Ресейдің Украинаға қарсы төрт жылға созылған соғысының салдары оның экономикасы мен геосаяси жағдайына қалай әсер еткенін дәл қазір бүкіл әлем бақылап отыр. Бұл соғыс ресейлік экономиканың құрдымға кетуін жеделдетіп, оның халықаралық аренадағы беделін барынша төмендетіп жіберді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы уақыт ішінде Ресей НАТО-мен шекарасын екі есеге дейін ұзартып алды: бұрын 1, 2 мың шақырым болса, қазір ол 2, 6 мың шақырымға жетті. Қазір альянс шекарасы Арктикадан Балтық теңізіне дейін созылып, Санкт-Петербург қаласы НАТО-ның ATACMS зымырандарының тікелей нысанасына айналды. Екінші жағынан Ресей мұнай-газ экспорты бойынша премиум нарық саналатын Еуропадан айрылды. Осы арқылы Ресейдің экономикасы, технологиясы және қорғаныс саласы толықтай Қытайға…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар енді жылдық табысының 1%-ын Astana Hub инновациялық кластерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларына бағыттауға міндеттеледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл өзгерістер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген. Жаңа талап 2026 жылдың 14 ақпанынан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, енді жер қойнауын пайдаланушы компаниялар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ Astana Hub инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыруға міндетті. Қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша өткен жылғы жалпы табыстың кемінде 1%-ын құрайды. Қаржыландыру міндеттемелеріне мына шығындар жатады: Келісімшарт аясындағы және келісімшартқа тікелей қатысы жоқ, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;…
Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын ел өңірлерінде талқылауды жалғастыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Партияның аймақтық филиалдары кездесулер, пікірталастар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларға қатысып жатыр. Павлодар облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Әлімбек Ағыбаев жергілікті Достық үйінде өткен талқылауға қатысты. Жиында облыс әкімі Асаин Байханов жаңа Конституцияны әзірлеуде халықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылардың 2000-нан астам ұсынысы ескерілгенін атап өтті. Ол реформаның тарихи маңызы мен әрбір азамат үшін практикалық мәніне ерекше назар аударды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері жаңа Конституция жобасын толық қолдап, оның қоғамдық талқылау мен түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытатындарын жеткізді. – Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен…
Жаңа Конституцияның кіріспесінде Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс тапқан. Бұл туралы белгілі заңгер, Конституциялық комиссия мүшесі Айман Омарова өткен жаңа айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Заңгердің пікірінше, преамбуладағы «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген тіркес – тарихи маңызы зор, саяси тұрғыда аса терең тұжырым. – Бұл – өте салмақты норма. Преамбула өте сәтті әрі мағыналы жазылған. Оның басты күші – қазақ мемлекеттілігінің тарихи үздіксіздігіне ерекше мән беруінде, – деді Айман Умарова. Ол жаңа Конституцияның кіріспесі қазақ халқының мемлекеттік тарихы ХХ ғасырдан әлдеқайда бұрын басталғанын көрсетіп тұрғанын атап өтті. – Осы норма арқылы біз тарихи сабақтастық туралы ашық айтып…
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы интеллектуалдық спорт, оның ішінде тоғызқұмалақты дамыту бағытындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Исламабад қаласында өткен салтанатты шарада Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт орталығы ашылды. Ашылу рәсімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды. Шараға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков бастаған делегация қатысты. Оның құрамында ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының президенті, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсын, үш дүркін әлем чемпионы Серік Ақтаев, федерацияның атқарушы директоры Азамат Қалдыбаев және жетекші спортшылар болды. Сапардың басты мақсаты екі ел арасындағы интеллектуалдық спортты, әсіресе тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде дамыту, бірлескен оқу-білім жобаларын іске асыру және спорттық дипломатияны нығайту. 3…
Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан «Прима Құс» ЖШС Қазақстандағы құс етін өндіру және өңдеу саласындағы тұйық циклді заманауи ірі кәсіпорындардың бірі. Chickodelli брендімен танымал бұл кешен өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін басты назарда ұстап, тұрақты даму қағидаттарын ұстанып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпорынның негізі 2019 жылы Алматы қаласында қаланған. Ал 2021 жылы Алматы облысында ірі құс кешенінің құрылысы басталған. Қазір өндірістік аумақтың жалпы көлемі 547,5 гектарды құрайды. Компанияда бүгінде 750-ден астам адам жұмыс істейді. Құрылыс толық аяқталған соң, жұмысшылар саны 1200-ге дейін көбейеді деп жоспарланған. Компания өндіріс қуатын кезең-кезеңімен арттырып келеді. 2022 жылы аяқталған алғашқы кезеңге 33,5 млрд теңге инвестиция тартылып,…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғиниятпен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін оңалту қызметтерінің сапасын арттыру, осы саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары кездесуде ана мен бала денсаулығы мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. – Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда. Ана мен бала денсаулығы – біз үшін әрдайым басты назарда тұратын мәселе. Балалардың сапалы әрі тиімді ем алуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Оңалту орталықтарына заманауи технологияларды енгізіп, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейту қажет. Осы кездесуде айтылған ұсыныстарды мұқият қарап, алдағы жоспарға…
2023-2025 жылдар аралығында Алматы облысында автобус паркінің жартысына жуығы жаңартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үш жыл ішінде өңірдегі 240 автобустың 113-і ауыстырылып, парктің 47%-ын жаңа техника құрады. Тек 2025 жылдың өзінде ғана облыс маршруттарына 36 жаңа автобус шықты. Бұл қадамдар бірнеше жылдан бері қордаланған қоғамдық көлік мәселесін шешуге бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Автобус паркін жоспарлы жаңарту басталғанға дейін өңірдегі қоғамдық көліктің тозуы мен қолжетімділік мәселесі өзекті еді. Мысалы, 2023 жылға дейін соңғы рет автобус паркі 2018 жылы ғана жаңартылып, оның өзі Қонаев қаласында небәрі 11 автобуспен шектелген болатын. Әсіресе ауданаралық маршруттар мен шалғай ауылдарда көлік қатынасы қиындық тудырып, тұрғындар үшін қоғамдық…
Әл-Кувейт қаласында Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі «Eurasia Agro Semey» компаниясының жұмыс сапарын ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл компания Қазақстанда заманауи ет өңдеу комбинатын салуды қолға алған. Жоба тарихи тұрғыдан кеңес дәуірінде Семейдегі Калинин атындағы әйгілі ет комбинаты орналасқан аумақта жүзеге асырылуда. Мұнда өңірдегі дәстүрлі өндіріс тәжірибесі заманауи технологиялармен ұштастырылып, халықаралық стандартқа сай кәсіпорын салынып жатыр. Жұмыс сапары аясында қазақстандық компания Кувейттің ірі кәсіпорыны «ALMARAI National Co.» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат биыл тамызда жаңа комбинат іске қосылғаннан кейін, ет өнімдерін Кувейт нарығына экспорттауды көздейді. Меморандум Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтудағы маңызды қадам. Оның басты мақсаты Таяу…
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы дамытуға жеке инвестицияларды тарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, 2025 жылы елорда экономикасына 2,5 триллион теңге көлемінде рекордтық инвестиция тартылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық. Қаражат әлеуметтік нысандармен қатар, өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және басқа да салаларды дамытуға бағытталған. Кезекті инвестициялық штаб отырысында инвесторлар ұсынған жаңа жобалар қаралды. Олардың қатарында қуаты 500 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану, ірі логистикалық парк құрылысы, 1000 оқушыға арналған жеке мектеп және пансионат ашу сияқты жобалар бар. Сонымен қатар №2 Индустриалдық парктің құрамына енетін бірқатар маңызды жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, мотор майларын шығаратын…










