BYD компаниясы нарыққа толық электрлі, қуатты әрі алыс қашықтыққа арналған жаңа Great Tang жол талғамайтын көлігін шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Great Tang моделінің алдын ала сатылымы сәуір айында Бейжің автошоуында басталады. Көлік Қытай нарығына төрт түрлі модификацияда шығады: артқы жетекті, толық жетекті, сондай-ақ түрлі өнімділік пен жүріс қашықтығы көрсеткіштеріне ие нұсқалары бар. BYD компаниясының жаңа SUV-і Dynasty-D концептісінің сериялық нұсқасы саналады және өндірушінің кроссоверлер желісіндегі ең үлкен әрі технологиялық жағынан ең озық үлгісі. Көліктің ұзындығы 5,3 метрден асады, ал дөңгелек базасы – 3,12 метр. Great Tang үш қатарлы, жеті орынды форматта жасалған. Мақсатты аудиториясы – кеңістік пен алыс сапарларға ыңғайлы,…
Автор: Самал Жолжаксын
Өңірлерде сәулет пен құрылыс саласындағы мемлекеттік бақылау функциялары бір қолда шоғырланып, жемқорлық пен салғырттықтың көзіне айналып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. AMANAT партиясының Мәжілістегі депутаттары осындай өткір мәлімдемемен Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Мәселенің өзегі мынада… Құрылысқа тапсырыс беретін әкімдіктің бір басқармасы, жобаны мақұлдап, архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды беретін сол әкімдіктің екінші басқармасы, ал құрылыс сапасы мен заңдылығын қадағалайтын ГАСК, әкімдікке бағынышты тағы бір құрылым. Осы «үшбұрыштың» ішіндегі былыққа сырт көздің әділ араласуы мүмкін емес. Соның кесірінен қала құрылысы жоспарларын елемейтін, бастапқыда-ақ заңсыз салынған ғимараттар көбейіп кеткен. Әкімдер ауысқан кезде жаңа билік сол заңсыздықтарды анықтап, кәсіпкерлердің миллиардтаған инвестициясын қиратумен әлек.…
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына байланысты құттықтау жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақорда мәліметінше, президент өз хатында соңғы жарты ғасырдағы алғашқы айды айнала ұшқан ғарыш сапарын адамзат тарихындағы жаңа белеске теңеген. Тоқаев америкалық ғылымның жетістіктері бүкіл әлемдегі ғалымдар мен инженерлерге тың серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Трампқа «Артемида» бағдарламасы мен ғарышты игеруге бағытталған өзге бастамаларды іске асыруда табыс тіледі. Айта кетейік, бүгін, 11 сәуірде NASA-ның «Артемида-2» миссиясының астронавттары Айды айналып, Тынық мұхитына қонды. Агенттік «Орион» ғарыш кемесінің Жерге оралған сәтінен видео жариялады. Бұған дейін Тоқаев пен Трамптың арасындағы диалогтың тосын деталі желіге…
Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент Құрылтайға сайлау биылғы тамыз айында өтетін болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ғалымдарды марапаттау рәсімінде мәлім етті. Президенттің айтуынша, жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енгеннен кейін бірден сайлау туралы жарлыққа қол қойылады. Тоқаев саяси партияларға сайлауалды науқанға толық дайындалуға бес ай уақыт беріліп отырғанын атап өтті. «Партияларда сайлаушылармен кездесіп, науқанға әзірленуге жеткілікті уақыт бар», – деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдағы сайлауды елдің саяси жүйесін толықтай жаңғыртудың бастауы ретінде бағалап отыр. Оның пікірінше, саяси және экономикалық реформалар қоғамдық санадағы оң өзгерістермен қатар жүруі қажет.
АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімі долларға қысымды күшейтіп, соңғы үш айдағы ең ірі апталық құлдырауына әкелуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Reuters-тің хабарлауынша, Парсы шығанағындағы қақтығыс бәсеңдеп, инвесторлар тәуекелге қайта орала бастады. Астана уақытымен 11:20-дағы жағдай бойынша, алты негізгі валютамен салыстырғанда доллар индексі 0,08%-ға өсіп, 98,948 пунктке жеткенімен, апталық көрсеткіш бойынша 1,3%-ға жуық төмендеген. «Соғыс шиеленіскен кезде инвесторлар доллар сатып алып, енді жағдай реттеле бастағанда оны кері сатуда. Өйткені, ең ауыр сценарийдің тәуекелі едәуір азайды», – дейді BNZ сарапшысы Джейсон Вонг. Оның айтуынша, Исламабадта өтетін АҚШ-Иран келіссөздері негізгі факторға айналып отыр. Егер сенбі-жексенбі күндері келіссөз сәтті өтсе, доллар бағамы…
Қазақстанда көлік басқару кезінде телефон пайдалану мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы бағыттағы сот және полиция тәжірибесін мұқият бақылайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, телефонмен сөйлескен жүргізушілерге қатысты норма жаңа емес, бірақ осы саладағы құқық қолдану тәжірибесі енді өзгеріске ұшырап жатыр. Абзал Құспан заңға өзгеріс енгізбес бұрын, қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жүргізудің маңызды екенін атап өтті. «Осы мәселеге қатысты Әкімшілік кодекске соңғы уақытта өзгерістер енгізілмеді. Телефонмен сөйлесуге салынған тыйым бұрыннан бар, бейнебақылау арқылы анықталса, жүргізушіге айыппұл жазылады. Дегенмен, осы норма қолданудағы қазіргі тәжірибе өзгеріп барады, біз соны зерделейміз. Егер сот немесе полиция тарапынан қандай да бір қателік…
Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау төңірегіндегі көп жылдан бергі дауға нүкте қойылатын шешім қабылданды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, президент Тоқаевтың тапсырмасымен педагогтердің пәндік білімін бағалау толық тоқтатылған. Тиісті ресми құжат елдегі барлық өңірге жолданған. Министр мұны ұстазға деген сенімнің белгісі ретінде сипаттады. Оның сөзінше, шешім мұғалімді артық күйзеліс пен қағазбастылық қысымынан арылтуға бағытталған. Сүлейменова бұл туралы былай деді: «Құрметті педагогтер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тоқтатылды. Меніңше, Президент сіздерге зор қамқорлық танытып, жоғары сенім білдіріп отыр. Осы шешімге қатысты ресми хат білім басқармаларына жолданды». Пәндік білімді тексеру тетігі алғашында оқыту сапасын бақылау үшін енгізілген…
Қазақстанда зейнетақы жинағының артық бөлігін баспана мәселесіне жұмсауға қатысты өтініш күрт көбейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Наурыз айында орындалған біржолғы зейнетақы төлемі жөніндегі өтініш саны 50,7 мыңға жетіп, ақпанмен салыстырғанда 113 пайызға бір-ақ өскен. Сарапшылар мұны ақпандағы техникалық кідірістен кейінгі жанданумен байланыстырады. Сол кезеңде Отбасы банк жаңа талапқа дайындалу үшін ипотеканы жабуға арналған зейнетақы қаражатын қабылдауды уақытша тоқтатқан. Енді мұндай қаражатты тек негізгі қарызды өтеуге пайдалануға болады, ал пайызын жабуға рұқсат жоқ. Соның салдарынан ақпанда баяулаған төлемдер наурызда қайта жанданып, былтырғы деңгейден де асып түскен. Орындалған өтініштердің жалпы көлемі 50,4 миллиард теңгені құраған. Көрсеткіш ақпаннан 37 пайызға, ал өткен жылдың наурызымен…
Қазақстанда көлік тізгінінде телефон қолданғаны үшін салынатын айыппұлға қатысты дау қайта күшейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңгерлер мен автосарапшылар қолданыстағы норманы ескірген әрі бүгінгі цифрлық өмірге сай келмейді деп санайды. Даудың өзегі телефон ұстаған жүргізушіні жазалау емес, заңдағы тұжырымның шекарасы бұлыңғыр болып тұрғанында. Сарапшылардың айтуынша, нақ осындай көмескі норма ертең біреуге қатаң қолданылып, енді біреуге мүлде жүрмей қалуы мүмкін. Талқылаудың қайта қызуына 12 наурыздан бастап телефонмен сөйлескені және қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін автоматты айыппұл жазу тәжірибесінің басталуы түрткі болды. ІІМ алғашқы нәтижеге баға беруге әлі ерте екенін айтқанымен, жүргізушілер арасындағы алаң күшейген. Әлеуметтік желіде камерадан смартфонды жасырудың түрлі «айласын» көрсеткен әзіл…
АҚШ президенті Дональд Трамп алаңдаушылық тудырған жазба жариялап, «бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылуы мүмкін» деп мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Truth Social платформасындағы жазбасында Трамп әлем тарихындағы маңызды сәттердің бірі жақындап қалғанын атап өткен. «Тұтас бір өркениет бүгін түнде жойылады, оны қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды. Мен мұндай жағдайдың болғанын қаламаймын, бірақ, шамасы, солай болуы ықтимал. Алайда билік өзгеріп, радикалды емес, ақылға қонымды күштер басымдыққа ие болса, күтпеген жақсы өзгерістер де орын алуы мүмкін. Мұны бүгін түнде көреміз. Ұзақ әрі күрделі тарихтағы ең маңызды сәттердің бірі болғалы тұр», – деді АҚШ президенті. Трамп өз жазбасында соңғы 47 жылды «қысым, жемқорлық…










