Қазақстанның қаржы секторында тағы да бір үлкен өзгеріс болғалы тұр. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та ForteBank екі банкті – RBK Bank пен Евразиялық банкті өз қанатының астына алу мүмкіндігін зерттеп жатқаны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл туралы
арнасы жазды.Дерекке сүйенсек, екі банктің де қаржылық жағдайы мұқият сараптамадан өтуде (due diligence), ал олардың иелеріне алғашқы ұсыныстар жасалған көрінеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Евразиялық банк ұзақ жыл бойы Қазақстанның банк нарығында өз орны бар қаржы институттарының бірі болып келеді. Оның негізін қалаған үштік – Машкевич, Ибрагимов және Шодиев ел экономикасына азды-көпті үлес қосты. Дереккөз қазіргі кезде билік мұрагерлердің қолына өткен соң, бұл банк әлсіздік көрсетіп отырғанын жазды.
мәліметінше, мұрагерлердің арасындағы басқарушылық бірізділіктің болмауы банктің қазіргі нарықтағы беделіне кері әсерін тигізуде, осы осалдықты өз пайдасына шешуді ойлаған ForteBank бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысып жатыр.
«RBK Bank-тің тарихы басқа. Бұрын банк ескі Қазақстанға жақын болған, бірақ қазіргі саяси жағдайлар оны «крышасынан» айырып отыр. Назарбаев әулеті мен олардың жақтастарынан алыстаған сайын, RBK акционерлері қаржы нарығындағы ықпалын жоғалта бастады. Бұл банк те қазір ForteBank үшін әлеуетті нысанаға айналды.
Егер бұл мәмілелер сәтті жүзеге асса, ForteBank Қазақстанның банк жүйесінде жаңа күшке айналады. Halyk Bank пен Kaspi Bank секілді ірі ойыншылардың қатарына қосылып, елдің ең ықпалды үш банкі қатарына кірмек. Мұндай жағдайда, олар Қазақстанның қаржы нарығына елеулі ықпал етіп, экономикалық саясаттың басымдығын белгілей алады», — деп жазды арна.
Дереккөз бұ ірі бірігудің болашағы Ұлттық Банктің шешіміне тікелей байланысты екенін болжады. Қаржылық реттеуші жаңа алып банктың құрылуына рұқсат бере ме, әлде бәсекелестікті сақтау үшін бұл үрдіске қарсы шыға ма – бұл сұрақтың жауабы әлі алдағы уақытта белгілі болмақ.
«Банк саласындағы осындай өзгерістерге қарамастан, клиенттердің таңдауы шектеулі болмақ. Тарихта мұндай жағдайлар талай рет болғандықтан, банктер бірігіп немесе жойылған жағдайда клиенттер тек жаңа шарттарға бейімделуі керек болады. Сондықтан, ForteBank ұсыныстарын қарастырып, өз талаптарын қайта саралап жатуы ғажап емес», — деп жазады
.
Бұл өзгерістердің бәрі Қазақстандағы банк жүйесін өзгертіп, елдің қаржы секторының алдағы бағыттарын айқындайтын маңызды қадам болуы мүмкін.
Айта кетейік, ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, ForteBank — Қазақстанның ең ірі банктерінің бестігіне кіретін қазақстандық жеке банк. 2020 жылдың тамызындағы жағдай бойынша ForteBank активтер бойынша 3—ші орында.
Банк 2015 жылғы 10 ақпанда пайда болды. Банктің бас акционері қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов атанды.