Теңге АҚШ валютасына шаққанда күрт нығайды. 17 қыркүйекке белгіленген ресми бағам бойынша бір доллар 444,88 теңге тұрады. Көрсеткіш алдыңғы мәннен бірден 3 теңгеге төмен, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауда сессиясында доллардың орташа бағамы 444,88 теңгені құрады. Сауда аяқталар тұста америкалық валюта 444,83 теңгеге дейін арзандады. Теңге 2024 жылғы мамырдан бергі ең мықты деңгейіне жетті.
14 қыркүйекте доллардың ресми бағамы 450,91 теңге болған. Үш күннің ішінде америкалық валюта 6,03 теңгеге арзандады.
17 қыркүйек таңында айырбастау орындарының бағамы қала мен жекелеген пунктке қарай айтарлықтай өзгеше болды:
- Алматыда долларды 445,1–448 теңгеден сатып алып, 445,9–449 теңгеден сатып жатыр;
- Астанада сатып алу бағасы шамамен 443 теңге, сату бағасы 450 теңгеге дейін жетеді;
- Шымкентте долларды 445–445,5 теңгеден қабылдап, 447–447,5 теңгеден саудалауда.
Бағамдар арасындағы айырма әлі де едәуір. Сондықтан ірі көлемде валюта айырбастамас бұрын бірнеше орынның бағасын салыстырған жөн.
Еуроның ресми бағамы 516,58 теңгеден 513,26 теңгеге түсті. Ресей рублі 5,28 теңге, Қытай юані 66,33 теңге болып белгіленді.
Доллардың бірнеше күн қатарынан арзандауы ұлттық валютаның нығаю үрдісі жалғасып отырғанын көрсетеді. Қазіргі ресми бағам шілде айының соңындағы деңгейден шамамен 29 теңгеге төмен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







