Автор: Лейла Болтаева

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Гибридті форматта ұйымдастырылған жиынға барлық өңірлерден салалық ведомстволар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер басшылары қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыстың негізгі талқысына мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырудағы міндетті квоталардың орындалуы мәселесі арқау болды. Қазіргі Әлеуметтік кодекс бойынша елу адамнан астам жұмыскері бар кәсіпорындар үшін квота мөлшері 2%-дан 4%-ға дейін белгіленген. Алайда өткен жылдың қорытындысы аталған механизмнің тиімсіздігін көрсетті. 2025 жылы квота аясында жоспарланған жұмыс орындарының жартысынан аз көрсеткішке ғана – 8,1 мың адамға қол жеткізілген. Биыл квота 3 мыңға жуық ұйымды қамтып, 13,9 мың жұмыс орнын құрайды деп күтілуде.…

Толық оқу
Инсульттен сақтан

Инсульттің алғашқы белгілері кенеттен басталып, қай жерде болсаңыз да – үйде, жұмыста, көшеде орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу әрекет ету маңызды екенін еске салу маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Дәрігерлер инсульттің мына белгілеріне жіті назар аударуға кеңес береді: дененің бір жағы кенеттен әлсіреп, қол немесе аяқ жансызданады, қимылдауы қиындайды; адамның бет-әлпеті өзгеріп, бір жағына қарай қисаяды, күлімсірегенде аузының бір бұрышы төмен түсіп кетеді; қатты бас ауруы кенеттен басталады, бұл көбінесе жүрек айну, құсу және есінен танумен қатар жүреді; бір көздің көру қабілеті күрт төмендеп немесе мүлде көрмей қалады; сөйлеу бұзылады, сөздері анық болмай, түсініксіз болады немесе адам мүлде сөйлей алмайды.…

Толық оқу
Энергетика мұнай газ секторы

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов Қазақстанның отын-энергетика кешенінің 2025 жылғы даму қорытындысын жариялап, алдағы кезеңнің басым міндеттерін айқындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік мұнай-газ, электр және жылу энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мен мұнай-газ химиясы бағыттары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Бұл салалар еліміздің экономикасында шешуші орынға ие: бүгінгі таңда отын-энергетика кешенінің ЖІӨ-дегі үлесі – 16%, ал экономикаға құйылған инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 19%-дан асады. Қазір мұнай-газ саласында 1350-ге жуық компания жұмыс істеп, онда 240 мыңнан астам адам еңбек етеді. Электр және жылу энергетикасы секторында 360-қа жуық компания қызмет етеді, онда 100 мыңнан аса адам…

Толық оқу
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2025 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңес, Әдеп жөніндегі комиссия, бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша консультативтік-сараптамалық топ мүшелері, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалдары онлайн қатысты. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет жүйесі институционалды түрде толық жаңғыртылған жыл болғанын ерекше атап өтті. Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай әзірленген жаңа заң жобасы желтоқсан айында Мәжіліс қарауына ұсынылды. Оның басты ерекшелігі тек еңбек қатынастарын реттеумен…

Толық оқу
Әсел Сабыжанқызы

TikTok-тың әлем бойынша ең танымал әрі ықпалды контент авторларын біріктіретін халықаралық жобасы The Discover List тізімінде Қазақстан екінші жыл қатарынан бой көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылы осы беделді тізімде еліміздің атынан Алматыда тұратын суретші Әсел Сабыжанқызы бақ сынады. Ол TikTok платформасында қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде танытып жүрген таланттардың біріне айналды. TikTok платформасы жыл сайын дүние жүзінен аудиторияға шабыт сыйлайтын, тренд қалыптастыратын ең үздік 50 контент авторын таңдайды. Авторлар бес бағытта ұсынылады: Оқытушылар, Гурмандар, Иконалар, Инноваторлар және Кәсіпкерлер. Өткен жылы осы тізімде Қазақстаннан шыққан авторлардың алғашқы легін орыс тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова бастап берді. Ол Жетісу облысының Алакөл…

Толық оқу
хакатон Нұралхан Көшеров

Түркістанда «Қаржылық қауіпсіздік: цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» атты өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның қорытындысы жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Шара облыс әкімдігінің қолдауымен, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өтті. Хакатонның жабылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сондай-ақ үздік командаларды Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев та арнайы құттықтады. Іс-шараның негізгі мақсаты қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді шешуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану болды. Байқауға Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан оқушылар, студенттер және жоғары оқу орындарының білім алушыларынан құралған 114 команда қатысты. Бұған қоса, Астана мен Алматы қалаларынан келген командалар…

Толық оқу
Стоматолог бала сүйек мүжіп отыр

Тіс дәрігері Айгүл Қуанышбаева тіс саулығына зиян келтіретін өнімдер мен сусындарды атады, деп жазады Ertenmedia.kz. Стоматологтың айтуынша, бұл тізімнің басында тәтті газдалған сусындар тұр. Мұндай сусындарда қант пен химиялық бояғыштар көп болады. – Газ көпіршіктері тіс бетіндегі пеликула деп аталатын қорғаныш қабықшасын бұзады. Соның салдарынан эмаль қорғаныш қасиетін жоғалтып, тіс бүлінеді, – деп түсіндірді маман. Сондай-ақ сүт қосылған ботқа мен сұйық піскен жұмыртқаның да тіс саулығына зияны бар. Олардың жабысқақ консистенциясы асқазанға пайдалы болғанымен, тіс бетінде қалып қояды. Бұл ауыз қуысында зиянды бактериялардың пайда болуына әкеліп, кариес тудыруы мүмкін. Бірақ маманның айтуынша, мұндай тағамнан бас тартудың қажеті жоқ. Тамақтан соң…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал Бикеш

Астрологтар 27 ақпанға арналған жұлдыз жорамалын ұсынды. Бүгін маңызды шешім қабылдап, сауда жасауға қолайлы күн, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін демалыс пен өзіңізге күтім жасаудың маңызын ескеріңіз. Сәл уақыт бөліп, өміріңіз жайлы ойланғаныңыз абзал. Торпақ Жаңа ай сізді араласатын адамдарыңызды қайта сараптауға шақырады. Қасыңыздағы жандарға мән беріңіз. Егіздер Өмір жолыңыз жайлы ойлануға себеп бар. Бес жылдық мақсаттарыңыз бен қазіргі имиджіңіз сізді қаншалықты қанағаттандырады? Шаян Қосымша білім алу немесе кәсіби дайындық жайлы ойланыңыз. Бұл алдағы уақытта сізге пайдалы болуы мүмкін. Арыстан Қаржылық жоспарларыңызды нақтылап алыңыз. Өзгелердің пікіріне қарамай, нақты мақсаттарыңызды анықтаңыз. Бикеш Жақын қарым-қатынасыңызды жақсартуға мүмкіндік бар. Бүгін өзіңіз де жақсы серіктес болуға…

Толық оқу
қыс шырша қар

27 ақпанда еліміздің басым бөлігінде аяз сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және Астана қалаларында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -26…-37 градусқа дейін төмендесе, күндіз -16…-25 градус аралығында болады. Өскемен мен Семейде де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде -33…-37, күндіз -22…-25 градус суық күтілуде. Оралда жауын-шашын болмайды: түнде -17…-19, күндіз -5…-7 градус. Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз: түнде -6…-8, күндіз +1…+3. Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз: түнде -18…-20, күндіз -6…-8 градус. Ақтауда күн ала бұлтты, жел күшейеді: түнде -1…-3, күндіз +4…+6 градус. Тараз, Шымкент және Түркістанда қар аралас жаңбыр жауып, тұман мен көктайғақ…

Толық оқу
референдум мурал

Түркістанда конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды. Мурал қаланың басты туристік орталығы Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған. Бұл жобаны кәсіпкерлер жеке қаражаты есебінен жүзеге асырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа муралда елдегі саяси жаңғыру мен әділетті қоғам құру идеялары көрініс тапқан. Заманауи өнер арқылы конституциялық реформаның мәні, халық бірлігі мен заң үстемдігінің маңыздылығы бейнеленген. Аталған бастамаға азаматтық қоғам өкілдері мен кәсіпкерлер белсенді түрде қатысты. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын қоғам жоғары бағалап, бизнестің ел болашағына жауапкершілікпен қарауының үлгісі ретінде қабылдады. Муралдың ашылу салтанаты аясында жастардың қатысуымен флешмоб өтті. Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық реформаны қолдауға арналған ұрандар айтып, референдум тақырыбында аспанға…

Толық оқу