Құрылтай сайлауында дауыс беруге келген Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов әлемжеліде өзін «ұсталды» деп тараған ақпаратқа жауап қатты. Ол әлгі жазбаларды қоғамды адастыруға бағытталған арандатушылық деп бағалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналистер экс-спикерден алдағы жеке жоспары туралы да сұрады. Қошанов сайлау күні өзінің саяси болашағын талқылауды жөн көрмейтінін аңғартты.
«Бүгін бе, бүгін тарихи күн. Елдің ертеңін айқындап жатырмыз. Сондықтан дәл қазір менің жеке басымның болашағы емес, елдің болашағы туралы сөйлесейік», – деді ол.
Қошанов әлемжеліде тараған «экс-спикер ұсталды» деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Оның жалған ақпарат екені анық қой. Мұндай жазбаны кейбір деструктивті ресурстар жариялады. Мұндағы мақсат ел арасына іріткі салу, қоғамды адастыру. Сондықтан азаматтар жалған дереккөзге сенбей, ресми ақпаратқа сүйенуі керек», – деді ол.
Айта кетелік, әзірге экс-спикердің қайда жайғасары белгісіз. Бұған дейін Қошанов «Аманатты» ребрендинг жасауға атсалысып, Айбек Дәдебайға табыстаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







