«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Абай облысының жұртшылығымен кездесті деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің Егемендік және Тәуелсіздік сөздерін неліктен бас әріппен жазатынына тоқталып өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы түрлі құжаттармен жұмыс істегенде, өзінің сөйлейтін сөздерінде Егемендік және Тәуелсіздік ұғымдарын әрдайым бас әріппен жазады. Өйткені, Президент қоғамдық санада бұл сөздердің ерекше құндылық ретінде орныққанын қалайды. Ата Заңның жаңа мәтінінде де осы ұстаным сақталды. Неге?! Себебі, бұлар қоғамдық санада қасиетті және қастерлі ұғымдар болып бекітілу үшін. Әсіресе, жастардың санасында. Бұл мағынасы жағынан маңызды әрекет», – деді Ерлан Қарин. 6 жерде қолданылған қастерлі…
Автор: Самат Келдібай
Дубайда демалып жүрген қазақстандық туристер елге қайта алмай, қиын жағдайда қалғанын айтып президент Тоқаевқа үндеу жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отандастарымыз қонақүйлердің оларды бүгін сағат 12:00-ден бастап шығарғалы жатқанын, ал ұшақ рейстерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстанға қалай оралатынын білмей абдырап отыр. «Демалысымыз азапқа айналды. Әуежайда ешбір анық ақпарат жоқ. Туроператорлар жауап беруден бас тартып, жауапкершілікті өздерінен алып тастады. Балаларымызбен бірге далада қалғалы тұрмыз. Құрметті Президент, бізге көмектесіңіздер!», – делінген видео үндеуде. Жиналған туристердің арасында кішкентай балалары бар отбасылар, егде жастағы адамдар мен жүкті әйелдер де жүр. Олар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тез арада мәселені шешіп, азаматтардың елге аман-есен оралуын қамтамасыз етуді талап…
Белгілі экономист Алмас Шөкин Ирандағы жағдай cоғыстың сипатын түбегейлі өзгерткеніне назар аударды деп жазады Ertenmedia.kz Оның айтуынша, АҚШ пен Израильдің Тегерандағы арнайы операциясы соғыстың бұған дейін салты мен ережесін толық бұзған. «Бұрын екі ел жауласқанда билеушілер бір-біріне тікелей тиіспейтін. Тіпті Сталин мен Гитлер де бір-біріне бомба лақтырған жоқ. Қазір ме, қазір соғыстың логикасы толық өзгерді. Уашиңтон аятолла Хаменей мен КСИР басшыларын жойып, режімнің орталық басқару тетігін бір демде істен шығарды. Бұрын бұл мүмкін емес еді. Дәл осы тактика Венесуелада да қолданылды. Мадуроны жай ғана тікұшаққа отырғызып, шетелге алып кетті. Әзір оны ешкім еске алмайды. АҚШ? Ақ үй Қаракаспен қарым-қатынасты қалпына…
АҚШ-та тұратын қазақ кәсіпкері, Республикалық партия мүшесі Тимур Сейтмұратов Ирандағы жағдайға байланысты Ресейдің Таяу Шығыстағы ықпалы күрт төмендеуі мүмкін деп санайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кәсіпкердің пікірінше, Иранның рухани көсемі аятолла Хаменейдің көзін жою және Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) басшылығының талқандалуы Мәскеудің Таяу Шығыстағы соңғы тірегін жойды. Бұған дейін Ресей Венесуэладан, Сириядан айырылып, Оңтүстік Кавказ Түркияның ықпалына өтіп кеткен еді. Енді Иран да Кремльдің қолынан сусып барады. Бұл жағдай Кремльдің Иранға салған миллиардтаған инвестициясының тағдырын да күмәнді етуде. 2024 жылы ғана Мәскеу Иранның экономикасына, әсіресе газ саласына 8 млрд доллар инвестиция салып, осы елдің ең ірі шетелдік инвесторы атанған-тұғын. Сонымен…
Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменей АҚШ пен Израильдің бірлескен әскери шабуылынан қаза тапты. Артынша президент Дональд Трамп Тегеранға өте қатаң ескерту жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Иран бүгін бұрын-соңды болмаған өте ауыр соққы жасаймыз деп отыр. Егер олар бұған барса, біз оларға адамзат тарихында әлі ешкім көрмеген күшпен жауап қайтарамыз», – деп жазды Трамп жексенбі күні Truth Social платформасында. Сенбі күні АҚШ пен Израиль күштері Иранның бірнеше ірі қаласына жойқын соққы беріп, елдің жоғарғы басшысы аятолла Хаменеиді және бірқатар жоғары лауазымды қауіпсіздік шенеуніктерін өлтірген болатын. Израиль тарапы операцияның басты мақсаты Ираннан төнген «экзистенциалды қауіпті» жою екенін мәлімдеді, ал Трамп болса…
Өткен түні Иран төңірегіндегі шиеленіс күрт өршіп, тараптардың өзара соққыларынан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отырыста сөз алған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған ауқымды шабуылдарын, сондай-ақ Иранның қарсы соққыларын қатаң сынады. Оның айтуынша, Тегеранның жауап әрекеттері Бахрейн, Ирак, Иордания, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзып отыр. Бас хатшы жағдайды «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке аса қауіпті қатер» деп атады және тараптарды шұғыл түрде шиеленісті бәсеңдетуге шақырды. Израиль билігінің мәліметінше, Иранның шабуылдарынан 89 адам зардап шеккен. Тель-Авивте тұрғын үйге баллистикалық зымыранның түсуінен бір әйел қаза тауып, кем…
1 наурыз көктемнің алғашқы күні еліміздің көп бөлігінде қыс қаһары қайта қоймайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді. Батыста жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Тек солтүстік және орталық аймақтарда жауын-шашын күтілмейді. Астанада ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Түнде температура −30–32 °C дейін төмендеп, күндіз −12–14 °C суық болады. Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түсіп, жолда көктайғақ болуы ықтимал. Температура түнде −11–13 °C, күндіз −3–5 °C. Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, түнде тұман басады. Түнгі уақытта −2–4 °C суық болса, күндіз ауа +10–12 °C дейін жылынады. Айта кетелік, 1 наурыздан бастап бірнеше маңызды заңнамалық өзгеріс…
1 наурыз Алғыс айту күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтап, ерекше үндеу жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент осы мереке халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл құндылықтарын өзара сыйластық, жанашырлық пен ынтымақты бейнелейтінін атап өтті. Оның айтуынша, алғыс пен ризашылық сезімі қоғамды біріктіретін мызғымас моральдық тірек болып табылады. «Алғыс айта білу қиын сәтте қол ұшын беруге дайын болу, өзгелерге көмектесу. Әлем дүрбелеңге толы кезеңді бастан өткерген бүгінгі күні мұндай қасиет ерекше маңызды», – деді президент өз сөзінде. Мемлекет басшысы өз үндеуінде еліміздің қиын-қыстау замандарда сақталып, бүгінгі күнге жетуіне үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, ұстаздар мен дәрігерлерге, мәдениет…
Ресей сыртқы істері Сергей Лавров Иран сыртқы істері Аббас Аракчимен телефон арқылы тілдесіп, АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған шабуылын қатаң сынады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Иран тарапының бастамасымен өткен сөйлесуде Аракчи АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылы Иранның ядролық келіссөздерінен толық бас тартуына әкеп соққанын жеткізген. Сондай-ақ, ол жағдайды жедел түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынатынын мәлімдеді. Ресей министрі Сергей Лавров АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қарулы агрессиясын халықаралық құқықты ашықтан-ашық бұзу деп атады. Оның айтуынша, шабуылдар аймақтағы ахуалды ушықтырып, жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр. Лавров шабуылдарды дереу тоқтатуға және шиеленісті саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды. Сонымен қатар, Лавров Мәскеудің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде…
АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні тікелей эфирде Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» операциясының басталғанын жариялады деп жазады Ertenmedia.kz. Бірнеше апта бойы жалғасқан қатаң ескертуден кейін Ақ үй әскери қимылға кірісті. Трамп өз үндеуінде Тегеранды «жаппай терроризмге» айыптап, «Иранның зымыран өндірісін толығымен жойып жібереміз» деп мәлімдеді. «Эпикалық қаһар» операциясының басталуына Иранның ядролық келісімге қатысты келіссөздерден бас тартуы түрткі болды. Бұған дейін Трамп Иран басшылығына ядролық бағдарламаны тоқтатуға 10-15 күндік уақыт берген еді. Келісімге қол жетпеген соң АҚШ бірден соғысқа кірісті. Операция АҚШ пен Израильдің бірлескен күштері арқылы жүзеге асырылып отыр. Израиль билігі соңғы айларда Ақ үйді Тегеранға қарсы шешуші соққы беруге…










