Журналист Нұрлан Жұмахан желі қолданушысы Жәнібек Қожықтың айтып жүрген «Мектептерде 50% ер ұстаздар болуы керек. Сонда мектепте тәрбие де, білім де болады» деген көзқарастың тарихи-ғылыми негізі жоқ екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол бұл ой қазіргі білім жүйесінің күрделі сипатын ескермей айта салған бос әңгіме деп бағалады. – Алаш арыстары өмір сүрген кезеңде зиялы қауымның көбі ер адам болғаны рас. Ол кезде әйелдердің жаппай білім алу мүмкіндігі болған жоқ. Әлемдік тариқа назар аударсақ, әйелдерге білім беруге алғаш рет 18-19-ғасырларда қолға алынғанын байқаймыз. Мысалы АҚШ пен Еуропада әйелдер мұғалімдікке алғаш рет ХІХ ғасырдың аяғында тартылған. Осы үрдіс әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеруге, тең…
Автор: Лейла Болтаева
Маңғыстау облысында азаматтардың референдум учаскелеріне тіркелу тәртібі түсіндірілді. Өңірде 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында тұрғындарға жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңғыстау облыстық референдум комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов азаматтарға өздерінің тіркелген жерінен тыс аумақта дауыс беру тәртібін түсіндірді. – Егер азамат 15 наурызда өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Осы өтініш негізінде азаматқа есептен шығару куәлігі беріледі. Аталған құжат арқылы азамат референдум күні болатын жеріндегі кез келген учаскеде дауыс бере алады. Есептен шығару куәлігін өкіл де ала…
15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында Алматы облысында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтарға дауыс беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. – Егер азамат дауыс беру күні, яғни 15 наурызда өзінің тіркелген жерінен басқа жерде болса, онда ол 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі керек. Осы өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл куәлік азаматқа референдум өтетін күні болатын жеріндегі кез келген учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Есептен шығару куәлігін өкіл арқылы да алуға болады, мұндай жағдайда сенімхатты нотариалды…
Синоптиктер 3 наурызға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана – көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз аздаған қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6…-8, күндіз -3…-5 градус. Алматы – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде -0…-2, күндіз +2…+4 градус жылы. Шымкент – көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, түнде және…
Ирандағы әскери іс-қимылдар Қазақстанның астық экспортын толықтай тоқтатты. Бұл туралы Қазақстанның астық одағы аналитика комитетінің басшысы Евгений Карабанов мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қазақстан Иранға астық, әсіресе арпа экспорттайды. 2024-2025 маркетингтік жылында Иранға экспортталған қазақстандық арпаның көлемі 1 млн 228,4 мың тоннаны құраған. Алайда қазір әскери қақтығыстар салдарынан барлық келісімшарттарға форс-мажор жарияланды. Қазіргі таңда астық жеткізу толық тоқтады, экспорт көлемі күрт төмендейді, – деді Евгений Карабанов. Оның айтуынша, биыл экспорт көлемі онсыз да төмендей бастаған, себебі Қазақстан Иран нарығында ресейлік астықпен бәсекелестік күшейген. – Былтыр Ресейде арпа өнімі төмен болды. Ақпан айынан бастап Ресей арпа экспортына шектеу қойған еді, сол…
Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурыздағы дауыс беру күні тіркелген мекенжайыңыздан тыс жерде болсаңыз, басқа учаскеде дауыс бере аласыз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол үшін 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін тіркелген учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгінуіңіз керек. Өтінішпен бірге жеке куәлігіңізді ұсынуыңыз қажет. Осыдан кейін комиссия Сізге арнайы есептен шығару куәлігін табыстайды. Есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өзге адамға да алдыртуға болады. Бұл үшін сенімхатты нотариалдық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалса немесе бүлінсе, қайта берілмейді. Сондай-ақ бір елді мекен ішіндегі басқа учаскеге ауысқанда куәлік берілмейтінін ескеріңіз. Дауыс беру күні…
Өскемен қаласындағы Орталық мәдениет үйінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған кездесуге Мәжіліс депутаттары Ұлықбек Тұмашинов пен Сергей Пономарев, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты. Жиын барысында Аида Балаева жаңа Конституция жобасының кәсіпкерлік үшін тұрақты құқықтық орта қалыптастыратынын атап өтті. – Кәсіпкердің басты талабы ойын ережесінің ашық, әділ әрі тұрақты болуы. Инвестицияның қорғалуы, меншік құқығының беріктігі және әділ сот жүйесі тұрақты дамудың кепілі. Жаңа Конституция осы қағидаларды бекітіп, мемлекет басқару жүйесін…
Бүгін Иран Израиль аумағына зымыран соққысын жасап, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесін нысанаға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) хабарлауынша, шабуыл Израиль үкімет басшысының кеңсесі мен Израиль Әуе күштерінің қолбасшысы Томэр Бар орналасқан стратегиялық әскери нысанға бағытталған. Осыған байланысты Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланбай отыр. Батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл шабуыл Нетаньяхуға бағытталған тікелей қауіп қана емес, Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің жаңа деңгейге көтерілгенін айтуда. Reuters агенттігінің мәліметінше, Тель-Авивтегі саяси және әскери басшылыққа жасалған бұл шабуыл Иранның Таяу Шығыстағы әскери стратегиясының елеулі түрде өзгергенін білдіруі мүмкін. Премьер-министр Нетаньяхудың өзі нысанаға алынуы Иран тарапынан…
Жамбыл облысында терроризмге қарсы жұмысты күшейту мәселесі өңірлік қауіпсіздіктің күнделікті әрі нақты бағытына айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жамбыл облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссия отырыстары облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өтіп келеді. Әрбір отырыста ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттың жай-күйі, оны жетілдіру жолдары және түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстары қаралады. Қазіргі терроризмге қарсы саясаттың басты ерекшелігі қауіптің өзін күтпей, оның пайда болу алғышарттарын ерте анықтау. Жамбыл облысы үшін мұндай тәсіл әсіресе маңызды. Өңірде ірі көлік дәліздері, шекараға жақын елді мекендер, білім беру ұйымдары, өндіріс орындары мен халық көп жиналатын нысандар бар. Қазақстанда террористік тұрғыдан осал нысандардың…
Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешені аумағында орналасқан тұрғын үй қабырғасына Конституцияға арналған жаңа мурал салынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ерекше бастама еліміздегі Конституциялық реформаны қолдауға бағытталып, саяси жаңғыру мен әділетті қоғам құрудағы халықтың ортақ ұмтылысын бейнелейді. Заманауи өнер үлгісімен орындалған муралда азаматтардың бірлігі, заңның үстемдігі мен әділетті қоғамның басты құндылықтары көркем түрде көрсетілген. Муралдың ашылу рәсімі түркістандық жастардың арнайы ұйымдастырған флешмобымен жалғасты. Жиналған жұрт Конституциялық реформаны қолдайтынын білдіріп, көк аспанға референдум символикасы бар әуе шарларын ұшырды. Бұл символикалық іс-шара жастардың еліміздің жарқын болашағына сенімі мен ортақ жауапкершілігін айқын көрсеткендей болды. Жиналған көпшілік жаңа Конституцияның әділетті әрі дамыған Қазақстан құрудағы маңызын…










