Иранға 48 сағат ультиматум қойып, артынша әскери соққыны кейінге қалдырған Дональд Трамптың мәлімдемесі халықаралық сарапшылар арасында сұрақ тудыруда. Иранның ресми өкілдері АҚШ-пен тікелей келіссөз болмағанын жоққа шығарғанымен, жабық дипломатиялық арналардың жұмыс істегені байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ирантанушы Қуанышбек Қаридың айтуынша, Трамптың «нәтижелі келіссөз» туралы сөзі формалды дипломатиядан гөрі бейресми байланыстарға қатысты болуы мүмкін. Себебі Иран үшін АҚШ-пен ашық келіссөз жүргізу – ішкі саяси тұрғыдан өте сезімтал мәселе. Сол себепті Тегеран әдетте мұндай диалогтарды үшінші тарап арқылы, көбіне жабық форматта өткізеді. Сарапшының пікірінше, бұл жолы да дәл сондай сценарий қайталанған. Иранның Пәкістан арқылы АҚШ-қа белгілі бір «жолдау» жібергені туралы ақпарат соның…
Автор: Лейла Болтаева
Белгілі саясаттанушы Тимур Сейітмұратовтың пікірінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери операцияны бес күнге тоқтата тұру туралы шешімі екі түрлі саяси астарды білдіретінін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Біріншіден, бұл жаңалық Вашингтон мен Тегеран арасында шын мәнінде келіссөздер жүріп жатқанын растайды. Екіншіден, бұл шешім АҚШ-тағы жас буын республикандық саясаткерлердің арасындағы саяси бәсекенің күшейгенін көрсетеді. 24 наурыз күні Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадтың АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Ирандық ақпарат көздері кездесу осы аптада өтетінін растап отыр. The Guardian басылымының дерегінше, АҚШ тарапынан басты келіссөз жүргізушісі ретінде вице-президент Джей Ди Вэнс белгіленген. Иран тарапын парламент…
25 наурызға арналған жұлдыз жорамал сізден жауапкершілік пен жинақылықты талап етеді. Бүгін эмоцияларға ерік бермей, маңызды шешімдерді асықпай қабылдаған дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін алдыңызға үлкен сынақтар мен жауапкершілік келеді. Өз мақсатыңызға айқын қарап, энергияңызды маңызды жобаларға бағыттаңыз. Әрбір әрекетті нақты жоспармен жасаңыз. Торпақ Өзгелерге көмектесу — жақсы қасиет, бірақ бәрінің шегі бар екенін естен шығармаңыз. Айналаңыздағы адамдардың да сізге қамқорлық көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Жақсылықтың өзара болуы маңызды. Егіздер Жақын достарыңызбен арадағы қарым-қатынасқа көңіл бөліңіз. Егер кей әзілдер мен сөздер сізге ұнамаса, бұл туралы ашық айту керек. Өз шекараңызды құрметтетуді үйреніңіз. Шаян Жаңа бастамаларға дайын болатын кез келді. Алдыңызға…
Табиғаттың тазалығы адамзаттың амандығының негізі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – осы жауапкершілікті нақты істер арқылы жүзеге асырудың жарқын көрінісі, деп жазады Ertenmedia.kz. «Мөлдір бұлақ» акциясы – жай ғана табиғатты тазарту шарасы емес. Бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды жоба. Акцияның негізгі мақсаты – ел аумағындағы бұлақ көздерін ашу, өзен-көлдерді тазарту, айналасын абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу. Бұл арқылы таза ауыз су қорын сақтап, экологиялық тепе-теңдікті нығайту көзделген. Түркістан облысында акция ерекше белсенділікпен өтуде. Әсіресе, табиғаты әсем Түлкібас ауданында «Әулие бастау» бұлағы тазартылып, айналасына ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл…
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы Таяу Шығыстағы күрделі дипломатиялық кеңістікте Астананың теңгерімді ұстанымын тағы бір мәрте көрсетті. Бұл шешім бір қарағанда Израильмен байланысты қалыпқа келтіру қадамы секілді көрінуі мүмкін. Бірақ Қазақстан үшін оның мазмұны әлдеқайда кең. Мұнда бір жағынан өңірлік тұрақтылыққа үлес қосу ниеті тұрса, екінші жағынан Палестина халқының егемен мемлекет құру құқығына қатысты бұрынғы ұстанымнан бас тартпау қағидасы сақталып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылатыны туралы ақпарат АҚШ-тағы Орталық Азия саммиті қарсаңында жарияланған болатын. Сол кезде бұл қадамды көбіне символдық сипаттағы шешім деп бағалады. Себебі Қазақстан Израильмен дипломатиялық және экономикалық байланысты 1992 жылдан бері сақтап келеді. Яғни Астана…
Елордада 481 мыңнан астам жас тұрады. Ал олардың оқу, еңбек, баспана, қоғамдық белсенділікке қатысты сұранысы қаланың даму бағытына тікелей әсер етіп отыр. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев сұхбатта жас буынға жасалып жатқан мүмкіндік, еңбек нарығына бейімдеу, волонтерлік қозғалыс, NEET санатындағы жастармен жұмыс және елордадағы жастар саясатының жаңа мазмұны туралы айтты. – Самат мырза, Астанада жастар саясаты қазір қандай бағытта дамып келеді? – Қазір жастар саясатын жеке-жеке іс-шараның жиынтығы деп қарауға болмайды. Астана үшін бұл қаланың әлеуметтік тынысын, еңбек нарығын, білім ортасын, мәдени келбетін және қоғамдық қауіпсіздігін айқындайтын үлкен бағыт. Елордада 481 мыңнан астам жас тұрады. Бұл…
Вьетнамдық жұмыртқа қосылған кофе (Cà phê trứng) – ерекше және дәмді сусын түрі. Ол алғаш рет 1946 жылы Ханой қаласында пайда болған. Сол кезде елде сүт тапшылығы болғандықтан, кофеге жаңа сауылған сүттің орнына жұмыртқаның сарысы, қант және қоюлатылған сүт қосылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл сусынның ерекшелігі қою әрі ащылау кофенің дәмін жұмыртқаның сарысынан жасалған тәтті және жұмсақ креммен үйлестіруінде. Вьетнамдық жұмыртқа кофесі қалай дайындалады? Дәстүрлі түрде бұл сусын үшін вьетнамдық робуста кофесі қолданылады. Оны арнайы «фин» деп аталатын сүзгі арқылы демдейді. Бұл әдіс кофенің дәмін барынша қанық әрі қою етеді, тіпті эспрессоға ұқсатады. Кофенің үстіне қосылатын тәтті крем былай жасалады:…
Алтын бағасы соңғы төрт айдағы ең төменгі деңгейге түсті. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға бағытталған әскери соққыларды кейінге қалдыруы және пайыздық мөлшерлемелердің өсу ықтималдығы әсер етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, спот алтынның бағасы бір сәтте 8%-ға дейін төмендеп, кейін шығындарын аздап қысқартты. Күндізгі сауда нәтижесінде баға 1,8%-ға түсіп, бір унция үшін 4407,06 доллар деңгейінде тұрақтады. АҚШ-тағы алтын фьючерстері 3,7%-ға арзандап, 4407,30 долларды құрады. Бұл алтын нарығындағы соңғы тоғыз күндегі тұрақты төмендеудің жалғасы. Өткен аптаның көрсеткіші 1983 жылдан бергі ең нашар нәтиже болып тіркелген еді. High Ridge Futures компаниясының металл саудасы бойынша директоры Дэвид Мегердің пікірінше,…
Соңғы жылдары Қазақстанда да танымал бола бастаған ерекше құрылыс түрі А-рамкалы үйлер. Бұл үйлердің ерекшелігі үшбұрыш тәрізді формасы мен төбесі және қабырғалары бір конструкцияны құрайтын қарапайым, бірақ өте берік құрылымы, деп жазады Ertenmedia.kz. А-рамкалы үйлер көбіне ағаштан салынады және олар табиғатпен үйлесімді көрінеді. Олардың дизайны ерекше, сондықтан көбіне демалыс орындарында, шағын саяжайларда, тау шатқалдарында жиі қолданылады. Бұл үйлердің негізгі артықшылықтары қандай? Біріншіден, олардың қарапайым құрылысы. Мұндай үйлерде қабырға мен төбе бөлек салынбайды, керісінше, бір-бірімен бірігіп, үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Осы себептен құрылыс тез жүреді және шығын да аз болады. Екіншіден, тұрақтылық пен беріктік. Үшбұрыш пішінді үйлер жел мен қарға төзімді…
Жаңғақ адам ағзасына өте пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында дәрумендер, минералдар және пайдалы майлар көп. Бірақ жаңғақты дұрыс мөлшерде тұтыну маңызды, әйтпесе пайдасының орнына зияны болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың айтуынша, жаңғақты күніне 30-60 грамм мөлшерінде жеген дұрыс. Ең көп дегенде 100 грамнан аспауы керек. Себебі жаңғақтың калориясы өте жоғары: 100 грамында 550-700 ккал болады. Артық мөлшерде жеу бауырға салмақ түсіріп, ас қорытуды бұзуы мүмкін. Балаларға жаңғақты 3 жасқа дейін бермеген жөн. Себебі олардың ағзасы мұндай ауыр тағамды толық қорыта алмайды. Сонымен қатар жаңғақ аллергия туғызуы мүмкін, әсіресе жержаңғақ пен грек жаңғағы. Жаңғақтың пайдасы өте көп. Ол жүрек пен…










