Кенгандағы газ өңдеу зауыты Иран энергетика жүйесінің жүрегі әрі стратегиялық осал тұсы, деп жазады Ertenmedia.kz. Елдегі электр қуатының үштен екісі дәл осы кешенде өңделетін табиғи газға тәуелді. Басқаша айтқанда, Кенган зауытының тоқтауы бүкіл Иранды қараңғылыққа батырмақ. Осындай аса маңызды нысанның баламасы жоқтығы Иран экономикасы үшін үлкен қауіп екенін аңғартады. Кенган газ өңдеу кешені Парсы шығанағы жағалауындағы Бушехр провинциясында орналасқан. Бұл зауыт елдегі ең ірі табиғи газ кен орындары Оңтүстік Парс және Солтүстік Парстан өндірілетін шикізатты өңдеп, ішкі нарыққа жөнелтеді. Кенган кешенінің қуаты орасан жылына миллиардтаған текше метр газды өңдеп, бүкіл елді электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етеді. Иран экономикасы негізінен табиғи…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыдағы Almaty Arena спорт кешенінде XXV қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері мен қатысушыларына арналған салтанатты шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Марапаттау рәсіміне спорт ардагерлері, Олимпиада чемпиондары, елімізге танымал бапкерлер мен спорт саласының өкілдері, қала тұрғындары жиналды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға алғыс білдіріп, мәнерлеп сырғанаудан жүлдегер атанған Михаил Шайдоровты ерекше атап өтті. – Алматылықтардың атынан Михаил Шайдоровты тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтаймын. Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан жүлде алу Қазақстан спорты үшін үлкен абырой әрі мақтаныш, – деді қала басшысы. Сондай-ақ әкім Евгений Кошкин, Ростислав Хохлов, Данил Васильев және тұғырдан секіру бойынша тарихи көрсеткішке қол жеткізіп, Олимпиадада үздік…
Түркістан облысында алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі учаскелік референдум комиссиялары тұрғындарға дауыс берудің маңызын түсіндіріп, шақыру қағаздарын таратып жатыр. Өңірде барлығы 948 референдум учаскесі болса, соның ішінде 26-сы – жабық учаске. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай ұйымдастырылуда. Референдумға дайындық бірнеше кезеңнен тұрады. Үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпанда басталып, 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың толық құрамы мен референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер көпшілікке жарияланады. 22 ақпанда дауыс беруге арналған азаматтар тізімі комиссияларға беріледі. Ал 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында…
Харк аралындағы мұнай терминалы Иран экономикасының күретамыры іспетті. Парсы шығанағының солтүстік бөлігіндеорналасқан осы шағын аралды Иран экономикасының «алтын қақпасы» десе болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Себебі, әлемдік нарыққа шығарылатын ирандық мұнай мен мұнай өнімдерінің 90 пайыздан астамы осы аралдан өтеді. Аралдың ауданы небәрі 20 шаршы шақырым болғанымен, стратегиялық маңызы орасан зор. Харк мұнай терминалы әлем бойынша аса ірі, ең заманауи терминалдардың бірі. Терминалға алып кемелер мен супертанкерлер еш кедергісіз кіріп-шығып, әлемнің түкпір-түкпіріне мұнай тасымалдай алады. Бір уақытта тоғыз танкерге дейін бір мезетте тоқтай алатын терминалдың техникалық мүмкіндігі таңғалдырады. Әлемдегі ең үлкен танкерлердің де мұнда тоқтап, мұнайды жылдам әрі қауіпсіз тиеп алып…
Жетісай ауданының Үтіртөбе елді мекенінде кәсіби борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Марқұм Ұлдана Мырзуан Астана қаласында жарақат алған науқастарға жедел медициналық көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған еді. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш, Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Бақыт Мырзагельдиев қатысты. Сондай-ақ «Асықата» ауруханасы басшысының орынбасары Ерғали Сопбеков, сондай-ақ марқұмның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары, ұстаздары және ауыл тұрғындары да болды. Ұлдана Қалдарханқызы 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде «Емдеу ісі» мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған. Байқоңыр ауданы жедел жәрдем подстанциясында бригада аға-фельдшері…
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жасаған жаңа шабуылы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді тағы да тұйыққа тіреді. Бұл жолы Иранның ұлттық қауіпсіздігі мен ел билігін тікелей нысанаға алған операция басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бүгін жасалған соққылар Тегеранның солтүстігіндегі Шемиран ауданында орналасқан президент сарайы мен Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің резиденциясына бағытталды. Tasnim агенттігінің мәліметінше, бұл аймаққа жеті зымыран түскен. Сонымен қатар Associated Press агенттігі де Хаменеидің кеңсесіне жақын маңға шабуыл жасалғанын растады. Reuters агенттігіне ақпарат берген дереккөздерге сүйенсек, аятолла Хаменеи шабуыл кезінде Тегеранда болмаған, ол алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген. 86 жастағы аятолла Әли Хаменеи 1989 жылдан бері Иранның рухани…
АҚШ пен Израиль сенбі күні Иранға бірлескен әскери шабуыл бастады. Алғашқы соққылар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің кеңсесі маңында жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ирандық БАҚ ел аумағында бірнеше соққы болғанын хабарлады. Ел астанасы Тегераннан жарылыстан көтерілген түтін анық көрінуде. АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жарияланған видеомәлімдемесінде Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы «ауқымды әскери операцияны» бастағанын айтты. Оның айтуынша, Иран ядролық бағдарламасын жалғастырып, АҚШ-қа дейін жететін зымырандарды әзірлеуге әрекет еткен. Шабуыл алдында Дональд Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери күштерін соңғы ондаған жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге жеткізіп, Иранды ядролық бағдарламаны тоқтатуға және елдегі жаппай наразылықтарды басып-жаншу әрекеттерін доғаруға мәжбүрлеу…
Израильдің Иран аумағына жасаған соққысы АҚШ-пен бірлескен әскери операция аясында жүзеге асырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Америкалық ресми тұлғаның мәлімдеуінше, шабуылдың негізгі мақсаты Иранға қысым көрсетіп, оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге көндіру. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Тегеранға жасалған шабуыл Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің кеңсесіне жақын маңда орын алған. Қазіргі таңда Хаменеи Тегераннан қауіпсіз жерге көшірілген. Ел президенті Масуд Пезешкиан да жасырын пәтерге жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Tasnim агенттігінің мәліметінше, жарылыстар Тегеранның солтүстік ауданы Сейед-Ханданда да болған. Осы оқиғаға байланысты АҚШ-тың Катардағы елшілігі барлық қызметкерлеріне өзін-өзі оқшаулау режимін енгізіп, ел азаматтарына да осылай жасауды ұсынды. The New York…
Елордадағы «Жастар» театрында белгілі жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Соңғы аялдама» романы негізінде қойылым өтті. Театр сахнасындағы спектакль құқықтық тәрбие мен жастардың өмірдегі жеке таңдау мәселелеріне арналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңызды мәдени-танымдық шараға прокуратура және полиция басшылығы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, елордалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, білім беру, мәдениет саласының өкілдері, психологтар және мектеп оқушылары қатысты. Жиында сөз сөйлеген қала прокуроры Ғабит Мұқанов жастардың білімді, тәрбиелі және адал азамат ретінде қалыптасуының маңыздылығын атап өтіп, оларға жарқын болашақ тіледі. «Соңғы аялдама» спектаклі жасөспірімдермен жеке жауапкершілік, өмірдегі дұрыс таңдау жасау…
Абай облысы әкімі Берік Уәли «Amanat» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жеке қабылдауға облыстық басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев және «Отбасы банкінің» жергілікті филиалының өкілдері қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар негізінен баспана алу, жолдарды жөндеу, жер телімдерін рәсімдеу, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық көлік қызметін жақсарту секілді әлеуметтік мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндірді. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшылары мен қала әкіміне нақты тапсырмалар беріп, тұрғындар көтерген әр мәселенің өз бақылауында болатынын атап өтті. Абай облысында коммуналдық қызметтер мен жол тазалау мекемелері елді мекендер мен автокөлік…










