Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандашылар иелік еткен жерасты туннель белгілі болды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
“Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстаннан сапасы кепілденбеген дәрілік заттарды заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Қазақстан арқылы Үндістанға, яғни Дели-Ташкент-Алматы рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізіліп, одан кейін туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент аймағына жеткізілгені аталып өтті”, — деп мәлімдеді Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ).
Тоннел ұзындығы — 310 метр. Тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 есірткіні тәркіледі.
Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.