Қазақстанда жастар арасында «жалақыға дейінгі қарыз» деп аталатын қысқа мерзімді несиелерге сұраныс күрт артып, орташа қарыз алушының жасы төмендей бастады. Бұл жағдай қазақстандықтардың қаржылық мінез-құлқының айтарлықтай өзгергенін көрсетеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Руслан Сұлтанов Ұлттық банктің қысқа мерзімді, банктік емес тұтынушылық несие (PDL) нарығын талдаған зерттеуін сараптай келе осындай қорытындыға келді. Зерттеу дерегінше, PDL сегментіндегі қарыз алушылардың орташа жасы 2022 жылы 36 жас болса, 2024 жылы 33 жасқа дейін төмендеген. Сонымен қатар, қарыздың орташа сомасы 50,6 мың теңгеден 64,2 мың теңгеге дейін өскен. Сұлтановтың пікірінше, өзгеріс әдеттегі клиенттердің жасаруынан әлдеқайда терең мәнге ие. «Жастардың несие алуға жаппай көшуі болашақта үлкен…
Автор: Самат Келдібай
Оқу-ағарту министрлігі балабақшаларды лицензиялау енгізілгеннен кейін жеке меншік мекемелердің жаппай жабылуы мүмкін деген күдікке қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2027 жылдан бастап елдегі барлық балабақшалар меншік түріне қарамастан лицензия алуға міндетті болады. Лицензиялаудың негізгі талабы ғимараттың жай-күйі, педагогтардың кәсіби деңгейі, білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық база және инфрақұрылым талаптарына сәйкестігі. Министрлік ақпаратына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда 11 909 балабақша жұмыс істейді, оның 6 526-сы жеке меншік. Ведомство жеке меншік балабақшалардың басым бөлігі лицензиялаудың жаңа талаптарына сәйкес келетінін атап өтті. «Қазірдің өзінде жеке меншік балабақшалардың 96 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысын орындап отыр. Бұл олардың басым көпшілігінің белгіленген талаптарға сай екенін…
Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларды көлік құжаттарын уақытында тексеруге шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрліктің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек жүргізушілерге техникалық байқау, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімін кейінге қалдырмай тексеруге кеңес берді. «Құрметті жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылар! Құжаттарыңызды қазір тексеріп алыңыз. Әңгіме тек техникалық байқау мен сақтандыру туралы ғана емес. Жүргізуші куәлігіңіздің де жарамдылық мерзімін бір қарап өтіңіз. Мұны қазір онлайн режимде, бірнеше минут ішінде жасауға болады. Мәселе қағаз жүзіндегі формалдылықта емес, сіздің және өзгелердің қауіпсіздігінде. Техбайқаудан өту көлігіңіздің қауіпсіз екенін білдіреді. Ал сақтандыру полисі жол апаты болған жағдайда сізді қорғайтын басты құжат. Автоматтандырылған камералар осы құжаттардағы…
Жазғы маусым қарсаңында FlyArystan Грузия бағытына басымдық беріп, Астанадан ұшатын рейстер санын қайта пысықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Лоукостер енді елорда мен Кутаиси арасындағы әуе қатынасын жаз бойы аптасына екі мәрте орындайды. Мұндай шешім демалыс жоспарын ертерек жасап жүрген жолаушыға ыңғайлырақ кесте ұсынуға бағытталған. Әуе компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Астана – Кутаиси – Астана бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады. FlyArystan үшін Астана халықаралық бағыттар желісіндегі негізгі базалардың бірі саналады. Жазғы маусымда тасымалдаушы Қазақстан астанасынан Батумиге, Газипашаға, Ташкентке және Ыстықкөлдегі Тамчыға да тікелей рейс ұсынып отыр. Осылайша компания өңір ішіндегі сапарға арналған бағыттар…
Қазақстанның мұнай картасында жаңа ірі нүкте бой көрсете бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «ҚазМұнайГаз» Каспий маңы бассейніндегі Жылыой карбонат платформасын таныстырып, оны ауқымы жағынан Қашағанмен салыстыруға болатынын мәлімдеді. Алдын ала бағалауға қарағанда, аталған құрылымның ресурстық әлеуеті 20 миллиард тонна шартты отыннан асады. Мұндай меже Жылыой бағытын геологтар үшін де, энергетикалық стратегия үшін де айрықша маңызға шығарып отыр. Жоба халықаралық Geoscience & Exploration Central Asia геологиялық форумында таныстырылды. Платформаның аумағы шамамен 9 мың шаршы шақырымға созылады. Ең назар аударар жайт, осы кеңістік осыған дейін толыққанды зерттеле қоймаған. Ендігі жоспар 2D және 3D сейсмикалық барлау жүргізіп, кемінде 8 мың метр тереңдікке дейін түсетін…
Қазақстанда несие бұрынғыдай сирек жүгінетін қаржы тетігі емес, күнделікті тіршіліктің бір бөлігіне айналды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір елде әр екінші тұрғынның мойнында қарыз бар. Сарапшылар мұны қаржы нарығының кеңеюінен гөрі, халық табысының әлсіреуі мен борышқа тәуелділіктің күшеюі ретінде бағалап отыр. Tengenomika арнасы мен Бірінші кредиттік бюро дерегіне қарағанда, елде қолданыстағы несиесі бар азаматтар саны 10 496 525 адамға жеткен. Қазақстан халқының жалпы саны 20,5 миллион шамасында екенін ескерсек, қарызы барлардың үлесі 51,2 пайызға шыққан. Демек, қазір несие әлеуметтік мәртебесіне де, табыс деңгейіне де қарамай, жұрттың жартысынан астамына тән құбылысқа айналған. Сарапшылардың пайымынша, борыштың жаппай белең алуы экономикадағы тереңірек ахуалды аңғартады.…
Петропавлдың бұрынғы депутаты, тазарту құрылғылары мекемесінің экс-басшысы Павел Булаев мемлекетке 805 миллион 651 мың теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттелді. Бұл соманы Булаевпен бірге оның сыбайластары Денис Маршалов, Руслан Яковенко және Лев Шакшабаев та қайтарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Павел Булаев 2024 жылдың ақпанында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеу дерегінше, заңсыз схема бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келген. Булаев «Тазарту құрылғылары» мемлекеттік кәсіпорнын басқарған тұста коммерциялық фирма құрылып, конкурстар мен тендерсіз тікелей шарттар алып отырған. Кейін су құбырларын күтіп ұстау, жол тазалау және қала көркейту бойынша жалған келісімдер арқылы бюджет қаражаты ешбір техникасы да, жұмысшылары да жоқ фирмаларға аударылып…
Қазақстанда жұмыссыз жүрген мыңдаған азамат қысқа мерзім ішінде жаңа мамандық меңгеріп, еңбек нарығына қайта оралуға мүмкіндік алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жыл басынан бері 22 мыңнан астам адам арнайы кәсіби даярлықтан өтіп, сұранысқа ие дағдыларды игерген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мұндай оқу бағдарламалары жұмыс берушілердің сұранысына сай ұйымдастырылып, оқу орындарында, тікелей жұмыс орнында және онлайн форматта жүргізіліп жатыр. Оқу мерзімі алты айдан аспайды. Ұзақтығы таңдалған кәсіптің ерекшелігіне қарай белгіленеді. Ең көп адам оқуға Ақтөбе облысында жіберілген. Мұнда 2,6 мың адам қамтылған. Шымкентте 2,3 мың адам, Түркістан және Қызылорда облыстарында 1,6 мыңнан, Қостанай облысында 1,5 мың адам қысқа мерзімді…
Күніне 1-2 бокал шарап ішу ер адамдардың биологиялық қартаюын баяулатады. Алайда мұндай әсер әйелдерде байқалмайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Италияның ЛУМ университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, күніне шамамен 200 мл шарап ішкен ер адамдардың жасушалары жарты жылға жас күйінде сақталады. Басқа алкогольді сусындардың мұндай әсері жоқ, сондықтан ғалымдар шарап құрамындағы алкогольсіз қосылыстардың рөліне тоқталып отыр. Зерттеуге 22 мың адам қатысқан. Олардың биологиялық жасы қан сынамасы арқылы, гормондар мен басқа да биомаркерлер негізінде жасанды интеллект көмегімен анықталған. Әйелдерде мұндай әсердің болмауын зерттеушілер олардың организміндегі гормоналдық ерекшеліктермен және алкогольді басқаша өңдеуімен түсіндіреді. Ғалымдардың пікірінше, шарап құрамындағы полифенолдар қабынуды азайтып, метаболизмді жақсартады және…
Сапалы ноутбук сатып алу бірнеше жылға арналған ұзақмерзімді инвестиция. Техника таңдауда асығыстық пен үнемдеуге ұмтылу дұрыс емес. Ноутбук қалай таңдау керек? 2026 жылы таңдауға болатын ең үздік 9 ноутбукты ұсынамыз деп хабарлайды Ertenmedia.kz. LG Gram 17 – жеңіл әрі қуатты LG Gram сериясының ноутбуктері нарықта үздік деп бағаланып жүр. 17 дюймдік LG Gram да осы үрдісті жалғастырып, Consumer Reports рейтингінде жоғары балл алды. Салмағы небәрі 1,4 кг шамасында, экраны 2560х1600 пиксельді. Intel Core Ultra 9 процессоры, 32 ГБ жедел жады және 1 ТБ SSD диск өнімділігін арттырған. Батареясы 19 сағатқа дейін шыдайды. Бағасы – 1599 доллар. Apple MacBook Air 15…










