Семейде бас шыршаны безендіру кезінде оқыс жағдайға тап болып, құлап кеткен мұғалімнің қазіргі жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Сәрсенбаеваның сөзінше, науқас есін жиған. Ол дәрігерлер мен туыстары қойған барлық сұраққа жауап беріп жатыр.
«Науқастың жағдайы жақсарып келеді. Қайтадан қалыпқа келуі ағзасына байланысты. Біраз уақытты қажет етеді. Жағдайын әрі қарай бақылауда ұстаймыз», — деді Сәрсенбаева.
Айта кетейік, бұл оқиға осыдан бірнеше күн бұрын болды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және осы іс барысында мұғалімнің жарақат алуы — заңбұзушылықтың айқын көрінісі», — деді.
Кейінірек қызметтік тексеріс жүргізіліп, кінәлілерге шаралар қолданылды.