Павлодардағы Құрылтай сайлауының ең тосын қатысушысы қала бойтұмары – қылыштісті жолбарыс ЕРТІС болды. Өңірдің тарихы мен табиғи мұрасын бейнелейтін маскот сайлау учаскесіне келіп, символдық түрде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ЕРТІС сайлау жәшігіне бюллетень салып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысты. Қала бойтұмарының учаскеге келуі дауыс беру барысына ерекше реңк беріп, сайлаушылардың назарын аударды.
Қылыштісті жолбарыс образы Павлодар өңірінің бағзы тарихымен байланысты. Ертіс-Баян даласында ежелгі жануарлардың мекендегенін айғақтайтын палеонтологиялық мұралар кездеседі. Сондықтан ЕРТІС бейнесі қаланың өткені мен бүгінін сабақтастыратын нышан ретінде таңдалған.
Бойтұмардың сайлауға қатысуы заңдық рәсімнен гөрі қоғамдық науқанды қолдауға бағытталған символдық қадам саналады. Осы арқылы ұйымдастырушылар тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, елдің саяси өмірінен шет қалмауға үндеді.
23 тамызда Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңа өкілді орган елдің жаңарған саяси жүйесіндегі негізгі заң шығарушы институтқа айналмақ. Павлодарда жұртпен бірге қаланың қылыштісті жолбарысы да тарихи күннің бір бөлшегіне айналды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







