Қазақстанда коллекторлық компанияларға қойылатын талап едәуір қатаңдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі саладағы жұмыс тәртібін қайта қарап, борышкермен жұмыс істеу ережесін күшейтті. Ендігі өзгеріс коллекторға еркіндік емес, жауапкершілік жүгін арттыра түспек. Реттеуші ең әуелі коллектордың қысым көрсету, қорқыту, заңсыз ықпал ету секілді әрекетіне тосқауыл қоюға кірісті. Мұндай қадам үшін енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар коллекторлық агенттік қызметкерлері жеке өз әрекеті үшін дербес жауап береді. Яғни жауапкершілік енді тек компания атауының тасасына жасырынбайды. Заң бұзғаны үшін салынатын айыппұл да ұлғайтылған. Бұған қоса коллекторларға өзімен байланысы бар нотариуспен және жекеше сот орындаушыларымен жұмыс істеуге тыйым салынды. Реттеуші…
Автор: Самал Жолжаксын
Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметке инфляциямен күресті күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Наурызда баға өсімі 11 пайызға дейін баяулағанымен, Үкімет басшысы жүйелі жұмысты босаңсытпау қажет екенін ескертті. Премьер сөзінше, негізгі міндеттің бірі мораторий аяқталғаннан кейін де жанармай бағасының шарықтауына жол бермеу. Сол себепті үкімет отын, көлік және коммуналдық қызмет саласында алдын ала түсінікті, болжамды тариф саясатын қалыптастырмақ. Олжас Бектенов азық-түлік нарығындағы жасанды қымбатшылық мәселесіне де арнайы тоқталды. Оның айтуынша, базарларда заңсыз әрекет ететін, бағаны негізсіз көтеретін ұйымдасқан топтар бар. Премьер көкөніс, жеміс-жидек, ет және өзге де тауар құнының орынсыз өсуі көбіне өнім өндірмейтін, бірақ табысқа ортадан килігетін делдалдардың кесірінен ушығып отырғанын…
Қазақстандық банктер азаматтардың биылғы алғашқы тоқсандағы ақша аударымдары туралы деректі 15 сәуірге дейін Қаржы министрлігіне тапсырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алайда әрбір аударым емес, тек бизнес белгілері анық байқалғандары ғана бақылауға ілігеді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кәсіпкерлік сипаты бар аударымдардың нақты критерийлері белгіленгенін айтты. Осы талаптар негізінде банктер «қызыл жалаушалар» түзіп, тиісті мәліметті мемлекеттік органдарға ұсынады. «Заңға нормалар енгізілді, ережелерді Ұлттық банк бекітті. Белгіленген шарттарға сәйкес, бірінші тоқсандағы мәліметті банктерден 15 сәуірге дейін аламыз. Банктер сол «қызыл жалаушалар» бойынша ақпараттарды жинақтап, бізге береді. Әрі қарай сол деректер негізінде камералдық бақылау жүргізіп, азаматтарға хабарлама жібереміз. Салық есебін тапсырған немесе тиісті түсініктеме берген…
Атырау облыстық полиция департаментіндегі қызметтік тексерістен кейін бірнеше жоғары лауазымды басшы қызметінен шеттетілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде жүргізетін жоспарлы тексеріс барысында Атырау облысы полиция департаментінің жұмысында бірқатар өрескел кемшіліктер анықталды. Нақты айтқанда, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау мен жұмысты ұйымдастыруда және бақылауда айтарлықтай заң бұзушылықтар болған. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметінен шеттетілгендер: Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы; Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы; Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік өз қатарындағы заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау жұмысын қатаң бақылауда ұстап келеді. «Министр бұған дейін бірнеше мәрте атап өткендей, ішкі істер…
Венгриядағы билік ауысуы қаржы нарығына бірден әсер етіп, форинттің күтпеген серпін алуына жол ашты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Виктор Орбанның партиясы сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін инвесторлар Будапештке үмітпен қарай бастады. Соның алғашқы белгісі ұлттық валютаның күрт нығаюынан байқалды. Bloomberg мәліметінше, 13 сәуірдің таңында, яғни сайлаудан кейінгі күні бір еуро 365,69 форинтке дейін түскен. Еуропа валютасы үшін мұндай әлсіз деңгей 2022 жылдың басынан бері тіркелмеген. Тәуліктік қозғалыс 2,4 пайызға жеткен. Нарықтағы серпін форинтпен шектелген жоқ Венгрияның доллармен шығарылған еурооблигациялары 3,3 пайызға қымбаттап, дамушы нарықтар арасындағы ең жақсы нәтижені көрсеткен. Мұның астарында бір ғана белгі жатыр: инвестор жаңа билік тұсында елдің қарыз алу…
Астана соты бағдаршамның тыйым салу сигналына қарамастан, 133 км/сағ жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп, жол ережесін өрескел бұзған Porsche жүргізушісінің ісін қарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға 2026 жылғы 2 сәуір күні сағат 12:47-де Әл-Фараби көшесінде болған. Сот материалдарына сәйкес, жүргізушінің әрекеті айналасына агрессивті әрі қауіп тудыратындай сипат алған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, инспектордың рапорты, жүргізушінің өз түсініктемесі және «Сергек» жүйесіндегі бейнежазба айыпталушының кінәсін толық дәлелдейді», – деді сот өкілдері. Жүргізуші кінәсін мойындап, асыққандықтан әрі жол бос деп ойлағандықтан осындай әрекетке барғанын айтып ақталған. Дегенмен сот оның жыл басынан бері жылдамдықты асыру бойынша 59 мәрте жауапкершілікке тартылғанын ескеріп, 15 тәулікке…
Қазақстанда жұмысшыларды міндетті сақтандыру жүйесі толық қайта қарауды қажет етеді. Қолданыстағы тарифтер еңбек жағдайы мен қауіп-қатер деңгейін мүлде ескермейді. Нәтижесінде шағын және микробизнес табысын жасырып, жалақыны «конвертпен» төлеуге мәжбүр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл мәселені AMANAT партиясының үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында заңгер, қаржы сарапшысы Айжан Балакешова көтерді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов пен премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қатысқан жиында міндетті сақтандыру жүйесіндегі қисынсыз тариф мәселесі талқыланды. Сарапшының айтуынша, қазіргі мемлекеттік сақтандыру жүйесі қауіп-қатер деңгейіне мүлде назар аудармай, барлық компанияларға бірдей тариф қолдануда. «Офисте бір ғана адам жұмыс істейтін мекеме жылына 85 мың теңге төлейді. Екі сатушысы бар базардағы шағын кәсіпкер де дәл…
Посткеңестік кеңістікте Ресейдің ықпалы саяси риторикада ғана емес, нақты экономикалық шешімдерде де әлсірей бастағаны анық аңғарылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеше ғана Мәскеудің «тұрақты серіктесі» саналған елдер енді балама бағыт іздеп, стратегиялық жобаларды Ресейсіз жүзеге асыруға ден қоя бастады. Соңғы оқиғалар Қазақстан мен Арменияның қадамы арқылы осы үрдісті бұрынғыдан да айқын көрсетіп отыр. Соңғы күндері медиада Армения премьер-министрі Никол Пашинянның армян темір жолын басқарудағы ресейлік концессияның болашағына қатысты мәлімдемесі қызу талқыланды. Ереван жаңа энергоблок салуда да Ресейге тәуелділіктен шығуды көздеп отырғанын аңғартты. Сол мезетте Қазақстан да Мәскеуді ірі энергетикалық жобалардан шетке ысырып, үш бірдей жылу электр станциясын салу ісінде өзге жолды…
Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Қазақстаннан мұнай жеткізу мәселесінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап. Оңтүстік Кореяның өнеркәсіп министрі Ким Чон Гванның айтуынша, келесі аптада нақты көлемдер мен тасымал туралы толық ақпарат жарияланады. Министрдің сөзінше, Астанамен келіссөздер табысты өтіп, маңызды нәтиже берген. Сәуір айының басында президент әкімшілігінің басшысы Кан Хүн Сик пен өнеркәсіп министрі Ким Чон Гуан Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау мәселесінің қиындауына байланысты мұнай және нафта жеткізу келісімдерін жасау үшін Қазақстанға арнайы келіп қайтқан еді. «Астана географиялық жағынан алыста көрінгенімен, мұнай тасымалы АҚШ-тан жеткізілетін уақытпен шамалас 50-60 күн. Сапардың негізгі мақсаты энергия көздерін ұзақ…
АҚШ конгресмені Тим Берчетт алдағы аптада бұған дейін құпия болып келген UFO (беймәлім ұшатын нысандар) туралы мәліметтер ашылатынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тим Бурчетт танымал журналист Стивен А. Смитке берген сұхбатында ел естімеген ақпараттардың жарияланатынын айтып, мәлімдемесімен жұртты дүрліктірді. «Маған берілген ақпарат пен суреттерді, куәгерлердің айтқандарын толық ашса, әлемді дүр сілкіндіреді. Бірнеше апта бұрынғы жабық брифингте бізге аты-жөндер, күндер, кездесулер өткен орындар, жасырылған заттардың нақты орналасқан жерлері туралы деректер берілді. Ол тым ауыр әрі тым көп», – деді Берчетт. Конгрессмен осы құпияны халыққа ашатын жалғыз адам президент Дональд Трамп екенін айтты. «Тек Трамп қана мұндай батыл қадамға бара алады. Ол…










