Президент Тоқаев жұрт алдында құшақтасып, сүйісіп амандасу үрдісін сынға алды. Мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін төл дәстүрге қайта бейімдеу қажет деп санайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, әлгіндей әдет жастармен ғана шектелмей, егде жастағы адамдар мен әскери қызметшілердің арасында да кең тарап барады.
«Жастардың да, егде жастағы адамдардың да жүріс-тұрысын бақылап, төл дәстүрімізді қайта еске түсіретін уақыт келді деген ойға тоқтадым. Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйгені, әйелдердің ер адамдарды, ер адамдардың әйелдерді сүйіп амандасқаны жараспайды. Мұндай әдет бұрын салтымызда болмаған. Тіпті әскери формадағы адамдар мен генералдар да бір-бірін құшақтай бастады. Мұны қалай түсінуге болады?» – деді Тоқаев.
Президенттің сөзінен кейін елдегі амандасу мәдениетіне қатысты жаңа ұстаным қалыптасуы мүмкін. Ақорда қоғамдық мінез-құлыққа заңмен шектеу қоюды емес, амандасу мен араласу әдебін ұлттық дәстүр тұрғысынан қайта қарауды ұсынуда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







