тұрақты бақылауда ұстап, мамандардың жұмысын үйлестіру және өндірістік процестің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде. Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды, оның 247 гектары – күріш, 205 гектары – бидай, 278 гектары – көпжылдық шөптер. Егін жинауға екі комбайн, бір КамАЗ жүк көлігі, сондай-ақ…

Толық оқу