Автор: Лейла Болтаева

Таза Қазақстан

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның негізгі мақсаты – бұлақ көзін ашу, су маңын тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті күшейту. Табиғатқа ұқыпты қарау соңғы жылдары жай ұран күйінде қалмай, нақты әрекетке айнала бастады. Астанада өткен акция соның бір көрінісі болды. Экологиялық шараға «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Екі тараптан 50 адамнан келіп, жалпы 100 азамат табиғатты қорғау жұмысына жұмылды. Олар бұлақ маңындағы аумақты қоқыстан арылтып, қала экологиясына қатысты ортақ іске үлес қосты. Акция барысында қатысушылар 3 шақырым аумақты тазалады. Бұлақ маңынан 57…

Толық оқу
аула

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш аула тұрғын игілігіне берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңартылған аула кеңістіктері Республика даңғылы, 16, 18 және Отырар көшесі, 18 мекенжайларында орналасқан. Көпқабатты үйлердің арасындағы күнделікті тіршілік өтетін орындар енді балаларға ойын, жастарға спорт, үлкендерге тынығу алаңы ретінде қайта бейімделді. Аталған аумақта балалар ойын алаңы жаңартылып, шағын сәулеттік формалар мен жаттығу құрылғылары орнатылды. Асфальт жабыны толық ауыстырылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалуына жағдай жасалды. Жөндеу жұмысы жаз маусымы басталар алдында аяқталып, дәстүрлі Аула күнімен тұспа-тұс келді. Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманбердінің айтуынша, 2026 жылы ауданда аула кеңістігін жаңғыртуға арналған ауқымды…

Толық оқу
Таза Қазақстан

Алматы облысының Кеген ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау науқаны аясында ауқымды экологиялық шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Игі іске ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ұлттық парк мамандары жұмылды. Жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысқан шара барысында 5100 түп ағаш отырғызылды. Кеген жұрты үшін аталған бастама жай сенбілік деңгейіндегі жұмыс қана емес, ауданның келешек келбетін қалыптастыратын ортақ еңбекке айналды. Көшет егілген 7 гектар аумақ толық қоршалған. Мамандар жергілікті климатқа төзімді ағаш түрін арнайы таңдаған. Атап айтқанда, аққайың, қарағай, шырша және терек көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта аумаққа ұзындығы 2000 метр болатын тамшылатып…

Толық оқу
номер

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көліктерді уақытша әкелу және пайдалану тәртібі өзгерді. Үкімет шетелде тіркелген автомобильдердің елге кіруі мен қолданылуына қатысты ережеге түзету енгізді. Енді кейбір қазақстандықтар шетелдік нөмірі бар көлікпен Қазақстан аумағында заңды түрде жүре алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Негізгі өзгеріс «халықаралық қозғалыс» ұғымына Қазақстан азаматтары да енгізілді. Бұған дейін бұл тәртіп негізінен шетелдіктерге қатысты қолданылған. Енді шетелде тұрақты тұратын қазақстандықтар да өз атына тіркелген көлікті Қазақстанға уақытша әкеліп, пайдалана алады. Алайда талап қатаң. Мұндай мүмкіндік тек бірнеше шарт қатар орындалған жағдайда беріледі. Азамат Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруы керек, көлік оның меншігінде болуы тиіс, автомобиль Қазақстанда тіркелмеген болуы қажет…

Толық оқу
пенсионка

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі азаюы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін өзгертуді қарастырып жатыр. Ведомство мұны болашақ зейнетақыны қорғау қажеттілігімен түсіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік зейнетақы жинағы күнделікті шығынға арналған депозит емес екенін еске салды. Бұл қаражат адам зейнет жасына шыққаннан кейін тұрақты табыс көзі болуы керек. Сондықтан жинақты бүгін шешіп алу қысқа мерзімде пайдалы көрінгенімен, қартайғанда төлем көлемінің азаюына әкелуі мүмкін. Қазіргі әдістеме тым шартты деп бағаланып отыр. Ол адамның тұрақты жұмыс істеп, ай сайын міндетті зейнетақы жарнасын үзбей аударып отыратынын негізге алады. Бірақ…

Толық оқу
Астана

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткен Flash Vibe «Бейбіт елдің ұрпақтары» флешмобы елорданың мерекелік рухын айқын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты. Қала әкімдігінің мәліметінше, акцияның басты мақсаты жас буын арқылы бейбітшілік, татулық және қоғамдық келісім идеясын көркем форматта жеткізу. Бірлік күні қарсаңындағы мұндай бастама елордадағы мерекелік көңіл күйге ерекше реңк берді. Флешмобтың музыкалық өзегіне «Ақ көгершін» композициясы таңдалған. Бұл әннің таңдалуы да бекер емес. Қазақ қоғамында ақ көгершін бейнесі ежелден тыныш өмірдің, үміттің және адамзат арасындағы өзара түсіністіктің нышаны саналады. Акцияның мазмұнын тереңдете түскен тағы бір жайт – осы күннің…

Толық оқу
Алматы

Қонаев қаласында Алматы облыстық сотының жаңа ғимараты салына бастады. Бүгін облыс орталығында жаңа нысанның іргетасы қаланып, құрылыс жұмысына ресми түрде старт берілді. Салтанатты шараға ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, уақыт капсуласын салды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа сот ғимаратының жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асады. 5 қабатты нысанда 22 сот залы, жұмыс кабинеттері және жертөле қарастырылған. Қауіпсіздік талаптары толық ескерілген. Құрылыс жұмысы 15 айға созылып, нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазір жер қазу жұмыстары басталды. Құрылыс алаңына 40 жұмысшы жұмылдырылған. Алдағы уақытта мамандар саны 100 адамға дейін көбейеді. Бұл…

Толық оқу
қаңғыбас иттер

Сенат жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға Мәжіліс енгізген бірқатар түзетуді қолдамай, қоғамда қызу талқыланған нормаларды қайта қарауды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме ең алдымен қаңғыбас жануар санын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін қолдану мәселесіне қатысты болып отыр. Бұған дейін Мәжіліс қабылдаған редакцияда панажайға немесе уақытша ұстау орнына жеткізілген қаңғыбас жануарлар бес тәуліктен кейін алынбаса, оларға эвтаназия қолдану мүмкіндігі қарастырылған еді. Сондай-ақ ауруы бар, себепсіз агрессия танытатын, белгіленген мерзім ішінде иесі табылмаған немесе орналастырылмаған жануарларға да осындай шара қолдану көзделген. Сенат бұл ұстанымды жұмсартуды ұсынып отыр. Палата өкілдері заң мәтінінен «эвтаназия» терминін алып тастап, жануар санын реттеу тәсілін қайта қарау қажет деп…

Толық оқу
студент

Қазақстанда жоғары білімнің құны тағы қымбаттап, университетте оқу көптеген отбасы үшін ауыр қаржылық салмаққа айналып барады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бір жыл ішінде жоғары білім бағасы орта есеппен 10,8 пайызға өскен. Бірақ бұл ел бойынша алынған орташа көрсеткіш қана. Кей өңірде өсім әлдеқайда жоғары. Мысалы, Атырау облысында оқу ақысы 36 пайызға дейін қымбаттаса, Түркістан облысында баға шамамен 20 пайызға өскен. Қазір университетке түсу бір мәселе болса, оқуды үзбей жалғастыру одан да күрделі сынаққа айналып отыр. Себебі ақылы бөлімде оқитын студенттердің саны артып келеді. Бір жылда олардың қатары үштен бірге жуық көбейіп, 130,8 мың адамға жеткен. Бұл жоғары…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Бүгін жұлдыздар барлық белгіге артық айладан, көп сөзден және эмоцияға ерген шешімнен сақ болуға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астрологтардың болжамынша, бұл күнде ашықтық пен ұстамдылық көп мәселені жеңілдетеді. Кей белгілерге батыл әрекет қажет болса, енді біріне қарым-қатынаста абай болған дұрыс. Бір ауыз орынсыз сөз дау туғызуы мүмкін, ал нақты әрі сабырлы ұстаным қалаған нәтижеге жақындатады. Тоқтылар үшін бүгін тура жолмен жүру тиімді. Айлаға, жасырын әрекетке немесе мәселені айналып өтуге уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Жұмыста да, достықта да, жеке қарым-қатынаста да шынайылық көмектеседі. Нені қалайтыныңызды анық айтсаңыз, жаңа мүмкіндік ашылуы мүмкін. Торпақтар ұсақ нәрсені тым үлкейтіп жіберуі ықтимал. Бәрі бірдей…

Толық оқу