Қазақстанда 16 шілде, бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей облыста жел күшейсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +22…+24 градус, күндіз +36…+38 градус ыстық болады.
Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнгі температура +21…+23 градус шамасында болса, күндіз сынап бағанасы +41…+43 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +23…+25 градус, күндіз +32…+34 градус болады.
Ақтөбеде күн ашық әрі құрғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетіп, екпіні 15–18 метрге дейін күшейеді. Түнде +18…+20 градус, күндіз +29…+31 градус күтіледі.
Атырауда аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 9–14 метрге жетеді. Түнде +23…+25 градус, күндіз +33…+35 градус болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +25…+27 градус, күндіз +36…+38 градус ыстық күтіледі.
Қарағандыда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +19…+21 градус, күндіз +26…+28 градус шамасында болады.
Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +21…+23 градус болса, күндіз ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанайда аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +16…+18 градус, күндіз +26…+28 градус болады.
Шілде шарықтау шегінде
Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр шамасында. Түнде +26…+28 градус, күндіз +42…+44 градус аптап ыстық күтіледі.
Павлодарда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +19…+21 градус, күндіз +32…+34 градус болады.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбырлы әрі найзағайлы болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, екпіні 15–20 метр, кей уақытта 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +16…+18 градус, күндіз +26…+28 градус күтіледі.
Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +19…+21 градус, күндіз +36…+38 градус ыстық болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде ауа температурасы +17…+19 градус, күндіз +37…+39 градус болады.
Таразда жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +22…+24 градус, күндіз +39…+41 градус ыстық сақталады.
Түркістанда күн ала бұлтты әрі құрғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Түнде +26…+28 градус, күндіз +42…+44 градус аптап ыстық күтіледі.
Оралда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +16…+18 градус, күндіз +36…+38 градус болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +16…+18 градус, күндіз +34…+36 градус болады.
Синоптиктер солтүстік, орталық және батыс өңірлердің тұрғындарына найзағай мен екпінді жел кезінде сақ болуға кеңес береді. Оңтүстік аймақтарда күндізгі температура +44 градусқа дейін жететіндіктен, күн астында ұзақ жүрмеу және су ішу режимін сақтау маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







