Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
- Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
- Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
- Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.