18 сәуірде ауа райы еліміздің басым бөлігінде құбылмалы бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дегенмен солтүстік өңірлерде жел күшейіп, күннің ең қауіпті құбылысы Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына түсіп тұр. Қазгидромет мәліметінше, Көкшетауда жел екпіні кей сәтте 25 м/с-қа дейін жетеді. Ал Петропавлда 23-28 м/с болып, күндіз 30 м/с және одан да жоғары күшеюі мүмкін.
Астанада күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы –1…–3 градус шамасында болса, күндіз +12…+14 градусқа дейін көтеріледі. Жел 9-14 м/с деңгейінде сақталып, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін барады.
Алматыда түнде +3…+5 градус, күндіз +13…+15 градус жылы болады. Қалада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде және таңертең жаңбыр өтуі мүмкін, ал күндіз жауын әлсірейді. Жел жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді.
Шымкентте күн жылырақ өтеді. Түнгі температура +5…+7 градус, күндіз +17…+19 градусқа дейін барады. Қалада күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 8–13 м/с болады.
Жалпы көрініске қарағанда, 18 сәуірде елдің батысы, солтүстігі мен орталығында күн жылып, кей өңірде +15…+23 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста +10…+18, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +17…+28 градусқа дейін жылынады. Бірақ солтүстік облыстарда жел факторы басты қауіп күйінде қалып отыр. Сондықтан ашық аумақта жүрген тұрғындарға сақ болған жөн.
Алматылық желі қолданушысы Роза Есенқұлова электромобиль ұстауға кететін нақты шығынды жариялап, оны бензинмен жүретін көлікпен салыстырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







