Германия үшін балама партиясының Саксония-Анхальттағы тарихи жеңісі Берлиннің Ресейге қатысты саясатын қайта қарау талабын күшейтті. Партияның тең төрағасы Тино Хрупалла санкцияларды жұмсартып, Мәскеумен қатынасты қалпына келтіруге шақырды, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Хрупалла ARD телеарнасына берген сұхбатында Германияның Ресеймен қайтадан жақсы қарым-қатынас орнатуын қалайтынын айтты. Оның пікірінше, қазіргі санкциялық саясат өзгеруге тиіс. AfD бұл мәселені Бундесрат арқылы көтеріп, федералдық үкіметке қысым жасауды жоспарлап отыр.
Партия жетекшісі Мәскеумен арадағы қатынасты одан әрі шиеленістіруге қарсы шықты. Ол Ресеймен диалогті қайта бастап, санкциялар шиыршығын тоқтату керек деп санайды. Хрупалла Бонндағы Ресей бас консулдығын жабу мен Берлиндегі Ресей үйінің жұмысын тоқтату ешкімге пайда әкелмейтінін мәлімдеді.
«Біз мұнымен шын мәнінде неге қол жеткізіп отырмыз?» – деді AfD тең төрағасы. Германия үкіметі бұған дейін Лейпцигтегі гибридтік шабуылға Ресейді жауапты деп танып, Бонндағы бас консулдықты жабу және Ресей үйімен келісімді тоқтату туралы шешім қабылдаған еді. Ресми Берлин мұны қауіпсіздікке төнген қатерге берілген жауап ретінде түсіндірді Германия үкіметінің мәлімдемесі.
Хрупалланың мәлімдемесі 6 қыркүйекте өткен Саксония-Анхальт ландтагы сайлауынан кейін айтылды. AfD 43,8 пайыз дауыс жинап, Германияның кез келген федералдық жеріндегі өз тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Партия 2021 жылғы көрсеткішін екі есеге жуық арттырып, жергілікті парламенттегі 83 орынның 39-ын иеленді ARD дерегі.
Канцлер Фридрих Мерцтің Христиан-демократиялық одағы 17,2 пайызбен екінші орынға түсті. Социал-демократиялық партия 9,3, «Жасылдар» 8,9, Солшыл партия 8,6, Сара Вагенкнехт одағы 5,3 пайыз дауыс алды. AfD айқын жеңіске жеткенімен, үкіметті жалғыз құруға қажетті абсолютті көпшілікке ие болмады.
Хрупалла барлық партияға келіссөз жүргізу жөнінде ұсыныс жолданатынын айтты. Ол AfD кандидаты Ульрих Зигмунд Саксония-Анхальттың премьер-министрі болып сайланады деп үміттенеді. Алайда Христиан-демократиялық одақ, социал-демократтар, «Жасылдар» мен Солшыл партия AfD-мен ынтымақтасудан бас тартқан, ал шешуші рөл Сара Вагенкнехт одағына өтуі мүмкін.
Қауіпті талып
Аймақтық сайлаудағы жеңіс AfD-ге Ресейге қарсы санкцияларды өз бетінше алып тастау құқығын бермейді. Сыртқы саясат федералдық үкіметтің құзырында қалады, бірақ жер үкіметі Бундесраттан өкілдік алып, федералдық заңнамаға ықпал ете алады. Хрупалла осы тетікті Берлиннің Мәскеуге қатысты бағытына қысым жасау үшін пайдаланбақ Welt материалы.
AfD Германияның Украинаға қару жеткізуін тоқтатуды, Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды және Мәскеумен экономикалық байланысты қалпына келтіруді қолдайды. Партияның сыртқы саяси ұстанымы Украина НАТО мен Еуропалық одақтан тыс қалатын келіссөз жүргізуді көздейді. Мұндай бағыт Германияның қазіргі үкіметі ұстанып отырған Киевті қолдау саясатымен ашық қайшылыққа түседі.
Саксония-Анхальттағы нәтиже AfD-нің аймақтық наразылық күшінен мемлекеттік билікке үміткер партияға айналып келе жатқанын көрсетті. Партия 20 қыркүйекте сайлау өтетін Мекленбург-Алдыңғы Помераниядағы сауалнамаларда да алда келеді. Оның күшеюі Германияның дәстүрлі партияларына қысымды арттырып, елдің Ресей және Украинаға қатысты саясаты төңірегіндегі тартысты тереңдете түспек.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







