БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Ташенбаевқа, оның қарамағындағы бас маман Н.Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А.Көпбаевқа үкім шығарды.
- Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиз жобаларын келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін, Көпбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
- Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін Көпбаевтан 500 мың теңге сомасында пара алғаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыссыз жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу жолымен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі
Тәшенбаев пен Ғатау 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Respublica партиясының V кезектен тыс съезі Астанада өтедіҚазақстанда Қазақ ұлттық спорт университеті ресми түрде ашылды«Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталдыОлардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







