Автор: Лейла Болтаева

Азамат Сатыбалды

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында «Қазақфильмді» басқарған кезеңі туралы айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесі студия тізгінін небәрі бір жыл ұстауына шаршау ғана емес, түрлі қысым мен кедергілер себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, басшылыққа келген алғашқы күннен бастап жүйені жаңғыртып, ұзақмерзімді даму бағытын айқындауға кіріскен. – Қазақфильмле ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып шаршадым. Аптасына жеті күн жұмыс істедім. Талантты режиссерлерді шақырып, бес жылдық бизнес-жоспар құрдық. Студияны табысқа шығарудың нақты жолын жасадық. Бірақ аяғымнан шалғандар болды. Қазірден осылай болса, кейін не боларын ойладым. Қазірдің өзінде жаманатты қылып көрсетіп жатса, ертең атып кетпесіне кім…

Толық оқу
Boeing Назарбаев

Журналист Манас Қайыртайұлы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы АҚШ-қа сапары қарсаңында сатып алған Boeing ұшағының кейінгі тағдырын анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. 1994 жылдың басында Назарбаев Америкаға алғаш рет ресми сапармен барар алдында арнайы Boeing ұшағын сатып алған-ды. Бұл шешімнің саяси астары да бар еді. Өйткені, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында сатып алынған алғашқы Boeing болатын. АҚШ президенті Билл Клинтон да кездесуде жаңа ұшақ туралы сұрағанда, Назарбаев америкалық Boeing орыстың «Ильюшиндерден» әлдеқайда сапалы әрі арзанырақ екенін айтып, мақтаған. Алайда бұл ұшақ жаңа емес еді. Журналист анықтағандай, Boeing ұшағы алғаш 1978 жылы шығарылып, Trans World Airlines атты америкалық компанияның иелігінде болған. Кейін…

Толық оқу
инновация Ғылым ордасы

«Ғылым ордасы» РМК мен Astana Hub технопаркінің филиалы Alatau Hub өңірлік инновациялық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Стратегиялық шешім Алматы өңіріндегі инновациялық экожүйені дамытып, ғылыми ресурстар мен IT-индустрия мүмкіндіктерін бір арнаға тоғыстыруға бағытталған. Меморандум аясында ғылыми және мәдени мұраны дамытады. Орталық ғылыми кітапхана қорын цифрландыру, цифрлық музей экспозицияларын дайындау да көзделген. Ең бастысы виртуалды және толықтырылған шынайылық (VR/AR) жобаларын іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар екі ұйым «Ғылым + IT» бағытында бірлескен білім беру курстарын әзірлеп, жас ғалымдар мен IT-мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастырады. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты ғылым мен IT саласындағы ресурстарды біріктіру арқылы өңірдегі инновациялық…

Толық оқу
Мұнай бағасы

Таяу Шығыстағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясынан кейін Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстерінің бағасы Лондондағы ICE Futures Europe биржасында 13,04%-ға көтерілді. Бағаның бұлайша жылдам әрі елеулі түрде өсуіне Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімінің тоқтау қаупі себеп болды. Аталған бұғаз әлемдік мұнай саудасының шамамен 20%-ын және сұйытылған газ тасымалының 30%-ын қамтамасыз ететін аса маңызды логистикалық жол. Brent бағасы 13 пайызға секірді Иран тарапы қақтығысқа байланысты бұл бағыттағы сауда тоқтайтынын мәлімдеді. Соның салдарынан, Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұғаздың кіреберісінде кемінде 150 танкер жиналып қалған. Мұнай бағасы алғашында…

Толық оқу
Тоқтар Серіков

Белгілі әнші Тоқтар Серіков желіге жастық шағындағы суретін жариялап, өткен күндерді сағынышпен еске алды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қайран, жастық шақ-ай! Алдымызда не күтіп тұрғанын білместен арман қуып, шапқылап жүрген кездеріміз-ай! Сол сәттердің қазір тек суретте қалғаны өкінішті. Қартайып тұрған ештеңеміз жоқ қой, бірақ өткен уақытты қайтаруға шарамыз жоқ. Өкініштісі сол ғана, – деп жазды әнші. Әншінің бұл жазбасы оқырмандарының да жүрегін қозғап, көпшілік өткен шақтағы тәтті естеліктерімен бөлісті. Кейбірі «Сіз қазір де сол кездегідей сымбаттысыз! », «Әр кезеңнің өз қызығы бар ғой, ағасы! », «Жастық шақ кетсе де, жаныңыз жас қой» деп әншіге қолдау білдіріп жатыр.

Толық оқу
көмір кеніші

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі ірі көмір өндіруші компаниялардың басшыларымен жиын өткізіп, Президенттің V Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау барысын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде Қазақстанның көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа Ұлттық жобаның тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл жоба ел аумағындағы жалпы қоры 33 млрд тоннадан асатын көмір ресурсын стратегиялық маңызы жоғары отын ретінде қарастырады. Ұлттық жобаның мақсаты тек электр энергиясын өндіру емес, саланы кешенді дамытуды көздейді. Оның аясында инвестиция тарту, логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық таза технологияларды енгізу және білікті кадрларды даярлау қарастырылған. Алдын ала жасалған болжамға сай, 2032 жылға қарай энергетикалық көмірге сұраныс жылына 19 млн тоннадан асып түседі. Бұл саладағы…

Толық оқу
зиялы қауым

Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері алдағы республикалық референдумның маңызына тоқталып, тұрғындарды белсенді түрде дауыс беруге шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым саласының өкілдері бұл референдум тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды белес екенін атап өтті. Олардың пікірінше, жаңа Конституцияны қабылдау – еліміздің саяси, әлеуметтік және рухани дамуындағы шешуші қадам. Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев адам құқығының қорғалуын мемлекетіміздің басты құндылығы деп есептейді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин өз сөзінде құжаттың стратегиялық маңызына ерекше назар аударды. – Ұсынылып отырған өзгерістер әлеуметтік тұрғыдан өте маңызды әрі қарапайым халыққа түсінікті. Жаңа Конституциямыздың әлеуметтік бағыты айқындалып, халықтың мүддесіне жақындады,…

Толық оқу
бүгін жұлдыз жорамал

Шетелдік астрологтар 2 наурыз күнінің сабырлы да байыпты болатынын хабарлады. Бұл күн жылдам шешім қабылдауға емес, ойды реттеуге, интуицияны тыңдауға және жоспарлы әрекет етуге қолайлы, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін қолда бар жұмысты аяқтауға күш салыңыз. Жаңа бастамаларды кейінге қалдырған дұрыс. Торпақ Қаржы мәселесінде тәуекел емес, тұрақтылық маңызды болмақ. Ақшаға қатысты шешімдер сәтті жүзеге асады. Егіздер Бүгін детальдарға назар аударыңыз, бұл қателіктерден сақтайды. Әңгімелесулер мен келіссөздер үшін сәтті күн. Шаян Эмоцияларыңыз тереңдей түседі, осыны пайдаланып жеке қорытындылар шығарыңыз. Маңызды шешімдер қабылдауыңыз мүмкін. Арыстан Айналаңыздағы адамдарға қысым жасамаңыз, керісінше дипломатияға жүгініңіз. Мұндай ұстаным нәтижеге тез жеткізеді. Бикеш Ойларыңыз бен жоспарларыңызды ретке…

Толық оқу
қар тұман құстар

«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 наурызда еліміздің үш ірі қаласы мен 14 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Алматыда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматымен қатар облыстың солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында да тұман мен көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталық және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. Қонаев қаласында да тұман, көктайғақ күтіліп, күндіз жел екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Шымкентте түнде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде жаңбыр мен…

Толық оқу
Концерт

Шығыс Қазақстан өңірінде өткен «Жастар таңдауы – жаңа Ата Заң» атты live-концертке 12 мыңнан астам көрермен жиналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды шара 28 ақпан күні Өскемен қаласындағы Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Кештің басты мақсаты Қазақстанның жаңа Конституция жобасын қолдап, алдағы республикалық референдумның маңызын жастарға жеткізу. Концерт ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Іс-шараның алғашқы сәттерінен-ақ қатысушылар арасындағы белсенділік пен ел болашағына деген жауапкершілік айқын байқалды. Көрермендер залдан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауларға белсене араласты. Жиналған қауым алдында Конституцияны қолдау жөніндегі Жалпыұлттық коалицияның өңірлік штабының өкілдері сөз сөйледі. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры…

Толық оқу