Астанада өткен халықаралық жиында Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзиттік тасымалды 100 млн тоннаға жеткізу шаралары талқыланды.
Жаңалықтар
Қазақстан жаңалықтары, саясат, экономика және қоғамдағы маңызды өзгерістер туралы жедел ақпараттарды осы айдардан оқыңыз.
Сарапшы Олжас Байділдинов Дубайда риелторлық қызмет арқылы 6 млн доллар табудың және қымбат жылжымайтын мүлік сатып алудың шынайы мүмкіндіктерін есептеп шықты.
Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казинолар үшін шетелдіктердің банк шоттарын пайдаланып, «дроп-фермалар» құрған трансшекаралық қылмыстық топтардың әрекетін тоқтатты.
«Қазгидромет» 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады: еліміздің бірқатар өңірінде түнде ауа температурасы нөлден төмендейді.
Қытай ғалымдары күн батареяларындағы қымбат күмісті никельмен алмастыру технологиясын жасап шығарды. Бұл әдіс өндіріс шығындарын азайтып, жаһандық деңгейде миллиардтаған доллар үнемдеуге жол ашады.
Венгрия астанасы Будапештте Қазақстан киносы күндері басталды. Шара аясында шетелдік көрерменге еліміздің үш отандық туындысы ұсынылады.
Ғалымдар Калифорния жағалауындағы құмның орын ауыстыруына кішкентай шаянтәрізділердің белсенділігі айтарлықтай әсер ететінін анықтады.
Жасанды интеллект инфрақұрылымы мен дата-орталықтар электр қуатын шектен тыс тұтынып, теңіз порттарын таза энергиядан дизель отынына қайта өтуге мәжбүр етуде.
Астанада оныншы Astana Media Week медиа апталығы басталды. Жиында медиа саласын дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және ақпаратқа деген сенім мәселелері талқыланып жатыр.
Алматыдағы РФММ-де оқушылар арасында тіркелген жаппай улану дерегіне байланысты білім беру уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Ауруханаға 48 бала жатқызылды.










