Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

Шығыс Қазақстан облысының ең шеткі нүктесі

Шығыс Қазақстан облысының ең шеткі нүктесі саналатын Шанағатты ауылында күн райы -56 градусқа дейін суытып, елді мекен тұрғындары ақ қар, көк мұздың ортасында қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ustinka-ның дерегінше Марқакөл ауданына қарасты шағын ғана ауыл сай табанында орналасқан. Бұл жердің қысын қатал деудің өзі жеткіліксіз. Қазір ауылдағы 25 үйде небәрі 59 адам тұрады. Шағын елді мекенде бастауыш мектеп, медициналық пункт, дүкен және интернет байланысы бар. Бесінші сыныптан бастап оқушылар білім алу үшін 30 шақырым қашықтағы Тосқайың ауылына қатынап оқиды. «Алақандай ауылымыз облыстың қиыр шетінде орналасқандықтан, аяз бен боранға халық әбден көндіккен. 1969 жылы тіпті -62 градус суықты да көрген. Қазіргі…

Толық оқу
Трамп Гренландия аралы

Гренландияда наразылық бұрқ етті. Трамптың аралға қатысты талабына жергілікті халық ашық қарсылық білдіріп, көшеге шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемдегі ең ірі аралдың егемендігі туралы мәселе Дөкең, Доналд Трамптың Гренландияны Америка құрамына қосу туралы мәлімдемесінен кейін қайта ушықты. Тұрғындар бұған бірден жауап қатып, Гренландия астанасы Нуукте мыңдаған адам алаңға шықты. Акцияға қатысушылар саны ұйымдастырушылар күткеннен әлдеқайда көп болды. Халық аралдың тәуелсіздігін қорғап ұрандатты, ұлттық әндер орындады. Наразылық шарасына жергілікті үкімет мүшелері мен саяси партия өкілдері де қосылған екен. Гренландиядағы шерумен қатар, наразылық толқыны Дания астанасы мен елдің басқа өңірлеріне де жайылды. Көпенгәгеннің қақ орталығына жиналған халықтың қарасы 15 мыңға жуықтап, кейбіреу…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы қысқа мерзімді

Қазақстан экономикасы қысқа мерзімді әрі қауіпті шетелдік капиталдың қақпанына түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Reuters-тің дерегінше, елімізде өткен жылы hot money (ыстық ақша) ағыны күрт көбейген. Сүлейменов? Бұған Ұлттық банктің жоғары базалық ставкасы себеп болған. Шетелдік инвесторлар осы мүмкіндікті мүлт жібермей, теңгедегі бағалы қағаздарға миллиардтап қаржы салған. Бірақ бір гәп бар… Сарапшылар осы қаржы ағымының қауіпті екенін ескертеді. Теңгелік облигацияларға қаржы құйған инвесторлардың мақсаты ұзақ мерзімді, тұрақты табыс емес, тез пайда тауып, апыл-ғұпыл шығып кету. Жаһандық экономикада аз ғана тербеліс болса, сырттан келген осы капитал елден әп-сәтте кері шығып, ұлттық валютаға орасан қауіп төндіруі мүмкін. «Қазақстан тәрізді елдер базалық мөлшерлемені жоғары ұстап,…

Толық оқу
Жасанды интеллект туралы заң

Қазақстанда жасанды интеллект саласын реттейтін жаңа заң ресми түрде күшіне енді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжатқа президент қол қойған күннен бері 60 күн өтіп, енді бұл заң толыққанды қолданыла бастады. Заңның басты ұстанымы технологиядан бұрын адамның құқығы мен бостандығын жоғары қою. «Жасанды интеллект адамды таңдау еркіндігінен, шешім қабылдау құқығынан айырмауы тиіс», – дейді Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі. Жаңа заң аясында енді барлық жасанды интеллект жүйелері үш санатқа бөлінді: төмен, орта және жоғары тәуекелді жүйелер. Мемлекеттік деректермен жұмыс істейтін немесе маңызды салаларда қолданылатын жоғары тәуекелді жүйелер мемлекеттік ақпараттық жүйелер деңгейінде қатаң бақылауға алынады. Бұдан былай… Қазақстанда енді адамға жасырын түрде…

Толық оқу
Гуанжоу Алматы әуе рейстері

Қытайдың оңтүстігіндегі ірі сауда әрі қаржы орталығы Гуанжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа дипломатиялық орталықтың қызмет ауқымы кең: консулдық Гуандүн провинциясымен бірге Хунан, Хайнан, Юньнань және Гуанси-Жуан автономиялық аудандарын қамтиды. Осылайша, Қазақстан Гуанжөудағы дипломатиялық миссиялардың санын 70-ке жеткізіп, өңірдегі ықпалын күшейте түсті. Консулдықтың ашылуы екі ел арасындағы сауда және іскерлік байланыстардың соңғы жылдары қарқын алуымен тікелей байланысты. Қытайдың оңтүстік провинцияларымен арада сауда айналымы айтарлықтай өскен. Іскерлік байланыстар жиілеп, азаматтарымыздың Қытайға сапары көбейді. Осыған дәлел ретінде, былтыр China Southern Airlines әуе компаниясы Гуанжоу – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосқан еді. Бастапқыда аптасына үш…

Толық оқу
электронды кітаптар

Telegram-да кітаптың артында жасырынған қауіпті алаяқтық түрі пайда болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокуратураның мәліметінше, интернет-алаяқтар оқырманды тегін электронды кітаптардың бай қорымен қызықтырып, торына түсіріп отыр. Алдымен арнайы бот арқылы қалаған туындыңды таңдап, қысқаша мазмұнымен танысасың. Барлығы сауатты, сенімді, тіпті заңды сервистерден айнымайды. Дегенмен, қызығушылықпен басқан соңғы сілтеме кітап орнына вирус жұққан қосымшаны смартфоныңызға орнатады. Ал одан кейінгі сценарий көпке таныс: құпия сөздеріңіз ұрланады, банк шотыңызға қауіп төнеді, жеке хаттарыңыз бен суреттеріңіз бөтеннің қолында кетуі мүмкін. Қарапайым ғана кітап іздеп жүріп, бүкіл өміріңіз алаяқтардың алақанына түсу қаупі бар. «Мессенджерлер арқылы келген белгісіз сілтемелерді баспаңыз, күмәнді файлдарды жүктемеңіз, тек сенімді көздерден…

Толық оқу
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы жол апатына түсіп, Грозныйдағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға бүгін қала көшелерінің бірінде болған. Адам Қадыров мінген кортеж жылдамдықты тым үдетіп, алдындағы кедергіге оңбай соқтығысқан. Соның салдарынан бірнеше көлік қатарынан бірінің артына бірі кіріп кеткен. Зардап шеккендердің қатары көп деседі куәгерлер. Ауруханаға апаратын көше толық жабылған. Куәгерлердің айтуынша, аурухана маңы әп-сәтте қарулы күзетке толып, маңайға бөгде адамның жақындауына тыйым салынған. Әлемжеліде апат туралы алыпқашпа әңгіме көбейіп тұр. «Адамның жағдайы ауыр, тіпті ес-түссіз жатыр» деген сыбыс тарап үлгерген. Шешенстандағы жағдайды жіті бақылап отыратын NIYSO қозғалысының дерегінше, апатқа Адамның өзі кінәлі. Қадыровтың кортежі жол…

Толық оқу
Алматыны газға көшіру ісі баяу

Алматыны газға көшіру ісі баяу жүріп жатыр. Энергі министрі Ерлан Ақкенженов ТЭЦ-3 құрылысындағы олқылықтарға тоқталып, жұмысты жеделдетуді талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақкенженов Алматыға арнайы сапармен келіп, қаладағы ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3 құрылыс алаңдарындағы жағдайды өз көзімен көрді. ТЭЦ-2 нысанындағы жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатса, ТЭЦ-3 құрылысындағы баяулық министрдің көңілінен шыққан жоқ. «Құрылыс қарқынын бәсеңдетуге ешқандай негіз жоқ. Қажет болса, жұмысшылар санын көбейтіңдер, бірақ артта қалуға жол берілмесін. Жоспардың орындалмауы кешірілмейтін жағдай. Желтоқсанның 31-іне дейін станция толық қуатында газға көшіп бітуі тиіс», – деп нақты тапсырма қойды Ерлан Ақкенженов. Министр жұмыстың кешігуіне негізгі себеп бас мердігердің жауапсыздығы мен салғырттығы екенін ашық…

Толық оқу
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында аяздың екпіні қайтпай тұрса, оңтүстік пен батысты ақ қар мен көктайғақ әбігерге салып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидрометтің» дерегінше, бүгін Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының бірқатар ауданында жауын аралас қар тоқтаусыз жауып, жолдар көк мұзға айналмақ. Желдің екпіні күшейіп, бұрқасын көтеріліп, тұрғындардың қалыпты тіршілігіне кедергі келтірмек. Ал солтүстік пен шығыста қаңтардың қақаған аязы басылмай тұр. Түнгі уақытта Абай облысында сынап бағанасы 40 градусқа дейін түседі. Қарағанды өңірінде 35, 38 градус аяз болса, Шығыс Қазақстанда аяздың күші 45 градусқа жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, республика аумағында қалың тұман түсуі ықтимал. Бүгінгі ауа райының қысқаша сипаты: Астанада күндіз…

Толық оқу
Нурай Серикбай

Ішкі істер Шымкентте 21 жастағы студент қыздың өліміне қатысты тергеу ісін өз бақылауына алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрліктің мәліметінше, қоғамда кең талқыланып жатқан оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру басталған. «Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған тәжірибелі мамандар тартылды. Барлық дәлелдер мұқият тексеріліп, бейнебақылау камераларынан алынған жазба жан-жақты сараланады. Күдіктінің барлық әрекетіне толық құқықтық баға беріледі», – делінген министрлік таратқан мәлімдемеде. Министрлік қатыгездікке байланысты кез келген қылмысқа принципті ұстанымда екенін және кінәлі адамның міндетті түрде заң алдында жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Депутат неге наразы? Осы оқиғаға қатысты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те пікір…

Толық оқу