Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

пенсия в Казахстане

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеруі мүмкін. Жаңа жоба бойынша бұл көрсеткіш кейінге қалдырылған өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құны негізінде анықталмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ашық НҚА» порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін азаматтардың тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы табысын қамтамасыз ету мақсатында қайта қарау ұсынылған. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, шекті мөлшерлемелер енді кейінге қалдырылған өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құны негізінде есептелмек. Айта кетейік, Қазақстанда азаматтар зейнетақы аннуитетін өз жинақтарын сақтандыру компаниясына тапсыру арқылы рәсімдей алады. Мұндай жағдайда сақтандырушы компания өмір бойы тұрақты төлемдер жасап отырады. Аннуитет бағасы азаматтың жасы мен жынысына байланысты анықталып, әдетте 10…

Толық оқу
Алматы жол апаты

Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне себепкер болған Zeekr көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеден тергеу изоляторына ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Полиция департаментінің хабарлауынша, бұған дейін күдікті ауруханада күзетпен жатқан. Сот оны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдаған. «Күдікті қылмыстық іс аясында тергеу абақтысына ауыстырылды», – деп мәлімдеді қалалық полицияның өкілдері. Еске салайық Қайғылы оқиға 21 наурызда Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған еді. ZEEKR автокөлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes салонындағы үш адам көз жұмды. ІІМ мәліметінше, апат кезінде ZEEKR жүргізушісі мас күйде болған. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.…

Толық оқу
шымкент соңғы жаңалықтар

Шымкентте көше тазалайтын арнайы техниканың жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар басшылықтың жұмысшыларға жасаған қысымына наразылық білдіруде деп хабарлайды Ertenmedia.kz КТК арнасына сілтеп. Жұмысшылардың айтуынша, басшылық еңбек шарттарын бұзып, оларды күндіз-түні демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Ал қосымша істеген жұмыс сағаттарына жалақы төленбеген. Сонымен қатар жүргізушілер техниканы жөндеу мен қажетті қосалқы бөлшектерді өз ақшаларына сатып алатынын айтты. «Жұмыс кестеміз таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін белгіленген. Бірақ біз кейде кешкі сағат 9, 10, тіпті түнгі 2-ге дейін жұмыс істейміз. Кейбір әріптестер таңғы 4-ке дейін көше тазалаған кездері болды. Осы еңбегіміз үшін бір тиын да артық төлемейді. Жексенбіде де жұмысқа шығуға мәжбүрлейді. Келіспесең,…

Толық оқу
Жанат Элиманов

Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президентке бюджетті бақылау барысында анықталған миллиардтаған шығындар мен алаяқтық әрекеттер туралы есеп берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Элимановтың айтуынша, агенттік мамандары ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялардың тиімсіз жұмсалу қаупін анықтаған. Мал шаруашылығындағы тиімсіз пайдаланылған қаржы көлемі 30 миллиард теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, ғылыми зерттеулер мен олардың коммерцияландыруы үшін бөлінген 10 миллиард теңгеден астам қаражаттың із-түссіз кеткені белгілі болды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаражатты жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен бірге, құрылыс саласындағы 5,3 миллиард теңгенің қолды болуына байланысты тағы 21 қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады агенттік. Алаяқтықпен күрес аясында Қаржы мониторингі агенттігі…

Толық оқу
банктер

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің табыстылығы төмендеп барады. Қаңтар-ақпан айларында банктердің капитал рентабельділігі 23,6%-ға дейін азайған. Былтыр дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 33,6% деңгейінде болған деп хабарлайды Ertenmedia.kz Halyk Finance сарапшыларының талдауына сүйеніп. Ақпан айында банктердің несие портфелі жалпы өсім көрсеткенімен, бұл бағыттағы динамика біркелкі емес. Корпоративтік сектордағы несие көлемі айлық көрсеткіште 0,2%-ға өскен (бір жыл бұрынғы өсім – 0,1%), ал бөлшек несиелеу өсімі 0,5%-ды құрап, былтырғы 1,6%-бен салыстырғанда біршама бәсеңдеген. Сондай-ақ, корпоративтік несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме ақпанда 17,2%-дан 18,2%-ға дейін көтерілді. Ал халыққа арналған несиелердің мөлшерлемесі керісінше төмендеп, 20,8%-дан 19,8%-ға дейін түсті. Тоқсан күннен астам уақыт бойы өтелмеген проблемалы…

Толық оқу
Ерболат Досаев

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығарылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Досаев қордың директорлар кеңесінің құрамына былтыр желтоқсанда ғана енген болатын. Бұған қоса, оның аты-жөні «Бәйтерек» холдингінің ресми сайтындағы директорлар кеңесі құрамынан да алынып тасталған. Айта кетерлігі, осы кезге дейін шешімге қатысты ресми хабарлама жарияланған жоқ. Досаев «Бәйтерекке» биылғы қаңтар айында ғана тағайындалған еді. Еске салсақ, бұған дейін наурыздың соңында президент Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын.

Толық оқу
айбек дәдебай

Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай жаңа Конституцияны іске асыруды қатаң бақылауға алып, нақты тапсырмалар мен мерзімдерді бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дәдебайдың 26 наурыз күні қол қойған бұйрығына сәйкес, мемлекеттік органдар Конституцияны іске асыруға байланысты тапсырмаларды уақытылы әрі бұлжытпай орындауы тиіс. Бұйрықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелген. Құжатта көрсетілгендей, Мәдениет және ақпарат министрлігі 18 наурызға дейін республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2026 жылдың 15 наурызында жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция мәтінін жариялауы керек болған. Ал Әділет министрлігіне наурыз айының соңына дейін Конституция мәтінін Референдумның орталық комиссиясы арқылы Заңнама және құқықтық ақпарат институтына тапсырып, нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау…

Толық оқу
Заңгер Жангелді Сүлейманов

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің талаптарына байланысты интернет-агрегаторлар мен маркетплейстердің жұмысына түбегейлі өзгеріс енуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин төрағалық еткен жобалық кеңсенің отырысында бизнес пен мемлекеттік органдар арасында қызу пікірталас туындады. Негізгі дау өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салығын кім төлеуі керек деген мәселеге келіп тірелді: платформалар ма, әлде курьерлер мен жүргізушілердің өздері ме? Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, жаңа кодекс платформалардың барлығын да салық агенті болуға міндеттейді. Бұрынғы кодексте қарастырылған P2P моделі (төлем тікелей клиент пен орындаушы арасында, платформа тек қызметті байланыстырады) ерекше жағдайда еді. Енді ол алып тасталған. Палата өкілдері бұл талаптың енгізілуі қызмет бағасының күрт…

Толық оқу
7-20-25 бағдарламасы

1 сәуірден бастап «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы бойынша екінші тоқсанның жаңа лимиттері ашылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Биылғы жылға жалпы бөлінген 100 млрд теңгенің екінші тоқсанға қарастырылған 25 миллиарды банктерге сәуір, мамыр және маусым айларына үлестіріледі. Әр тоқсан сайын дәл осындай көлемде қаржы бөлінеді. Бағдарламаның екінші тоқсанына арналған лимиттер автоматты түрде 1 сәуірден бастап іске қосылады. Сарапшылар ипотека рәсімдегісі келетін азаматтарға өтінішті мүмкіндігінше ерте беруге және қабылдау мерзімін өздері қадағалауға кеңес береді. Өйткені қаржыландыру көлемі шектеулі және кредит өтініш берушілердің кезегі бойынша үлестіріледі. Бағдарламаның операторы – Қазақстанның орнықтылық қоры. Қазіргі кезде «7-20-25» ипотекасын мына жеті банк арқылы рәсімдеуге болады: Банк ЦентрКредит…

Толық оқу
Назарбаевтың екінші әйелі

Елордадағы «Астана Балет» театрының сахнасында экс-президент Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева қатысқан ерекше фотосессия өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде фотограф жариялаған суреттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ал Исабаеваның жеке аккаунты көпшілік үшін жабық тұр. Әсел Исабаева «Мисс Қазақстан – 1999» байқауының жеңімпазы, қазір театрда арт-менеджер болып қызмет етеді әрі шығармашылық ұжымның негізін қалаушының бірі. Айта кетейік… Қазақстанда көп әйел алуды бейресми қолдағандардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі еді. Ол екінші әйелі Әсел Құрманбаевадан екі ұлы бар екенін «Менің өмірім» атты естелік кітабында егжей-тегжейлі жазған болатын. «Бірде Талдықорғанға жолым түсті. Өңірлерге жұмыс сапары кезінде мемлекет басшысын ұшақ баспалдағынан гүлмен күтіп алады. Мұндай салтанатты…

Толық оқу