Қазақстанда жаңа пәтерлер төрт жылда 43 пайызға қымбаттаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz ranking.kz сайтына сілтеп.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қарашада елдегі жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 43,2 пайызға, ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 50,2 пайызға өскен
Биыл 11 айда тұрғын үй сатып алу-сату саны 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1 пайызға өсіп, 382,9 мыңға жетті. Ең көбі — Алматыда (74,9 мың), Астанада (67 мың) және Қарағанды облысында (30 мың) жасалған.
Тұрғын үй сатып алу-сату санының ең үлкен өсімі Батыс Қазақстан облысында (+42,3%), Алматыда (+27,8%) және Шымкентте (+24,9%) тіркелген.
«Азаматтар тұрғын үйді тек баспана ретінде ғана емес, инвестиция ретінде де сатып алып жатыр. Кейде бұл екі мақсатты біріктіріп жатады. Тұрғын үй — Қазақстанда дәстүрлі түрде ең танымал әрі сенімді ұзақ мерзімді инвестициялардың бірі», — делінген хабарламада.