Алматыда Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған қалалық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғам белсенділері қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі тұжырымдамалар, оның институционалды өзгерістерге әкелетін қадамдары мен әлеуметтік әсері кеңінен талқыланды. Құжаттың адам құқығын қорғауға, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді тиімді бөлісуге, заңның үстемдігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын күшейтуге бағытталғаны ерекше атап өтілді. Отырыста Алматы қаласы мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Мейіржан Отыншиев жаңа Конституцияның кең ауқымды қоғамдық диалог негізінде әзірленгенін, бұл қоғамның мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға деген сұранысын айғақтайтынын айтты. – Жаңа Конституция жобасы –…
Автор: Лейла Болтаева
ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салуды көздейтін бұйрық жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаға сәйкес, 2026 жылдың 21 мамырынан 21 қарашасына дейін Қазақстан Республикасының аумағынан бензиндерді, дизель отынын және кейбір мұнай өнімдерін автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуге уақытша тыйым салынады. Бұл тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты болмақ. Алайда заңнамада көрсетілген жекелеген жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға тыйым салынбақ. Тыйым салу…
Алматы технологиялық университеті (АТУ) Никольский базары орналасқан жер теліміне қатысты сотта жеңіске жеткенімен, бұл жер үшін күрес әлі аяқталған жоқ. Учаскеге жаңа үміткер шығып, университет қайтадан сотқа шағым түсірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматыдағы Никольский базарының орнына нақты қандай нысан салынатынын анықтау мақсатында АТУ-ға сауал жолданған. Бірақ белгілі болғандай, жер үшін сот дауы қайта басталған. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың маусымында Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты университет меншігінен заңсыз шығарылғаннан кейін жасалған барлық сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныған болатын. Осылайша, 15 жылға созылған сот дауы аяқталды деп есептелген еді. Алайда 2025 жылдың 15 желтоқсанында Алматының Алмалы аудандық №2 соты АТУ-дың…
Тараздағы фосфор зауытында денесінің 45 пайызы күйген жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған. Цехта жұмыс істеп жатқанда пештен фосфорлы қоқыс атқылап, үш қызметкер зардап шеккен. Олар ауыр күйік жарақатын алған, денелері мен тыныс алу жолдары күйген. 32 жастағы жұмысшының жағдайы өте ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін үш күн күрескен. Бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Қалған екі жұмысшы қазір дәрігерлердің бақылауында. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жауапты тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, шұғыл тексерулер жүргізілуде. – Еңбек инспекциясы департаментінің бұйрығымен арнайы…
Нидерландының Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирінде еліміздің үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Турнир Нидерландының Вейк-ан-Зее курортты қаласында 1937 жылдан бері атақты Tata Steel Chess Tournament атты шахмат фестивалі ұйымдастырылып келеді. Фестивальдің басты оқиғасы Masters және Challengers деп аталатын екі ірі гроссмейстерлік турнир болып табылады. Бибісара Асаубаева Challengers турнирінде 4 жеңіс, 7 тең ойын және 2 жеңіліспен 13 мүмкін ұпайдан 7½ ұпай жинап, 5-ші орынға тұрақтады және рейтингіне 19,1 ұпай қосты. Үш дүркін блицтен әлем чемпионы атанған шахматшымыз үшін бұл турнир әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер арасында өтетін маңызды додаға дайындық кезеңінің бірі болды.…
Астрологтар 3 ақпанға арналған жұлдыз жорамалды ұсынды. Бұл күн пайдалы таныстық орнатуға қолайлы, әсіресе кешкі уақыт өте тиімді болады, деп хабарлайды Ertenmedia. kz. Тоқты Күн белсенділік пен жігерге толы болады. Тәуекелге барудан қорықпай, батыл шешім қабылдаңыз. Сенімділік барлық қиындықты жеңуге көмектеседі. Серігіңізбен араңызда үйлесім орнайды. Жаңа ақпарат алуға қолайлы уақыт. Оқуға бар зейініңізді салсаңыз, күрделі тақырыптарды тез түсінесіз. Торпақ Күніңіз бірқалыпты өтеді. Шешім қабылдауда асықпаңыз, бәрін мұқият ойланыңыз. Қарым-қатынас баяу, бірақ сенімді дамиды. Сабырлы болыңыз, серігіңізге сенім артыңыз. Жалғызбасты Торпақтарға достары арқылы романтикалық кездесу мүмкін. Отбасында шағын келіспеушіліктер болады, бірақ олар тез шешіледі. Жақындарыңызға төзімділік танытыңыз. Егіздер Күн белсенді өтеді.…
3 ақпанға арналған ауа райы болжамы бойынша елдің оңтүстігінде жаңбыр, шығысында қар күтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан бойынша 3 ақпан, сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК ресми сайты жариялады. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -11…-13°C болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C. Шымкентте ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C. Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр мен қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз -3…-5°C. Атырауда…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған өңір активінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеңеске аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылғанын атап өтті. – Бұл комиссия құрамына біздің облыстан облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева енгізілді. Осы уақытқа дейін Конституциялық комиссияның алты отырысы өтті, – деді облыс басшысы. Жаңа Конституция жобасына жан-жақты түсіндірме берген Гүлнар Тойлыбаева Конституцияның 77 бабына өзгерістер мен толықтырулар…
Қазақстанға ешкімге жалтақтамай, өз жолын айқындайтын, транзиттік бағыттардың субъектісіне айналатын уақыт келді. Мұндай пікірді саясаттанушы Уәлихан Төлешов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қазір әлемде тектонополия процесі жүріп жатыр. Ұлттық және өркениеттік құрылымдардың қайта бөліске түсіп, нақты күштердің өз ықпалдарын бекемдеп жатыр. Мұндай заманда тәуелсіздік дегеніміз жай ғана декларация емес, ол энергетикалық, логистикалық және санкциялық режимдерді бақылау қабілеті. Мен оны «инфрақұрылымдық егемендік» деп атаймын. Бірақ бір нәрсені ескерген жөн өзің салмаған, өзің жасамаған транзиттік бағыттарды бақылау мүмкін емес, – дейді саясаттанушы. Оның айтуынша, Қазақстан мұнай-газ және транскаспийлік тасымал бағыттарын өзі жобалап, өзі салып, өзі басқаруы тиіс. – Құбыр мен терминалдан бастап,…
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жариялаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын Қазақстан Халық партиясы ресми түрде қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Бұл құжат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының заңды жалғасы және «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам, – делінген партияның ресми мәлімдемесінде. – Жаңа Конституция жобасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, саяси жүйені жаңартудың құқықтық негізін қалайды. ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов комиссия отырыстарында барлық ұсыныстар мен бастамалар жан-жақты талқыланғанын атап өтті. – Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – ашық талқылау арқылы барлық нормалар мен ережелерді мұқият пысықтауында, – деді депутат. –…










