Қазіргі уақытта банктер үш ай бойы әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым алған қазақстандықтар туралы салық органдарына ақпарат беруге міндетті. Сонымен қатар, ақшаның түскен шоты кәсіпкерлік мақсаттарға арналмауға тиіс.
Енді Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп, бұл ережелерге өзгерістер енгізуі мүмкін.
«Қолданыстағы шарттарға шекті сома енгізіледі, яғни мобильді аударымдар 3 ай ішінде 12 АЕК-тен (1 020 000 теңге) асқан жағдайда ғана салық органдарына хабарланады», — делінген хабарламада.
Бұл өзгерістер бойынша 3 ай ішінде қазақстандықтарға 1,02 миллион теңгеден аз аударым түскен болса, банктер салық органдарына ақпарат бермейтін болады. Аударымдардың саны үш ай бойы 100-ден көп болса да, рұқсат етіледі.
Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазіргі уақытта Ұлттық банктің қарауында, яғни бұл шешім әлі бекітілмеген.