Автор: Лейла Болтаева

жұлдыз жорамал гороскоп

24 наурыз күні жұлдыздар белсенділік пен өзгерістердің энергиясын сыйлайды. Астрологтар бұл күнді жаңа істерді бастауға, сонымен қатар ескі шаруаларды аяқтауға қолайлы деп санайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Күн бойы жинақылық пен сабырлық қажет. Жұмыста күтпеген тапсырмалар туындауы мүмкін, сондықтан эмоциямен емес, ақылмен әрекет етіңіз. Жеке өмірде ашық әңгіме жүргізу мүмкіндігі бар. Торпақ Бұл күн қаржыға қатысты мәселелерді шешуге және сауда жасауға қолайлы. Табысыңызға қатысты жағымды жаңалықтар болуы мүмкін. Кешті жақын адамдармен демалуға арнаған жөн. Егіздер Белсенді әрі қарбалас күн. Көптеген кездесулер мен жаңа идеялар болады. Назарды шашыратпай, бастаған істі соңына дейін жеткізіңіз. Шаян Эмоциялық тұрғыдан тұрақсыздық болуы мүмкін. Қақтығыстардан аулақ…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстан бойынша 24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, сейсенбі күні еліміздің солтүстік өңірлерінде күн бұлтты болып, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі ықтимал. Батыста жауын-шашын күтілмейді, алайда кей жерлерде тұман болады. Шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып, тұман түседі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалалар бойынша ауа райы болжамы: Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ сақталады. Батыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с болады. Түнде -5…-7 градус суық, күндіз +5…+7 градус жылы. Алматыда жаңбыр, кей уақытта қатты жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с, екпіні 15…

Толық оқу
жол көлік оқиғасы

21 наурыз күні Алматыда болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші танымал кәсіпкер болып шықты. Журналист Михаил Казачковтың айтуынша, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында Zeekr 9X маркалы автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Мерседеспен» бетпе-бет соқтығысқан. Жантүршігерлік апат салдарынан «Мерседестің» ішінде отырған үш адам 29 жастағы жүргізуші және 22 мен 20 жастағы екі жолаушы қыз қаза тапқан. Ал Zeekr жүргізушісінің қабырғасы, жамбас сүйегі мен оң аяғы сынған, деп жазады Ertenmedia.kz. Журналистің айтуынша, Zeekr көлігін басқарған азамат 32 жастағы Александр Пак есімді бизнесмен. Ол Алматының жоғарғы бөлігінде тұрады және көлік саласында жұмыс істейтін екі компанияның негізін қалаушы. Оның бірі 2025 жылы құрылған «ГУ ХОЗУ Алматы»…

Толық оқу
Ергин

Хьюстонда өткен CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы өтті. Осы шараға қатысқан ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов S&P Global компаниясының вице-төрағасы Дэниел Ергин маңызды кездесу өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемдік энергетикалық нарықтағы қазіргі сын-қатерлер, жаһандық логистика бағыттарының өзгеруі және инвестициялық ағымдардың қайта бөлінуі кездесу барысында басты тақырыпқа айналды. Тараптар макроэкономикалық өзгерістердің халықаралық корпорациялар стратегиясына қалай ықпал ететінін кеңінен талқылады. Қазақстан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдің халықаралық нарықтарды тұрақты түрде көмірсутекпен қамтамасыз етіп отырғанына тоқталып, бүгінде жаңа логистикалық дәліздерді дамытудың маңызы артқанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан үшін басты басымдық мұнай мен газды терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласына халықаралық капиталды тарту. – Жаһандық…

Толық оқу
майдың қараюы

Автокөлік иелерінің арасында мотор майының қарайып кетуі майды шұғыл ауыстыру керегін білдіреді деген түсінік кең тараған. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Керісінше, майдың түсінің қоюлануы оның өз қызметін дұрыс атқарып жатқанын көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мотор майы мотордың ішіндегі майлаушы ғана емес, сонымен қатар тазалаушы рөлін атқарады. Яғни, май қозғалтқыш ішіндегі шаң-тозаң, кір-қоқыс, күйе сияқты зиянды заттарды жинап алып, қозғалтқыштың ішкі бөліктерін тазартып отырады. Сондықтан майдың қарайып кетуі қалыпты жағдай. Автокөліктің моторы жұмыс істеген кезде май барлық ішкі бөліктеріне барып, үздіксіз айналымда болады. Соның арқасында ол қозғалтқышта жану нәтижесінде пайда болатын түрлі зиянды қалдықтарды бойына сіңіріп алады. Әсіресе, дизельді отынмен жүретін…

Толық оқу
арка

Құрылыс кезінде арка пішініндегі терезе немесе есіктерді салу көбіне күрделі және қымбат іс болып көрінеді. Өйткені арка формасын жасау үшін арнайы ағаш немесе металл қалыптар (опалубка) қажет. Бірақ бұл мәселені шешудің қарапайым әрі тиімді жолы бар. Бұл үшін кәдімгі автокөлік шинасын пайдалану керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Аркалы терезе немесе есік салғанда кірпіштердің дұрыс орналасып, қисық пішіннің дұрыс шығуы үшін қалып қажет. Арнайы қалыптар уақытша ғана пайдаланылады, олар құрылыс аяқталған соң алынып тасталады. Осы мақсатта қарапайым үлкен шина идеалды шешім болып табылады. Оның дөңгелек формасы дайын арканың пішінін жасауға өте қолайлы әрі төзімді келеді. Шинаны қалай пайдаланамыз? Алдымен арка салынатын жерге…

Толық оқу
Әлемдк мұнай өндірісі

Әлемдік нарықта жағдай біршама тұрақтанды. АҚШ-тың S&P 500 индексі небәрі 0,3%-ға төмендеген. Бұған Иран мәселесіне қатысты алаңдаушылықтың біршама бәсеңдеуі себеп болды. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың «Иран енді уран байытып, баллистикалық зымырандар шығара алмайды, бұл соғыс болжамнан әлдеқайда ерте аяқталады» деген мәлімдемесі инвесторлардың көңіл-күйін жақсартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Нарыққа әсер еткен тағы бір фактор мұнай бағасының құбылуы. Кеше сауда кезінде мұнай бағасы барреліне 119 долларға дейін көтерілгенімен, кейін 108 долларға дейін төмендеп, нарықтарға жеңілдік әкелді. Мұндай динамикаға АҚШ-тың Ресейден мұнай сатып алуға ішінара рұқсат беруі және кейбір Иран мұнай жеткізілімдерінен санкциялардың алынуы мүмкін екені туралы мәлімдемелер ықпал еткенін айта кетуіміз керек.…

Толық оқу
коробка механика

Электромобильдер қазірдің өзінде әлем бойынша танымал бола бастады, бірақ олардың құрылымы дәстүрлі бензинді автомобильдерден айтарлықтай ерекшеленеді. Соның ішінде басты айырмашылық – электрлі қозғалтқыштың пайдаланылуы, деп жазады Ertenmedia.kz. Электромобильдерге дәстүрлі автомобильдердегідей жиі май ауыстырудың қажеті жоқ. Расында, Tesla сияқты кейбір модельдерде май сүзгілері бар, бірақ олар көбіне беріліс қорабының (трансмиссия) жұмысына арналған. Беріліс қорабы электромобиль мен бензинді көліктер арасындағы тағы бір маңызды айырмашылық. Әдетте, электромобильдерде тек бір ғана жылдамдықты трансмиссия орнатылады. Ал бензинді көліктерде қазіргі кезде тіпті 10 жылдамдықты беріліс қорабы болуы мүмкін. Неліктен электромобильдерге бір ғана беріліс жеткілікті? Оның сыры электр қозғалтқышының ерекше жұмысында. Электр қозғалтқышы іске қосылған сәттен бастап…

Толық оқу
датчиг

Автокөлігіңіздің алдыңғы панелінде, әйнекке жақын орналасқан, кішкентай, қара түсті дөңгелек датчикті байқадыңыз ба? Көп адам бұл қандай да бір камера немесе навигациялық құрылғы деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде «күн сәулесінің датчигі» (Solar Load Sensor) деп аталатын ерекше құрылғы. Оның негізгі қызметі – салонға түсетін күннің сәулесінің күшін өлшеп, соған сәйкес көліктің климаттық бақылау (климат-контроль) жүйесін реттеу, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн сәулесінің датчигі әдетте фотодиод деп аталатын шағын жартылай өткізгіш құрылғыдан тұрады. Бұл фотодиодтың ерекшелігі оған жарық түскенде электр тогын шығарады. Яғни, күн сәулесінің күші артқан сайын, фотодиод шығаратын электр сигналы да күшейе түседі. Осы сигналдарды көліктің климат-контроль жүйесі қабылдап,…

Толық оқу
Мөлдір бұлақ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Үндеуінде табиғатты қорғау мен экологиялық тазалықтың маңыздылығын ерекше атап өтіп, бүкіл ел бойынша «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына ресми түрде бастау берді. Осы бастаманы қолдаған Түркістан облысында кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген бұл акцияның мәні ерекше. Себебі Наурыз – табиғаттың жаңарып, қоршаған ортаның тазаратын, адамның рухани жаңғыратын кезеңі. Акция аясында Түркістан облысының шығыс қақпасы саналатын, табиғаты сұлу, бұлаққа бай Түлкібас ауданында белсенді жұмыстар қолға алынды. Қаратау мен Алатау сілемдері түйісетін Түлкібас өңірі – табиғаты ерекше аймақ. Мұнда жеті өзеннің бастауы, жүзге тарта бұлақ көзі бар. Бұл су көздері жергілікті…

Толық оқу