Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

Тоқаев Ердоған

Президент Тоқаев Түркия сапары барысында бірсыпыра келісімге қол қойып, мұнай экспортында Кремльдің құлдығынан құтылуға батыл қадам жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Анкарада өткен Қазақстан Түркия стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің мәжілісінде тараптар 20-дан астам өте-мөте маңызды құжатқа қол қойды. Тоқаев негізгі тезисті мұнай экспортын әртараптандыру мен Транскаспий бағытын дамытуға арнады. Қазақ мұнайын Ресей арқылы тасымалдауға тәуелділікті азайту үшін Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбырының потенциалын кеңейту мәселесіне акцент берілді. Президент Тоқаев Қазақстан әлгі құбырмен Түркияға қазірдің өзінде жылына 1,4 млн тонна мұнай тасымалдап отырғанын бірнеше рет қайталады. Биылғы жарты жылдың өзінде осы бағыттағы мұнай экспорты 12 пайызға ұлғайып, 785 мың тоннаға жеткен. Бірақ, бір нюанс бар……

Толық оқу
оппозициялық журналист Айдос Садықовқа

Жуырда Киевте оппозициялық журналист Айдос Садықовқа қарулы шабуыл жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға журналист пен оның әйелі Наталья Садықова көлікте отырған сәтте орын алған. Белгісіз біреу жақындап келіп, тікелей Садықовқа оқ атқан. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Қастандықтан кейін қоғамда оқиғаға Қазақстан билігінің қатысы болуы мүмкін деген пікір жиі айтылуда. Осыған байланысты саясаткер әрі журналист Әміржан Қосан мәселенің жан-жақты тергеліп, кінәлілердің дереу анықталуы керегін айтты. «Саяси резонанс тудыратын кез келген қылмыс бірден қоғамдық пікірді қоздырады. Мұндайда әр тарап өз мүддесін алға тартып, қарсы жақты кінәлауға бейім тұрады. Сондықтан алдымен ресми тергеудің қорытындысын күткен жөн. Украинадағы құқық қорғау жүйесі ашық…

Толық оқу