Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

Астанадағы биылғы қыс

Астанадағы биылғы қыс ерекше жылы әрі қарсыз өтіп жатыр. Бұл жағдай қалалық бюджетке айтарлықтай үнем әкелуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қар тазалау жұмыстарына жұмсалатын қаражаттың айтарлықтай қысқарғанын айтты. Оның сөзінше, жауын-шашынсыз өткен әрбір тәулік коммуналдық қызмет шығындарын 50-100 млн теңгеге дейін төмендетеді. «Қарсыз күндердің арқасында күнделікті шығын 50-100 миллион теңгеге дейін азайды, кейде тіпті бұдан да көп болуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі жауын-шашынның деңгейіне байланысты. Дегенмен, мұндай қыс бұрын да болған. Мысалы, екі жыл бұрын күз ұзақ жаңбырлы болып, қар кеш түскен еді. Бірақ қаңтар мен ақпан айларында қар қалың болды. Қазір…

Толық оқу
Оқушылардың қысқы демалысы

Ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылардың қысқы демалысы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысын тиімді әрі пайдалы өткізуді ұсынды. Министрлік өкілдері балаларды көркем әдебиет оқуға, музейлер мен көрмелерге баруға, сондай-ақ спортпен айналысып, таза ауада серуендеуге шақырды. «Демалыс күндері мектептерде де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ойындар, танымдық сабақтар мен шығармашылыққа арналған қызықты дәрістер өткізіледі», – делінген министрліктің хабарламасында. Сонымен қатар ведомство ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін естен шығармауды ескертті. Ата-аналар жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және интернеттегі сақтық шаралары туралы балаларға жиі айтып отыруы керек.

Толық оқу
құжат рәсімдеу құны артады

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжат рәсімдеу құны артады. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көтерілуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025 жылдың 8 желтоқсанында бекітілген «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2026 жылы бір АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін өседі. Биылғы АЕК 3 932 теңге еді. Осыған байланысты мемлекеттік баж салығы да қымбаттайды. Жаңа тариф бойынша қарапайым төлқұжат (36 бет) құны 8 АЕК, яғни 34 600 теңге (2025 жылы 31 456 теңге). 48 беттік төлқұжат – 12 АЕК, яғни 51 900 теңге (2025 жылы 47 184 теңге). Балалар төлқұжаты – 4 АЕК немесе 17 300…

Толық оқу
Қазақстанда көлік жүргізу

2026 жылдан бастап Германияда көлікте телефонмен сөйлескен жүргізушілерге айыппұл 440 еуроға (шамамен 243 мың теңге) дейін өседі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bild басылымының мәліметінше, жаңа ереже жол қозғалысындағы өзге де заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшерін біршама арттырған. Атап айтқанда, жылдамдықты белгіленген межеден сағатына 5 шақырымға арттырғандар 46 еуро, 20 шақырымға асырғандар 229 еуро төлейді. Қызыл шамнан өтіп кетсеңіз 320 еуро, ал көлікті рұқсатсыз жерде тұраққа қойсаңыз 130 еуро санап бересіз. Мүгедектерге арналған орынға қойғаныңыз үшін 400 еуро төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, оң жақтан озу немесе көліктер арасындағы арақашықтықты сақтамау сияқты әрекеттерге 380 еуро айыппұл белгіленген. Биліктің мұндай қадамға баруына жол апатының…

Толық оқу
Президент Тоқаев Петерборда

Президент Тоқаев Петерборда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытынды жиынына қатысып, одақтың алдағы даму бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, одаққа мүше мемлекет басшыларының жыл соңында Санкт-Петербургте жиналу дәстүрге айналғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл кездесу тек жыл қорытындысын шығарудың ғана емес, болашақ стратегиясын айқындаудың да маңызды алаңы. Тоқаев биылғы жыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін ерекше екенін, ұйым дамуының екінші онжылдығына қадам басқанын еске салды. Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, одаққа мүше елдер тұрақты өсімді қамтамасыз етіп, өзара сауда-саттық пен өнеркәсіптік кооперацияны арттыра алған. «Биыл ЕАЭО елдерінің жиынтық ішкі өнімі…

Толық оқу
ең ұзақ күн тұтылу

Әлем астрономия тарихындағы ең сирек әрі ғажайып құбылыстардың біріне жүз жылдағы ең ұзақ күн тұтылуына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. NASA мамандарының мәліметіне қарағанда, күннің толық тұтылуы 2027 жылдың 2 тамызында болады. Бұл құбылыстың толық фазасы Марокко мен Испанияның оңтүстік бөлігінен басталып, Алжир, Тунис, Ливия мен Египет арқылы Таяу Шығысқа дейін жалғасады. Әсіресе Египеттің тарихи Луксор және Асуан қалаларында Күннің толық тұтылуы алты минуттан аса уақытқа созылады. Осы сәтте Күн толығымен Айдың тасасында қалып, ауа температурасы күрт төмендеп, тіпті аспанда жұлдыздар анық көрінеді. Ғалымдар бұл құбылысты «Күннің көзге көрінетін анатомиясы» деп те атайды. Себебі тек толық тұтылу кезінде ғана Күннің…

Толық оқу
iPhone смартфонына арналған

Apple корпорациясы 2026 жылдан бастап iPhone смартфонына арналған App Store-да жаңа жарнама түрін енгізеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір жарнамалық материалдар қолданушылар іздеу жүйесінде қосымша іздегенде тек жоғары бөлікте көрсетіледі. Apple өкілдерінің айтуынша, 2026 жылы жарнама іздеу парақшасының төменгі тұсында да пайда болмақ. Оның орналасатын орны нақты белгіленбеген. Яғни жарнама беруші өзіне ыңғайлы орын таңдай алады. Жаңа форматтағы жарнама үшін тапсырыс берушілер әр қолданушының жарнамамен әрекеттескеніне немесе көрсетілген қосымшаны жүктеп алғанына қарай ақы төлейді. 9to5Mac басылымының хабарлауынша, жаңа функция Apple компаниясына қосымша табыс әкеледі. Компания өкілдері бұл жаңашылдық пайдаланушылар үшін де, жарнама берушілер үшін де тиімді екенін алға тартты. Apple дерегінше,…

Толық оқу
Илон Масктың байлығы

Америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы адамзат тарихында алғаш рет 700 миллиард доллардан асып түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes журналының мәліметінше, Масктың дәулеті Делавэр штатының жоғарғы соты Tesla акцияларына қатысты шығарылған бұрынғы сот шешімінің күшін жойғаннан кейін күрт өскен. Төменгі сот бұған дейін Масктың акцияларға опцион түріндегі сыйақысын заңсыз деп таныған еді. Қазіргі таңда бұл опциондардың жалпы құны – 139 миллиард доллар. Сот шешімі қайта қаралғаннан кейін Илон Масктың жалпы байлығы рекордтық 749 миллиард долларға жеткен. Бұған дейін де Forbes Маскты капиталы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам ретінде атаған болатын. Ол кезде кәсіпкерге тиесілі SpaceX компаниясының нарықтық құны 800 миллиард…

Толық оқу
Күн Тауешкі белгісіне ауысады

Жұлдызшылар пайымынша, қарбалас пен бейберекет кезең болған Мерген маусымынан кейін, 21 желтоқсанда Күн Тауешкі белгісіне ауысады. Бұл жылдың ең жүйелі, нәтижелі әрі прагматикалық кезеңінің бірі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Parade журналы алдағы апталар Тауешкі, Тоқты, Шаян және Таразы белгілеріндегі адамдар үшін үлкен өзгерістер кезеңі болатынын жазады. Тауешкі Бұл – сіздің дәуіріңіз. Қазір бар назар мақсатқа беріктігіңіз бен стратегиялық ойлау қабілетіңізге ауған. Күннің өз белгіңізде орналасуы өзіңізге деген сенімді нығайтып, тәртіп пен тұрақтылықты күшейтеді. Осы кезеңде жүйелі қадамдармен, мұқият жоспарланған іс-әрекеттермен кәсіби биіктерге жету ықтималдығы жоғары. Тоқты Алдағы кезең мансапта көтерілу, жаңа басқарушылық қызмет немесе нақты мақсаттарыңызды айқындау үшін қолайлы. Көптен күткен қызмет…

Толық оқу
2026 жылдан бастап қосымша құн салығының

Қазақстанда 2026 жылдан бастап қосымша құн салығының (ҚҚС) базалық мөлшерлемесі 16%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігінің мәліметінше, негізгі ставканың өсуімен қатар, жекелеген тауарларға төмендетілген мөлшерлемелер бекітіледі. Атап айтқанда, отандық баспа өнімдері мен мерзімді басылымдар үшін – 10%, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен қызмет түрлеріне 2026 жылы – 5%, ал 2027 жылдан бастап – 10% көлемінде салық белгіленеді. Сондай-ақ экспортқа шығарылатын тауарлар, халықаралық жүк тасымалы, шетелдік әуе компанияларына арналған жанар-жағармай материалдары, арнайы экономикалық аймақтар аумағында өндірілетін өнімдер мен аффинаждалған алтынға нөлдік ставка қолданылады. Жаңа Салық кодексінде ҚҚС-тан мүлдем босатылатын салалар мен бағыттар да айқындалған: ҚҚС-тан босатылған тауар, жұмыс және қызмет түрлері;…

Толық оқу