Автор: Лейла Болтаева

референдум

Бүгін Түркістан қаласындағы Ханшайым Плаза сауда орталығының фойесінде ерекше форматтағы «Voice Wall» интерактивті алаңы ашылды. Бастама 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға орай қолға алынған маңызды шаралардың бірі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Интерактивті алаңда қала тұрғындары мен жастар елдің болашағы туралы өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін қалдырып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алды. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қалалық мәслихат депутаты Самат Рысбеков арнайы қатысып, жиналғандарға ізгі тілектерін жеткізді. Ғаппар Сәрсенбаев өз сөзінде алдағы референдум әрбір азаматтың елдің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды таңдауы екенін атап өтті. Ал Самат Рысбеков жастарды саяси процестерге белсенді атсалысып, ортақ болашағымызды бірге қалыптастыруға…

Толық оқу
газ кеніші

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде табиғи газдың ресурстық әлеуетін арттыру үшін Энергетика министрлігі мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы кешенді геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарламаның басты міндеті саланың шикізат базасын нығайтып, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ұлттық компания өткен жылы Малдыбай, Шалқар, Аққұдық, Солтүстік-2 және Саралжын учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалануға арналған 5 келісімшартқа қол қойды. Оның ішінде үш учаскеге стратегиялық серіктестер тартылды, қалған екі учаскеде жұмыстар бейінді еншілес ұйымның күшімен іске асады. Халықаралық әріптестік те жаңа деңгейге көтерілуде. Атап айтқанда, қытайлық CNPC корпорациясымен келісім жасалып, тікелей келіссөздер кезеңі аяқталды. Қазіргі кезде Солтүстік-1 учаскесі бойынша келісімшарт…

Толық оқу
Тұман қар

Еліміздің басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Осыған байланысты жауын-шашын күтіліп, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысында түнде батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі, күндіз аталған аудандарда қар аралас жаңбыр, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°С, облыстың оңтүстігінде -5°С, күндіз 0,-5°С аралығында болады. Ақмола облысының батыс, солтүстік және шығыс аудандарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аудандарда қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°С, шығыс бөлігінде -13°С, күндіз 0,-5°С шамасында. Ақтөбе облысының батыс, солтүстік және шығыс…

Толық оқу
Мәулен Әшімбаев

Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңір тұрғындарымен кездесіп, Конституциялық реформаның стратегиялық маңызына тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді жүйелі түрде жаңғырту жолындағы маңызды кезең. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді халықтың тікелей таңдауымен қабылдау демократиялық қағидаттарға беріктіктің нақты көрінісі. Конституциялық реформаның негізгі мақсаты Тәуелсіздігімізді нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осы орайда заң үстемдігін, құқықтық тәртіпті және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге басымдық берілген, – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат төрағасы Конституцияның жаңа редакциясында адам капиталына ерекше мән беріліп, мемлекеттілік, егемендік пен ішкі саяси тұрақтылықтың маңызы нақты айқындалғанын атап өтті. –…

Толық оқу
Сэм Альтман

OpenAI басшысы Сэм Альтман компанияның АҚШ Қорғаныс министрлігімен жасалған келісімшартқа кейбір өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Біз Қорғаныс министрлігімен келісімшартымызға өзгерістер енгізіп, өз ұстанымдарымызды нақтылау бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Альтман әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, жаңартылған келісім бойынша Пентагон OpenAI қызметтері АҚШ қорғаныс министрлігінің барлау агенттіктері, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) тарапынан пайдаланылмайтынын растады. Егер мұндай қызметтер қажет болса, келісімшартқа қосымша өзгерістер енгізу міндетті болады. Бұл қадам OpenAI компаниясының жасанды интеллект технологияларын пайдалану қағидаттарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап…

Толық оқу
жол

Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 100 пайызы және жергілікті жолдардың 95 пайызы жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлім етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс басшысының айтуынша, өңірдегі автожолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде республикалық маңызы бар «Талдықорған – Достық» (498 км), «Сарыөзек – Қорғас» (248 км) және облыстық маңызы бар «Талдықорған – Балқаш көлі» (132 км) автожолдарына жүргізілген жөндеу жұмыстары арқылы көрсеткіш айтарлықтай жақсарған. – Жолдардың сапасын бақылауды күшейту үшін өңірде 2024 жылдан бері 10 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылды. Бұл жүйелер жолдардың нормативтік жағдайын тұрақты түрде бақылап отыруға…

Толық оқу
дауыс Айгүл Қалықова

Алматыда алдағы республикалық референдумда басқа адамның атынан дауыс берген азаматтарға айыппұл салынатыны ескертілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беру кезінде кез келген мәжбүрлеу, алаяқтық жолмен басқа адамның атынан дауыс беру немесе бөгде бюллетеньді пайдалану заңға қайшы әрекет болып саналады. «Егер мұндай заң бұзушылықтар анықталса, дауыс беруші азамат та, сондай-ақ осы бюллетеньді берген комиссия мүшелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Айгүл Қалықова. Ол Алматы тұрғындарын дауыс беру тәртібін қатаң сақтап, өздерінің азаматтық құқығын заң аясында жүзеге асыруға шақырды. Бұл өз кезегінде референдумның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге…

Толық оқу
Әйелдер

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдайды!» атты ауқымды шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараны «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының Әйелдер қанаты «Ақ жол» және «Respublika» партияларының Әйелдер қанаттарымен бірлесіп ұйымдастырды. Қоғам, бизнес, ғылым, білім беру және жастар ұйымдарының 500-ден астам белсенді өкілі бас қосып, Конституцияның жаңа редакциясына енгізілетін өзгерістерге қолдау білдірді. «Әйелдер жаңа Конституция үшін: бірлік, жауапкершілік, болашақ» ұранымен өткен жиында Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабының төрағасы Ерлан Каналимов сөз сөйледі. – Жаңа Конституцияның өзегінде адам құндылықтары мен тең мүмкіндіктер кепілдігі жатыр. Бұл өзгерістер әйелдерге ғылымнан бастап цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен мемлекеттік басқаруға…

Толық оқу
Электр желісі энергетика

ҚР Энергетика министрлігі елдің ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр жүйесін жаңғыртып, жаңа қуат көздерін іске қосуға арналған ірі жобаларды жүзеге асыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық электр желісінің операторы «KEGOC» АҚ энергия жүйесін күшейту бойынша маңызды жұмыстар атқаруда. Оның ішінде ерекше стратегиялық маңызға ие жоба Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) біріктіру. Жоба бойынша ұзындығы 600 шақырым болатын, кернеуі 500 кВ электр желісінің құрылысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, солтүстік пен оңтүстік арасында қуат теңгерімсіздігін реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Солтүстік–Оңтүстік» транзитін күшейту мақсатында «Алматы-Жамбыл» учаскесінде 475 шақырымдық жаңа 500 кВ электр желілері тартылуда.…

Толық оқу
Рефрендум

Абай облысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері өңір жұртшылығымен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. 500-ден астам адам қатысқан жиында қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бизнес, әлеуметтік сала өкілдері бас қосты. Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен 15 наурыздағы референдумның маңызы талқыланды. Жиынды ашқан облыс әкімі Берік Уәли Конституция жобасын жан-жақты талқылаудың өңірлік басқару жүйесіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституция мәтіні жарты жылдық ашық талқылау мен қоғамның белсенді қатысуының нәтижесінде дайындалғанын айтты. – Жаңа Конституция Конституциялық комиссияның 130 мүшесінің және мыңдаған азаматтың еңбегінің…

Толық оқу