Автор: Лейла Болтаева

Иран жарылыс соғыс

Израиль Иранға алдын ала соққы жасады. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, әскери шабуыл «Израиль мемлекетіне төнген қауіп-қатерді жою үшін» жасалған. Ел аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазір Израильдің барлық өңірлерінде әуе дабылы іске қосылды. Израиль қорғаныс күштері тұрғындарды бомба қоймаларына жақын болуға шақырып, аса қажеттіліксіз жолға шықпау керектігін ескертті. Әскерилер мұның зымыран соққыларына дайындық шарасы екенін, әзірге міндетті түрде жасырынып отыру талабы жоқ екенін жеткізді. Әскери операция басталған соң Израиль азаматтық авиация үшін әуе кеңістігін жапты. Көлік министрлігі азаматтардан әуежайларға келмеуді өтінді. Шетелде жүрген жолаушыларға ақпаратты авиакомпаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы…

Толық оқу
гуманоид робот

Жасанды интеллект дәуіріндегі негізгі мәселе технологияны қалай қолданатынында болып тұр. Осы тұста Қытай жасанды интеллект жарысында Батыстың қойған ережесімен ғана жарысып қоймай, жаңа бағыт пен басқа мақсатты белгілеп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір АҚШ пен Қытайдың жасанды интеллект бойынша бәсекесін спорт тілімен сипаттасақ, біреу алда, біреу артта дегендей, спринттер, серпілістер, артықшылықтар. Алайда бұл сипаттама шын мәніндегі айырмашылықты толық ашпайды. Силикон алқабында жасанды интеллект жалпы адамзат ақылынан асып түсетін деңгейге жетсе, оның салдары не болатынын зерттеу қызықтырады. Ал АҚШ үкіметі бұл процеске араласпай, жеке компанияларға еркіндік беріп отыр. Қытайдың ұстанымы басқаша. Бейжің жасанды интеллектті елдің әлеуметтік жүйесіне және ұлттық инфрақұрылымына терең…

Толық оқу
Пәкістан соғыс

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шиеленіс «ашық соғысқа» ұласты. Соңғы айларда екі ел арасындағы қатынастар күрт нашарлаған болатын, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмаға қараған түні, 27 ақпанда Пәкістан әскери күштері Ауғанстанның Кабул, Пактия және Кандагар қалаларына әуеден соққы жасады. Бұл туралы Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф пен ақпарат министрі Аттаулла Тарар әлеуметтік желіде мәлімдеді. «Бірнеше айға созылған қарулы қақтығыстар енді ашық соғысқа ұласты», – деп атап өтті қорғаныс министрі. Кейін ел премьер-министрі Шехбаз Шариф: «Армиямыз кез келген агрессиялық пиғылды талқандауға дайын. Бүкіл ел Пәкістан қарулы күштерімен бір сапта тұр», – деп мәлімдеді. Өткен аптада да Пәкістан Ауғанстан аумағына әуе соққыларын жасаған еді.…

Толық оқу
Paramount Skydance корпорациясы

Әлемдік кино және медиа нарығында ірі өзгерістер орын алуда. Paramount Skydance корпорациясы Warner Bros. Discovery компаниясын 110 миллиард долларға сатып алу туралы түпкілікті келісімге қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісім шарттарына сәйкес, Paramount Warner Bros. Discovery акцияларының әрқайсысын 31 доллардан сатып алады және компанияның барлық қарызын өз мойнына алады. Оның ішінде Netflix-пен бұған дейін жасалған келісімшартты бұзғаны үшін өтелетін 2,8 миллиард доллар өтемақы да бар. Екі компанияның директорлар кеңесі бұл келісімді бірауыздан мақұлдады. Сатып алу рәсімі 2026 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Warner Bros. Discovery кино және сериалдардан тұратын үлкен қорымен, сондай-ақ «Гарри Поттер», «Сақиналар әміршісі», «Тақтар ойыны» секілді…

Толық оқу
Алмұрт отырғызу

Көктем жеміс ағаштарын отырғызуға қолайлы мезгіл. Алма ағашымен қатар бақшаңызға алмұрт отырғызғыңыз келсе, оның ерекшеліктерін білу маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алмұрт күн сәулесі мол, құрғақ жерлерді жақсы көреді. Егер жер асты сулары жақын орналасқан ойпаң жерге отырғызсаңыз, көшет үсіп кетуі мүмкін. Басқа ағаштардан кемінде 5-6 метр қашықтықта отырғызған дұрыс. Алмұрттың тамыр жүйесі алмадан тереңге кетеді, сондықтан көшет шұңқырының тереңдігі шамамен 100-120 см болғаны дұрыс. Егер көшеттің тамыры күшті өсетін түрінен болса, шұңқырдың диаметрі 100-120 см, ал ергежейлі сорт болса, 60-70 см жеткілікті. Шұңқырдың түбіне 2-3 шелек шіріген көң салынады. Ортасына ұзындығы бір жарым метрге дейінгі қазық орнатылады. Қазықтың шіріп кетпеуі…

Толық оқу
Нұрымбет Сақтағанов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов білім беру саласы қызметкерлерімен кездесті. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам дамуына, әсіресе, білім мен ғылым саласына ықпалы кеңінен талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Ата заңға енгізіліп отырған өзгерістердің мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, білім беру жүйесін дамытуға бағытталған басымдықтар сөз болды. Аймақ басшысы атап өткендей, жаңа Конституция жобасы қоғамның кең талқысынан өткен маңызды құжат. Оны әзірлеу барысында азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың ұсыныстары ескерілген. – Алты ай бойы ел көлемінде ашық қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылып, конституциялық өзгерістердің мазмұны жан-жақты сараланды. Конституциялық комиссия жұмысына шамамен 130 сарапшы қатысып,…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

28 сәуір жұлдыз жорамалы маңызды шешімдерді қабылдауға және күнді тиімді өткізуге бағыт-бағдар береді. Назарларыңызға бүгінгі күнге арналған болжамды ұсынамыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін қаржылық мәселелер мен материалдық жағдайыңызға көңіл аударыңыз. Әлдекім сіздің құқығыңызды шектеп отырғандай әсер қалдыруы мүмкін. Артықшылығыңызды дәлелдеуге тырыссаңыз, дау-дамай тууы ықтимал. Тәуекелге бармай, мәмілеге келгеніңіз жөн. КҮН КЕҢЕСІ: Шығынды азайтып, ақшаны үнемдеп ұстаңыз. Торпақ Торпақтар үшін күн сәтті әрі өнімді болады. Әсіресе жеке даму мен мансапқа қатысты жаңа бастамаларға қолайлы уақыт. Қарым-қатынаста шынайылық пен ашықтық танытыңыз, түсінбеушілікке жол бермеңіз. Кешті үйде, сүйікті істеріңізбен айналысып өткізген дұрыс. КҮН КЕҢЕСІ: Мақсатыңызға жету үшін бүгінгі күнді тиімді пайдаланыңыз. Егіздер…

Толық оқу
Mibot

Жапонияның KG Motors атты шағын стартапы елдің электромобиль нарығында нағыз сенсация жасап жатыр. Компания құны небәрі 7000 доллар тұратын өте ықшам, бір адамдық электр көлігін – Mibot моделін таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл кішкентай ғана, ақылды әрі қолжетімді көлік, әсіресе Жапонияның тар көшелері мен тұрақ орны шектеулі үлкен қалаларында тез танымал болып үлгерді. KG Motors компаниясы 2027 жылдың наурызына дейін жеткізуге 3300 көлікке алдын ала тапсырыс алған. Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, бұл көрсеткіш 2024 жылы Toyota компаниясының Жапониядағы барлық электромобиль сатылымынан асып түсті. Mibot күнделікті қысқа сапарларға арналған. Ол шағын әрі тар көшелермен еркін қозғалып, кез келген тұраққа сыйып кетеді.…

Толық оқу
жүрек ауруы

Жүрек бұлшықеті ауыр зақымданған соң оны қалпына келтіру мүмкін емес деп саналған еді. Жүрек талмасы кезінде өлген жасушалар орнына келмей, олардың орнын тыртық басып қалатыны бұрыннан белгілі. Дегенмен, Австралия ғалымдарының жаңа зерттеуі адам жүрегінің өз-өзін біртіндеп емдеуге қауқары барын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жаңалық жүрек ауруларын емдеу тәсілдерін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Зерттеу нәтижесі әлемдегі кардиологтардың ерекше назарын аударып отыр. Жүрек талмасы жүрекке қан жеткізетін қан тамырларының ұйыған қанмен бітелуінен болады. Қан айналымы тоқтап, оттегі жетіспеушілігінен жүрек бұлшықетінің жасушалары өледі. Ағза зақымданған аймақты тыртық тінімен жабуға тырысады. Алайда мұндай тін сау жүрек бұлшықеті секілді жиырыла алмайды, нәтижесінде жүрек әлсіреп, қанды…

Толық оқу
Kawasaki мотор

Жапонияның Kawasaki Heavy Industries компаниясы сутегі қосылған отын қоспасын пайдаланатын әлемдегі алғашқы коммерциялық газ қозғалтқышын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. KG сериялы жаңа қозғалтқыштың басты ерекшелігі табиғи газ бен сутегіні араластырып, жанармай ретінде пайдалануында. Қоспадағы сутегінің көлемі 30%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл жаңалық энергетикалық компанияларға инфрақұрылымды толық жаңартпай-ақ, көміртегі қалдықтарын азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың қыркүйегінде Kawasaki Kobe Works зауытында 11 айға созылған сынақтан кейін жаңа қозғалтқышты өндіріске қабылдап, тапсырыс қабылдауды бастады. Қозғалтқыш қолданыстағы газ құбырлары мен сақтау жүйелеріне еш өзгеріссіз енгізіледі. Осылайша, ол энергетика операторларына сутегі инфрақұрылымы толық қалыптасқанша, табиғи газбен қатар сутегіні де пайдаланып, қоршаған ортаға зиянын азайтуға мүмкіндік…

Толық оқу