Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі сұрамшақ әрі жылаңқы ерлердің көбейіп кеткенін сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әнші жазбасында ертеректегі аңыз әңгімемен мысал келтірген. Баяғыда Бармын деген байдың Болар және Соғар атты егіз ұлдары болыпты. Болар сабырлы, салмақты, ақылды, әкесіне жақын өседі. Ал Соғар керісінше тентек, сотқар, сөзге шешен әрі ұрыншақ екен. Бір күні Соғар қарақшылардың қолына түсіп қалады. Олар «Ұлың аман қалсын десең, өз аяғыңмен кел!» деп хабар жібереді. Бармын бай қасына уәзірі мен Боларды ертіп, дереу жетеді. Барса, қарақшылар Соғарды байлап, қорлап жатыр екен. Бір қарақшы найзасын Соғардың жүрек тұсына тіреп: –Ұлыңа ие бола алмасаң, көзіңше өлтіремін, –…
Автор: Лейла Болтаева
Сәнгер Аида Кауменова әнші, халық әртісі Роза Рымбаеваны сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығымен құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сәнгер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әнші туралы әсерлі естелігімен бөлісті: – Роза Қуанышқызы өнер әлемінде жарқырап жүргенде мен әлі кішкентай қыз едім. Ол сахнаға шыққанда біздер, балалар, теледидар алдында таңғалып қарап отыратынбыз. Ал қазір, міне, өзіміз де есейдік, бірақ Роза Қуанышқызының әсем даусы мен керемет өнері әлі күнге дейін жүректерімізді жаулап келеді. Бүгінде ол мәдениетімізге ерекше ықпал ететін қайталанбас тұлғаға айналды. Нәзік болса да, рухы биік, дауысы ерекше қуатты бұл кісінің әрбір әнін тыңдаған сайын терең тебіренемін. Оның өнері елдің мәдени мұрасы. Сахнада…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның екі ірі қаласында инватакси қызметінің жаңа технологиялық мүмкіндіктерін іске қосты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін қолданыста болған ережелер бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватакси қызметін пайдалану үшін бір күн бұрын алдын ала тапсырыс беруге тиіс еді. Бұл жағдай тұрғындарды сапарларын күні бұрын жоспарлауға мәжбүр ететін. Оның үстіне, көлік санының аздығынан инватаксиге тапсырыс берушілер қызметті ұзақ күтуге мәжбүр болатын. Министрлік осы мәселені шешу мақсатында жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, такси агрегаторларын тарту арқылы пилоттық жоба бастады. Жобаның басты шарты сапар құнынан агрегатор платформаларына ешқандай комиссия төленбеуі керек. Бұл талапты орындауға «Яндекс» компаниясы келісім беріп, қызметті тегін ұсынды.…
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді толық электронды форматқа ауыстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл өзгеріс 2025 жылғы 11 қарашадан бастап күшіне енді. Енді барлық әкімшілік істер «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) ақпараттық жүйесінде ғана жүргізіледі. Бұл жаңалық – әкімшілік іс жүргізуді цифрландыруға бағытталған шаралардың бірі. Салық төлеушілердің қолайлылығы үшін Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінде (СӘИЖ) жаңа қызмет іске қосылды. Енді мемлекеттік кірістер органдарына шақыру туралы хабарлама электронды салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаларға электронды түрде жіберіледі. Хабарлама: СӘИЖ-дегі салық төлеушінің жеке кабинетіне; электронды үкіметтің веб-қосымшасына; қосымша ретінде салық төлеушінің мобильді телефонына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде жіберіледі. Аталған SMS-хабарлама…
Қазақстан цифрлық төлемдер бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енді. Ал екінші жағынан, айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі рекордтық деңгейге жетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсанда банк жүйесінен тыс айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 4,6 триллион теңгеге жеткен. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты өсуде. 2021 жылы – 3 трлн, 2022 жылы – 3,4 трлн, 2023 жылы – 3,6 трлн, 2024 жылы – 4,4 трлн теңге болған. 2025 жылдың басынан бері өсім 4,5%-ды құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,2%-ға жеткен еді. Қызығы сол, қолма-қол ақшаның өсуі халықтың банк жүйесіне сенімсіздігін білдірмейді. Себебі депозит көлемі тұрақты түрде артып жатыр.…
4 ақпанға арналған еліміз бойынша ауа-райын ұсынамыз Бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында жауын-жашын болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығады, күн райы жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Түнде 19-21 градус аяз, күндіз 3-5 градус суық. Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1…+1°, күндіз +6…+8° жылы. Шымкентте де көшпелі бұлт байқалады, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз +15…+17° жылынады. Ақмола облысының батысында күндіз қар жауады. Солтүстігі…
Шетелдік мамандар ақпанның төртінші күніне арналған астрологиялық болжам мен күннің кеңестерін ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Астрологтар бұл күні асығыстыққа жол бермей, тұрақты дамуға көңіл бөлген дұрыс деп отыр. Өз-өзіңізге сараптама жасап, алдағы жоспарды мұқият ойластырып алған жөн. Кәсіби әрі жеке қарым-қатынасты нығайтуға тиімді күн. Импульсивті шешімдерден аулақ болу маңызды. Тоқты белгісіндегілерге бүгін ұстамдылық қажет. Лидерлік қабілетіңіз жұмыста септігін тигізеді, алайда артық жүктеме шаршатуы мүмкін. Торпақтар үшін қаржы және жұмысқа қатысты сұрақтар оң шешіледі. Сабыр мен практикалық көзқарас нәтиже береді. Егіздерге қарым-қатынас орнату мен келіссөздер жүргізуге қолайлы уақыт. Ойыңызды анық жеткізсеңіз, түсініспеушілік болмайды. Шаян белгісіндегі адамдар ішкі түйсігіне сүйенуі керек. Әсіресе…
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 7-отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасының ел тарихындағы ерекше орнына назар аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция бүгінгі күрделі геосаяси әрі құқықтық сын-қатерлерден қорғайтын іргелі құжатқа айналмақ. Реформа Қазақстан үшін күнде беріле бермейтін тарихи мүмкіндік. Қоғам мен азаматтардың белсенді қатысуы Конституция жобасының құндылығын арттырып, оны шынайы халықтық құжат деңгейіне көтереді. – Біз Конституция мәтінін жай ғана жаңартып жатқан жоқпыз, елдің ертеңгі күнін айқындайтын стратегиялық миссияны атқарып жатырмыз. Осы жұмыстың әр қатысушысы тарихи жауапкершілікті сезінуі тиіс. Қоғам үшін де өз тағдырын өз қолымен қалыптастырудың маңызды сәті туып отыр, – деді…
Күні кеше ғана қызметінен босаған Серік Сапиев тез арада жаңа жұмыс тауып алды. Олимпиада чемпионы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарған Серік Сапиев жоспарлы ротация аясында қызметінен кеткен болатын. Енді министрлікте ол XX жазғы Азия ойындарына дайындық штабының спорттық бағытына жауапты координатор қызметін атқарады. Штаб құрамына спорт ардагерлері, ұлттық федерациялардың басшылары және министрлік өкілдері енді. Олардың міндеті әрбір дайындық кезеңінің нақты орындалуын қадағалап, алдағы Азия ойындарына дайындық сапасын арттыру. Кабинетте шыққан шатақтан кейін Қарағанды спортының шенділері Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтен кеткенін сайтымызға жазған болатынбыз.
Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынды партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев ашты. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық негізі деп атады. «Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтай партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық — табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат», — деді С. Егізбаев. Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 145…










