Мемлекеттен көмек алған, бірақ қарызын әлі толық өтемеген банктердің ірі акционерлері енді өз үлесін қарызын жаппай тұрып сата алмайды. Талап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысында жазылған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжатқа сәйкес, 2017-2018 жылдары мемлекеттен көмек алған банктер акцияларын сатпас бұрын алған ақшаны толық көлемде қайтаруы тиіс. Егер қазіргі акционер мұны өздігінен істей алмаса, сатып алушыға осындай шарт қояды. Ал сатып алушы болса, қарызды қалай қайтаратынын және қаржыландыру көзін нақты көрсеткен жоспарды ұсынуы қажет. Талап банктің жалпы капиталының кемінде 10%-дық үлесі қатысатын мәмілелерге қатысты қолданылады. Егер сатушы мәміледен кейін де банк акцияларының ірі иесі (10%-дан жоғары) болып қала…
Автор: Самал Жолжаксын
WhatsApp мессенджерінде жеке деректерді қорғауды оңайлататын жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді профиль суретін кім көре алатынын, соңғы кіру уақытын жасыруды және белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларды бір ғана бөлімнен реттеуге болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Privacy Checkup» («Құпиялылықты тексеру») деп аталатын жаңа функция арқылы пайдаланушылар өз аккаунтының қауіпсіздігі мен жеке ақпаратын бірнеше қадаммен оңай баптай алады. Бұл туралы WhatsApp ресми түрде хабарлады. Жаңартудың ерекшелігі негізгі қауіпсіздік баптауларының барлығы бір жерде жинақталған. Оған соңғы рет қосылған уақыт пен онлайн-статус, профиль суреті, «Өзіңіз туралы» бөлімі, статус, топтарға шақырулар және белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларды басқару кіреді. Жеке бөлімде орналасқан «Silence Unknown Callers» функциясы белгісіз нөмірлерден…
Перизат Қайратқа тиесілі Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекет меншігіне берілді. Ақпарат электронды сауда порталында жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Электронды сауда порталындағы ақпарат бойынша, 7 сәуірде өткен сауда-саттық нәтижесінде бұрын Перизат Кайратқа тиесілі 2024 жылғы Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік мекемелердің балансына өтті. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі 777KPK01. Құжатта аккумуляторы істен шыққандықтан, техникалық жағдайы толық тексерілмегені жазылған. Автокөлік Pandora сигнализациясы бар кілтімен бірге беріледі. Іші ақ түсті былғары салонмен жабдықталған көліктің бастапқы бағасы 79,4 миллион теңге шамасында белгіленген. Сондай-ақ, көлікке бұған дейін салынған тыйым шаралары әлі алынбаған. 2025 жылдың қыркүйегінде Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген басқа да құнды мүліктердің аукционға…
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғауға арналған жерасты ғимараттарын жабдықтаудың жаңа мемлекеттік стандарты күшіне енді. «СТ РК 4016-2025» стандарты бойынша енді жертөлелер, паркингтер, метро станциялары мен басқа да жерасты нысандары арнайы паналау орны ретінде жабдықталады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжат Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырысы бойынша «ҚазСтандарт» ұйымымен Ұлттық стандарттау жоспары аясында әзірленген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Жаңа стандарт бойынша жертөле, цокольдық қабаттар, жерасты автотұрақтары, метро станциялары мен өткелдерді азаматтық қорғаныс нысаны ретінде пайдалану талаптары нақты айқындалып, заңнамалық олқылықтардың орны толтырылды. Техникалық реттеу және метрология комитетінің хабарлауынша, жаңа құжатта ғимараттарды арнайы паналау орнына айналдыру бойынша нақты талаптар бекітілген. Атап айтқанда,…
Қазақстанда үш жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысы ресейлік компанияларсыз өтетін болды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы стратегиялық нысандарды салу жобаларын енді қазақстандық-сингапурлық консорциум жүзеге асырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы 7 сәуірде ресми түрде белгілі болды. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, Көкшетау қаласындағы ЖЭО-ны Қазақстан өз күшімен салмақ. Қазір мұнда қажетті инфрақұрылым дайындалып, жобалау жұмыстары басталуға жақын. Құрылысқа жұмсалатын шығын 300 миллиард теңгеге бағаланып отыр, нысан 2029 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылмақ. Ал Семей мен Өскемен қалаларындағы ЖЭО құрылысы биыл қаңтарда бекітілген келісім бойынша Қазақстан-Сингапур консорциумына тапсырылды. Қазақстан тарапынан жобаның операторы ретінде «Самұрық-Энерго» компаниясы бекітілді. Жақын арада қос станцияның құрылыс…
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасын ұстап тұруға бағытталған мораторий аяқталды. Энергетика министрлігі жанармай бағасының күрт өсіміне жол бермейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет брифингінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов нарықтағы жағдай толық бақылауда екенін айтып, бензин бағасы бірден шарықтап кетпейтінін жеткізді. «Жанармай бағасы күрт қымбаттамайды. Болған күннің өзінде баға біртіндеп, аздаған өсіммен ғана жоғарылайды», – деді ол. Вице-министр осыған ұқсас жағдай бұрын да болғанын еске салды. Ол кезде бағаны мемлекеттік реттеуден ішінара алып тастағанда жанармай нарығы айтарлықтай тыныш жағдайда өзгерген. Қазіргі уақытта баға саясатын бірден бірнеше мемлекеттік орган бақылауға алған. Олардың ішінде Энергетика министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ әкімдіктер…
Үкіметтегі кезекті талқылау Қазақстан экономикасындағы ескі тежегіштерді біртіндеп ысыруға бағытталған жаңа қимылдың нышанын аңғартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов демонополизация жөніндегі комиссия отырысын өткізіп, назарды дәрі-дәрмекті нарыққа шығару мерзімін қысқартуға, тариф саясатын қайта қарауға және цифрлық тәртіпті күшейтуге бұрды. Отырыста ең әуелі дәрі-дәрмекке қатысты түйткіл көтерілді. Қазір препаратты нарыққа шығару мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін созылса, Үкімет енді осы аралықты 100 жұмыс күніне дейін қысқартуды көздеп отыр. Сол мақсатта тіркеу мен сараптама үдерісін бір арнаға тоғыстыратын «бір терезе» жүйесін енгізу жоспарланған. Күн тәртібіндегі тағы бір ірі мәселе баға мен тарифті реттеу тәсілін өзгерту. Билік табиғи монополиялардан өзге секторларда…
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 6 сәуірдегі саудада доллар бағамы 465 теңгеден төмен түсті. Америкалық валюта осы күні 464,6 теңгеге дейін арзандады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өткен аптамен салыстырғанда доллар 1,08%-ға құнын жоғалтты. Долар арзандап, ұлттық валютаның күшеюі былтыр қазаннан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде теңге шамамен 15,3 пайызға нығайған. Сарапшылар ұлттық валютаның күшею себебін әрқалай түсіндіріп отыр. Мамандар пікірінше, шетелдік инвесторлар қаржысының көбеюі, салық төлемдерінің мерзімі, Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі, Ұлттық қордан бюджетке аударылатын трансферттер мен мұнай бағасының көтерілуі теңге бағамының нығаюына әсер еткен негізгі факторлар. Сонымен қатар әлемдік нарықта доллардың негізгі валюталарға қарағанда әлсіреуі де теңгенің пайдасына жұмыс…
2026 жылы Орталық Азия елдері арасында әскери шығындардың жан басына шаққандағы мөлшері бойынша Қазақстан көш бастады. Әрбір қазақстандықтың жылдық әскери шығыны 288 долларды құрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. SIPRI халықаралық зерттеу орталығының дерегінше, әлем бойынша әскери шығындар 2,6 триллион доллардан асып кеткен. Әлемдік геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты бұл көрсеткіш әлі де өсе береді деген болжам бар. Әскери шығындарды жан басына шаққанда көшбасшы мемлекет Израиль. Бұл елде әрбір тұрғынға жылына 3700 доллар жұмсалады. Тізімде келесі орында АҚШ 2400 доллар, Австралия 2100 доллардан. Ал Германия мен Ресейдің шығындары шамалас жан басына 1500 доллар шамасында. Ірі мемлекеттер халқының көптігіне байланысты әскери шығындар бойынша төмен…
Соңғы уақытта Алматы әлсін-әлсін дірілдеп тұр. Қала халқы елеусіз дүмпулерге үйреніп алғанымен, мамандар мұның қауіпті белгі екенін ескертеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі қазақстандық сейсмолог Мұхтар Қайдаров Exclusive.kz порталына берген сұхбатында қаладағы жер дүмпулерінің ұсақ-түйек болып көрінгенімен, шын мәнінде ірі зілзалаға әкелетін процестің бір бөлігі екенін ашық айтты. Оның атап өткеніндей, «ұсақ тербеліс жер астындағы кернеуді азайтады» деген болжам, шындыққа жанаспайтын аңыз ғана. Шын мәнінде әлсіз жер сілкінісі үлкен энергияның жинақталып жатқанын көрсетеді. Сейсмологиялық тұрғыдан алғанда, осы процестің соңы ірі, күшті жер сілкінісімен аяқталуы әбден мүмкін. Сейсмолог маман мұндай болжамдардың ғылыми тұрғыдан дәлдігі жоғары болса да, қазір осы туралы ашық айтудың…










